Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың зәкірін шунттау тәсілі арқылы бұрыштық жылдамдығын реттеу
(3.46)
(3.47)
(3.48)
Сәйкестендіруші түрлендіруді өткізгеннен кейін табамыз:
(3.49)
деп алайық.
(3.49) теңдеудің сол және оң жағын С=КФ-ке бөлеміз және А мәнін қойғаннан кейін электрмеханикалық сипаттаманың теңдеуін табамыз:
(3.50)
3.33-сурет. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының зәкір орамасын шунттау сұлбасы
Қозғалтқыштың механикалық сипаттамасының теңдеуі
(3.51)
Егер де болса, онда ортақ нүктесі А бар топтас сипаттамалары 3.11 —суретте көрсетілген.
3.34-сурет. Шунттық резистор Rш тұрақты, ал тізбектегі резисторды Rк өзгертіп тұрған кездегі топтас механикалык сипаттамалары
Сипаттамалардың қиылысқан нүктесі А тізбекті резистор арқылы ток өтпейтін жағдайға сәйкес. Бұл зәкірдің бұрыштық жылдамдығы идеал бос жүрістің бұрыштық жылдамдығынан үлкен болған кезде, яғни а > 0 , мүмкін болады.
Ал бұл жағдай зәкірдің ЭҚК-і желінің кернеуін және зәкір тізбегінің ішкі кернеу құлауын толық теңгергенде болады, яғни
(3.52)
Бұл жағдайда қозғалтқыш динамикалық тежелу режимінде сыртқы резистор Rш-қа жұмыс істейді. Якорьдің кернеуі нөлге тең болғандыктан, Iя якорь тоғы
(3.53)
(3.13) тендеуді (3.12) тендеуге қойып және Е мен U-ды оларға пропорционал o және А мәндеріне ауыстырылып А нүктедегі бұрыштық жылдамдықты табамыз.
(3.54)
Егер де Rк = 0 болса, онда зәкір кернеуі Rш тәуелді емес және зәкір тоғы өзгерген кезде тұрақты болып қалады, сол себептен Rк = 0 кезі табиғи сипаттамаға сәйкес.
Егер де Rк = болса, онда қозғалтқыш желіден қоректенбейді де сыртқы резистор Rш -қа динамикалық тежеу режимінде жұмыс істейді, ал сипаттама координата басынан өтеді. Rк — ның басқа мәні кезінде сипаттамалар осы екі сипаттаманың арасында жатады.
Егер де Rк = cоnst, ал Rш = var болса, онда топтас сипаттамалар 3.35-суретте көрсетілген.
3.35-сурет. Тізбекті резистор Rк тұрақты, ал шунттық резистор Rш өзгеріп тұрған кездегі топтас механикалық сипттамалар
Бұл топтас сипаттамалар шунттық резистордың кедергісі зәкір тоғына әсер етпейтін ортақ нүктесі В бар. Бұл жағдай тек белгілі теріс бұрыштық жылдамдығы кезінде орындауға болады, яғни
(3.55)
Бұл жағдай кезінде Rш кедергісі қандай да болсын ток өткізбейді, себебі зәкірдің щеткаларының арасындағы потенциалдар айырмасы нөлге тең.
Қозғалтқыш тұтынатын тоғы
(3.56)
В нүктедегі бұрыштық жылдамдықгы (3.52) теңдеуге Ія токтың мәнін қойып және Е-мен U-дың мәндерін в және 0 мәндерімен алмастырып табуға болады, яғни
(3.57)
Rк тұрақты, ал Rш өзгеріп тұрған кезде шеткі жағдайларда 3.12-суретте қалың сызықпен көрсетілген екі сипаттаманы табамыз.
Егер де Rш = 0 болса, онда қозғалтқыш динамикалық тежеу режимінде жұмыс істейді, ал сипаттама табиғи сипаттамаға параллел болады.
Егер де Rш = болса, онда шунттық резистор ажыратылғандай болады, ал қозғалтқыш резистор Rқ бар реостаттық сипаттамада жұмыс істейді. Rш -ның аралык мәндері кезінде қалған сипаттамалар көрсетілген екі сипаттаманың арасында жатады.
9.5 Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының бұрыштық жылдамдығын реттеу
а) Зәкір орамасын шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу
3.37-сурет. Зәкір орамасын шунттау арқылы қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын реттеу
3.37-суретте келтірілген сұлба бойынша бұрыштық жылдамдықты зәкірдің кернеуін азайту, магнит ағынын өзгерту және реостатты реттеу арқылы жүзеге асырылады.
Егер де резистор Rш кедергісін өзгертіп тұратын болсақ, ондағы ток Ія тұрақты десек, онда әр түрлі Іқ=Ія+Іш қоздыру тоғы туады.
3.38 а,б-суретте қозғалтқыш осы сұлба бойынша қосылған кездегі механикалық сипаттамалар көрсетілген.
Rш = ∞ кезде якорь тізбегінің Rқ кедергісі бар резисторды қосқандағы сипаттама болады.
Егер де Rш = 0 болса, онда зәкір кернеуі нөльге тең болады, сол себептен сипаттама координата басынан өтетін түзу сызық Rк =∞ болса, қозғалтқыш желіден ажыратылған болады да, ол моментті құрмайды.
Егер де Rк = 0 болса,онда Rш мен Rя тізбектері параллел қосылған кездегі сипаттама болады.
3.38-сурет. Зәкір орамасын шунттаған кездегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының сипаттамалары
3.37-суреттегі сұлба бойынша реттеу шектері (2.5-3):1 болады.
Қоздыру ораманы шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу сұлбасы 3.39 суреттге көрсетілген.
3.39 сурет-Қоздыру ораманы шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу сұлбасы
Бұл сұлба бойынша бұрыштық жылдамдық қозғалтқыштың магнит ағынын өзгерту арқылы орындалады, себебі якорь тоғы Ія тұрақты кезде резистор Rш арқылы қоздыру токты Іқ = Iя-Iш өзгертуге болады. Магнит ағынының азаю себебінен негізгі жылдамдықтан реттеу жоғары жасалады.
Жүктеме тұрақты кезде қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдықты реттеу шектері 2:1.
3.40- сурет.Қоздыру ораманы шунттау арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеу кезіндегі механикалық сипаттамалар