Саяси технологиялар ұғымы, типтері
2. Сайлау кампаниясында қолданылатын технологиялар
Мақсаты: саяси технологиялар ұғым, оның типтерін талдау. Саяси технологиялардың қоғамдық-саяси өмірді танып-білудегі маңызын ашу, РR-технологиясын зерттеу.
Технология – гректің- «шеберлік, білу», деген сөзінен шыққан. Бүгінгі таңда әлеуметтік-саяси технологиялар кең мағынада қолданылады. Саяси әлеуметтік мәселелерді шешуде саяси технологиялардың ішінде жетекші рөлде келе жатқан ақпараттық технологиялар болып табылады. Саясатта әлеуметтануда технологияларды әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырады және әлеуметтік процестер нәтижесі ретінде зертеледі. Технологиялар — дәстүрлі, қазіргі кездегі болып бөлінеді. Жаңа технологияларды қолданысқа енгізу, ғылыми-практикалық процесс стержені болып отыр. Қоғамдық-техникалық салалардың барлығына иновациялық өзгерістердің енуі – саяси технологиялардың дамуының басты кепілі.
Қазіргі кезеңде қоғам болашағы биотехнология, техникалық жүйе құру, творчествалық оқып-үйрену. Жаңа технологияларды қоғамға енгізу әлеуметтік — саяси өмірдің бар саласында азамзат үшін жаңа қарым-қатынасты орнатады. Қоғамда гуманистік тұрғыдан қарау, саяси өмірде әлеуметтік әділеттіліктің болуы еркін творчествалық қызметтің орнығуына себепкер болады.
Саяси технологиялар – сайлауды ұйымдастыру мен сайлау компанияларын құрудың жаңа әдіс-тәсілдері. Саяси мақсатқа қол жеткізу үшін сайлауға үміткер мен оның қолдау тобының әртүрлі бағыттағы жүргізген іс-қимылдары мен әрекеттері. Саяси технологиялардың нәтижелілігі тікелей ұйымдастырушылар мен саяси әрекетті жүзеге асырушылардың сауаттылығы мен шеберлілігіне байланысты. Сайлау компаниясын жасақтау мен қалыптастыруда тек ұйымдастырушылық қабілет қана емес, мұнда творчестволық ізденіс керек. Адамдар қарым-қатынас мектебін, тікелей практикалық жағынан ғана емес, теориялық жағынан да анық танып білуді талап етеді.
Сайлауда жетістікке жетуге бағытталған сайлау компанияларын ұйымдастырудың әдістері (методтары).
Партияның немесе кандидаттың саяси имиджін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар сайлау технологияларында үміткермен бірге оны қолдау тобының барлық сайлаудағы мүмкіндіктері ескеріледі, кәсібилігі, тәжірибесі, біліктілігі, жеңіске жетуге деген ұмтылысы, үміткердің күш-жігері, интелекттілігі т.б. қасиеттері де кіреді. Сайлау технологияларын ұйымдастырушыларды әлеуметтік немесе саяси технологтар «имиджмейкерлер», саяси кеңесшілер, электоральдық менеджерлер деп те аталады. Саяси технологияларды жүзеге асыратын басты тұлғаның бірі – имиджмейкер.
Имиджмейкер – сайлау компаниясын ұйымдастырып, қалыптастыратын адам. Сайлауға үміткерге психилогиялық- моральдық қолдау көрсетеді. Сайлау технологияларына қатысты басты элементтер : сайлау жарнамасы, саяси процестер, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу тікелей имиджмейкер міндеті болып табылады.
Электоральдық менеджер бұл да сайлау технологияларын ұйымдастыратын негізгі тұлғалардың бірі. Сайлауға дайындықтың барлық түрімен айналысатын басты ұйымдастырушы және жетекші тұлға. Сайлауға түсетін партияның немесе үміткердің саяси бет-бейнесін қалыптастыруда үлкен жұмыс жүргізеді. Басқару, ұйымдастыру, жүргізу, халықпен кездесу, саяси-әлеуметтік бағдарламасын жасау т.б. сайлау жұмыстарымен тікелей өзі айналысады.
Саяси кеңесші — тікелей саяси ахуалды бағалаумен оның болашағына болжам жасауға ұмтылуы тиіс. Саяси технологияны жетілдіру және сайлау компаниясын құру мен қалыптастыру мәселесімен шұғылданады. Сайлауды өткізудің стратегиясы мен техникасын дайындайды. Сайлаудың заңдық негіздерін жасақтайды, саяси іс-қимылдардың барлығында заңдық негізде болуын үнемі қадағалап отырады.
Сайлау компаниясы – заңдық негізде жасақталған, кандидаттың немесе оны қолдау тобының жүргізетін іс-шаралары сайлауда жеңіске жетуді мақсат еткен және оған қол жеткізуге барынша ынталы адамдардың іс-қимылы. Сайлау процесінде электораттың көпшілік басым дауысқа ие болуының барлық жақтарын қарастырып, оның стратегиясы мен тактикасын жасайды. Сайлауға үміткер (кандидат) және оның қолдаушы тобы сайлау компаниясын құрады және оның ұйымдастырудың жобасын жасайды, сайлау штабын жасақтайды. Ұйымдастыру-дайындық жұмыстары, үгіт-насихат, саяси жарнама арқылы сайлау компаниясының жасақталғандығын хабарлайды. Саяси науқан кезінде сайлау компаниясы құрылу масштабымен, ұйымдастырылу деңгейімен ерекшелінеді. Қайсы елде болмасын сайлау компаниялары сол елдің Конституциясы негізінде құрылады. Біздің елімізде Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Заңына сәйкес сайлау компаниясы құрылады. Сайлау компаниясы кез-келген сайлаудың өткізіліп, сайлау қорытындысы заңды түрдежарияланылғанға дейін жұмыс істейді. Сайлау компаниялары сайлау қорытындысына сараптау, талдау арқылы, өздерінің жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктерін анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Саяси технология дегеніміз не?
2. Саяси технологияның типтері қандай?
3. Саяси рынокты зерттеу жоспарын жасаңыз
4. Саясаттағы имиджінді қалай анықтайды?
5. Паблик рилейшнздың мәні не?
6. Саяси жарнама дегеніміз не?