Саяси болжам

Саяси болжамдау ұғымы, мәні мен ерекшеліктері

2. Саяси болжамның әдістері мен құралдары

Мақсаты: «Саяси болжамның деңгейі жоғары болса, жоспарлау мен басқару тиімді және нәтижелі» болады деген пікірдің мәнін ашу.

Саяси болжам – саяси талдаудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Саяси болжам – саясаттың бағытының, даму тенденцияларының негізі және оны жүзеге асыру құралы. Болжамдауды дамытумен бүгінде академиялық ғылымдармен қатар, ірі статистикалық зерттеу орталықтары айналысады.

Болжамдау модельдерді қалыптастырады және соның негізінде саяси бағыт нақтыланады, мемлекеттің экономикалық даму күштері анықталады.

Болжам термині құбылыстың болашақтағы мүмкіндіктері, даму перспективалары туралы ғылыми негізделген ықтимал пайымдаулар.

Болжамдау – болашақтың тетіктерін көріпкелдікпен пайымдау емес. Қолданбалы саясаттануда нәтижелі болжам тек қысқа мерзімді дамуды айқындауда жүзеге асуы мүмкін. Ұзақ мерзімді болжамдардың сенімділігі шамалы болады, себебі саяси процестер ұзақ уақыт аралығында көптеген факторлардың әсерінен өзгеріске ұшырап отырады.

Болжамдық және көріпкелдік сөздерін кейбір батыс зерттеушілері балама ұғым ретінде қарастырады. Бірақ, көріпкелдік болашақ туралы ақпаратты алудың кез келген әдістерін пайдаланса, болжамдау тек қана ғылыми негізде жүзеге асады.

Саяси болжамдауды саяси жүйенің және оның жекелеген элементтерінің болашақтағы мүмкін жағдайларын, олардың жетістікке жету жолдары мен мерзімі туралы ғылыми негізделген пайымдаулар ретінде анықтауға болады.

Дағдарыс кезінде саяси болжамдау негізгі мәселе болып табылады, себебі модельдерді, шынайы үлгілерді қалыптастырады және соның негізінде саяси бағыт ретке келтіріліп, мемлекеттің экономикалық даму күштері анықталады.

Болжамдауды жіктеу. Жіктеу мақсатына, міндетіне, объектісіне, проблемасына байланысты әртүрлі өд\лшемдер бойынша қалыптасуы мүмкін.

Оның негізгісі мәселенің мақсатына қарай жүргізілетін: іздестіру және нормативтік болжамдар.

 Іздестіру – зерттеу объектісінің мүмкін болатын жағдайларын анықтайды. Қалыптасқан тенденцияларды сақтап дамығанда қандай өзгерістер болады деген сұраққа жауап іздейді.

 Нормативтік – құбылыстың мақсат ретінде қабылданған мүмкін жағдайына жету жолдарын және мерзімін анықтайды. Алдын-ала жасалған нормалар, идеалдар, мақсаттар негізінде күтілетін жағдайға қол жеткізуді болжамдау болып табылады.

Болжам жасалатын уақыт аралығы бойынша:

 Жедел болжамдар –болжау аралығында қандай да бір күрделі өзгерістер күтілмейтін болашаққа арналады, олар тек оқиғаға баға берумен шектеледі;

 Қысқамерзімді — тек сандық өзгерістер болады, яғни жалпы сандық баға беріледі;

 Ұзақ мерзімді – сандық өзгерістер мен қатар, сапалық өзгерістерді болжамдауға арналады;

 Өте ұзақ мерзімді – аса маңызды сапалық өзгерістер күтілетін болашақты қамтиды, яғни объектінің дамуының ортақ перспективаларын айқындайды.

Мерзімдік масштабына қарай:

 Жедел – бір айға дейінгі;

 Қысқа мерзімді – бір жылға дейінгі;

 Орта мерзімді – бірнеше жыл, әдетті жылға дейінгі;

 Ұзақ мерзімді – бес жылдан жоғары және шамамен 15-20 жыл аралығына дейінгі;

 өте ұзақ мерзімді – 20 жылдан жоғары уақытты қамтиды.

Саясатта төңкеріс, әскери қайта құру, конституциялық реформалар нәтижесінде айтарлықтай сапалы өзгерістер тез болуы да мүмкін. Саяси процестердің жоғары қарқынмен жүру кезінде болжамдарды сапалық емес, уақыттық өлгшеміне қарай жүргізу тиімді. Сондықтан саясаттануда жедел және қысқа мерзімді болжжамдар жиі пайдаланылады. Сонымен қатар, әдетте қысқа мерзімді болжамдарға оларды жүзеге асыру нәтижесіне қарай түзетулер енгізіледі.

Саяси болжамдау әдістері:

 сараптық баға – саяси процестің даму тенденцияларын анықтау;

 аналогия – процесті тарихи аналогпен, сонымен бірге біруақыттық процестермен қатар қою;

 модельдеу – сценарилер жасап, саяси оқиғалардың логикалық ұштастығын бейнелеу;

 экстраполяция – процестің даму тенденциясын болашақта шартты түрде жалғастыру.

Саяси болжамдаудың принциптері: альтернативтілік, үздіксіздік, кешенділік, жүйелілік, нақтылық.

Саяси болжам кезеңдері:

1. Болжау объектісін, мақсатын, әдістерін анықтау.

2. Объектке ықпал ететін мәліметтер жинау.

3. Іздестіру модельдерін жасау.

4. Оқиғаны дамытудың бірнеше мүмкін нұсқаларын құрастыру.

5. Саяси шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар жасау.

САЯСИ ОЙДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН СИПАТТЫ БЕЛГІЛЕРІ

НЕГІЗГІ ӨКІЛДЕРІ

ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС САЯСИ ІЛІМДЕРІ (ЕГИПЕТ, ИРАН, ҚЫТАЙ, ВАВИЛОН, АССИРИЯ)

САЯСИ ОЙ БІЛІМНІҢ ЖЕКЕ САЛАСЫ РЕТІНДЕ БӨЛІНГЕН ЖОҚ, МИФОЛОГИЯЛЫҚ ФОРМАДА КӨРІНІС ТАПТЫ, БИЛІКТІҢ ҚҰДАЙ АРҚЫЛЫ ПАЙДА БОЛУ ТҮСІНІГІ БАСЫМ БОЛУЫ

ХАМММУРАПИ, ЗАРАТУШТРА, КОНФУЦИЙ, МО-ЦЗЫ,

ШАН ЯН, ШЭНЬ БУ-ХАЙ

ЕЖЕЛГІ ГРЕЦИЯ ЖӘНЕ ЕЖЕЛГІ РИМ САЯСИ ІЛІМДЕРІ

• САЯСИ КӨЗҚАРАСТАР МИФОЛОГИЯЛЫҚ ФОРМАДАН БІРТІНДЕП АЖЫРАУЫ – ОЛАРДЫҢ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖЕКЕ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ

• МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІН ТАЛДАУ, БАСҚАРУДЫҢ ЕҢ ЖАҚСЫ, ИДЕАЛДЫ ФОРМАЛАРЫН АНЫҚТАУ

ГОМЕР, СОЛОМОН, ПИФАГОР, ГЕРАКЛИТ, ДЕМОКРИТ, СОКРАТ, ПЛАТОН, АРИСТОТЕЛЬ, ЛУКРЕЦИЙ, ЦИЦЕРОН

ОРТАҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР

• ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ ОЙЛАРДЫҢ НЕГІЗІНЕН ДІНИ ҚАЙРАТКЕРЛЕРДІҢ КҮШІМЕН ДАМУЫ

• САЯСИ БИЛІКТІҢ ТЕОЛОГИЯЛЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕЛУІ

• САЯСАТТАҒЫ ДІН МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ

МАРК АВГУСТИН,

ФОМА АКВИНСКИЙ

ҚАЙТА ӨРЛЕУ ЖӘНЕ АҒАРТУШЫЛЫҚ ДӘУІРЛЕРІНДЕГІ САЯСИ ІЛІМДЕР

• САЯСИ ТЕОРИЯДАҒЫ ГУМАНИСТІК БАСТАУЛАРДЫҢ ДАМУЫ- НЫҢ ТЕОЛОГИЯДАН АРЫЛУЫ

• АДАМ ҚҰҚЫҒЫ МЕН БОСТАНДЫҒЫ, ЗАҢ МЕН МЕМЛЕКЕТ, ҚОҒАМ ӨМІРІНІҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ТАЛДАУ

Н.МАКИАВЕЛЛИ, М.ЛЮТЕР, Т.МОР, Т.КАМПАНЕЛЛА, Ж.БОДЕН, Т.ГОББС, Г.ГРОЦИЙ

ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР

• ЛИБЕРАЛДЫ САЯСИ ИДЕОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

• БИЛІК БӨЛІНІСІ ҚАЖЕТТІЛІГІНІҢ НЕГІЗДЕЛУІ

• ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТКЕ СИПАТТАМА

• БУРЖУАЗИЯЛЫҚ ДЕМОКРАТИЯНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТАЛДАУ

• АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ҚҰҚЫҒЫ ТҰЖЫРЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Ш. МОНТЕСКЬЕ, Ж.Ж.РУССО, Б.КОНСТАН, О,КОНТ,А.РАДИЩЕЫ, Н.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *