Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының тежелу режимдеріндегі механикалық сипаттамалары

Тізбектей қоздырылатын ЭҚ тежеудің екі режимі болады: динамикалық тежеу және қарсы қосу арқылы тежеу. Динамикалық тежеудің сипаттамасы, қозғалтқыштық режим сипаттамаларының жалғасы ретінде теріс бұрыштық жылдамдық аймағындағы өтетін жалғасы болады. Бұл 3.22-суретте І және ІV квадранттарда өтетін сипаттамалармен көрсетілген.

Егер де жүкті қозғалту моменті электр қозғалтқыштың қысқа тұйықгалу Мқ.т. моментінен үлкен болса ғана қарсы қосу арқылы тежеу мүмкін болады.

Зәкірге келтірілген кернеуді қарама-қарсы өзгерту арқылы қарсы қосу режимін құруға болады. Бұл жағдайда зәкір тоғын өзгеріп, қоздыру токтың бағыты өзгермеуі керек. Кернеу қарама-қарсы өзгерту кезіндегі механикалық сипаттамалар 3.22-суретте келтірілген.

3.22 сурет- Әр түрлі режимдегі тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары

3.23 сурет. Қарсы қосу арқылы тежеу режиміндегі тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары

Динамикалық тежеу екі әдіспен жүргізіледі: өзін-өзі қоздыру және тәуелсіз қоздыру. Өзін-өзі қоздырып тежеу кезінде (3.24 сурет) қозғалтқыштың зәкірі және қоздыру орамасы желіден ажыратылып кедергіге (резисторға) жалғанады.

3.24 сурет. Өздігінен қоздырылатын динамикалық тежеу кезіндегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың қосылу сұлбасы

Осындай жағдайлар үшін машинаның механикалық сипаттамалары 3.10.- суреттегі II квадрантта келтірілген. Бұл тежеу әдісі кезінде бастапқыда өте үлкен өзін-өзі қоздыру болады, ол кедергі моментінің ырғақтауына апарады. Сол себептен механизмде қажетсіз соққылар туады. Осы себептен 3.25 суретте көрсетілген сұлба бойынша ЭҚ-тың тәуелсіз қоздырылатын динамикалық тежеу қолданылады.

3.25сурет. Тәуелсіз қоздырылатын динамикалық тежеу кезіндегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың қосылу сұлбасы

ЭҚ тәуелсіз қоздырылатын генератор ретінде жұмыс істегендіктен оның сипаттамасы тәуелсіз қоздырылатын ЭҚ динамикалық тежеу сипаттамасы сияқты болады . Бұл сипаттамалар сызықты болады және бәрі де координат басында қиылысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *