Мысал жанрын оқыту

Мысал — аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашықайқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардьщ өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек). Мұғалім ол үшін оқушыларға мынадай үлестірме-көмек нұсқау таратып, өз беттерімен оқу, түсіну, талдау жасауға жетелейді. Мысалы, 5-сыныптағы И.Крыловтың «Есек пен бүлбүл» мысалын алайық (Абай аудармасы).

— Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай

хайуан, бұлбұл қандай құс?

(Өздеріңе арнап көгілдір экраннан беріліп жүрген әр түрлі хабарларды, өздерің оқыған ертегілерді еске түсіріңдер).

— Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл

қой.

— Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті

сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көңіліңе тоқы.

— Есектің бұлбұл еніне берген бағасы, сыны айтылатын

шумақты тауып, назар аудар.

— «Өтештен үйрену керек» деген ақылға қосыласың ба?

Қосылмасаң, себебін дәлелдеуге тырыс.

— Ең соңғы шумактың мазмұнына ой жүгірт:

а) Қалай ойлайсың, неге ақын «Мұндай сыншыдан құдайым бізді сақтасын» деп, қорытындылайды.

ә) Өзің осы қорытындыға келісесің бе? б) Қорытындыға автордың көңіл күйі туралы не айтар едің?

— Осы мысалда есек, бұлбұл, әтештер арқылы ақын не

айтпақшы болған деп ойлайсың?

— Өзің сабақта осылардың қайсысының сөзін мәнерлеп

оқып едің?

Мысалдарды талдаудың ең тиімді әдісі — рөлге бөліп оқу, инсценировка-көрініс жасау. Көрнекіліктің де маңызы зор. Сурет бойынша немесе басқалай ойластырып, қарапайым ғана қатты қағаздан макеттер жасап (оған бұлбұл, есек, әтеш мүсіні), мысал оқу барысында оқиға көз алдында етіп жатқандай көрініс берілсе, оқушылардың ынтасы, қызығушылығы артар еді.

Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мысал жанры туралы тағы да қайталап, өздері үйден танысып келген «Есек пен бұлбұлды» жазған орыс жазушысы И.Крылов, оны аударған Абай аталары туралы шағын әңгіме, дерек береді. Мысал алдын ала оқуға тапсырылғаны себепті, мынадай сұрақтармен оқушыларды шкірлесу, әңгімелесуге шақыруға болады.

— Балалар, «мысал» деген не, кім айтып береді?

— Өздерің оқыған мысалдың мазмұнын, болған оқиғасын

қайсың әңгімелер едің?

— Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын

нені, кімдерді сөз етпек болған. Мысал жанрына тән «Есек

пен бұлбұлда» қандай астарлы ой бар деп ойлайсың?

— Өзің кімді құптайсың, ақын кімді құптайды деп

ойлайсың? Ойымды мысалдан үзінді ала отырып, дәлелдеуге

тырыс.

Осы мазмұнда әңгімелесу оқушылардың мысалды қай дәрежеде оқып, меңгергенін білдіреді, әрі өз пікірлерін айта білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау, сөйлей білу, тілін дамытуға игі ықпалын тигізеді. Алдын ала осындай шағын пікірлесу арқылы балалардың қаншалықты өз беттерімен оқып, меңгергенін білгеннен кейін, мысалды мұғалім мөнерлеп оқып (мұғалім оқып тұрғанда, макеттерден көрініс берілсе), оқушыларды рөлге бөлгізіп оқытып, мәтінмен жұмыс істету керек. Түсініксіз сөздерге түсіндірме жасау да аса қажетті мәселелердің бірі. Мәтінмен жұмыстан соң мұғалім өзі сұрақ койып, әрі жауап бере отырып, әрі окушылар пікірін толықтырып, мысалға талдау жасайды.

— Балалар, «Есек пен бұлбұл» мысалы арқылы ақын

нендей мәселелер көтерген? Мысалдың негізінде қандай

астарлы ой айтылған? Ең алдымен кімдерді тыңдағың келеді?

— Неге осы мысалда бас кейіпкерлер етіп есек, бұлбұл,

әтеш алынған?

— Олар арқылы қандай адамдар, нелер айтылмақ болған?

— Мысалдағы негізгі ойды беру үшін, ақын қандай әдіс-

тәсіл пайдаланған?

— «Есек пен бұлбұлда» мысал жанрына тән әжуә,

мысқыл, ащы сын, сатира, келемеж бар ма?

Сабақты қызықты етіп өту үшін, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен мысалды инсценировкалап, талдау алдында көрініс беріп, әншілердің айтуындағы «Бұлбұл әнін» де пайдаланса, артық емес. Мұндай сабақтарды әдеби-композициялық сабақтар деп атайды.

Жалпы, қай әдеби жанрда жазылған шығармаларды талдамасын, мұғалім сабақ еткелі отырған тақырып ерекшелігі, сынып ерекшелігіне назар аударып, сонан соң барып, пайдаланылатын көрнекілік, т.б. оқу жабдықтарын, әдіс-тәсілдерді, сабақ түрлерін үйлестіре, тиімді дегендерін сұрыптап ала білу керек. «Есек пен бұлбұл» сияқты барлық мысалдар көлемі жағынан тұжырымды, қысқа, айтар ойы жағынан қомақты, салмақты болып келеді, әрі жоғарыда айтқанымыздай, айтылмақ ой жасырын жатады. Оқуға жеңіл, әрі қысқа осындай мысалдар тез оқылады, ал, түп негізіндегі салмақты мәселелерді тез аңғару оңай емес. Мысалдың осы бір ерекшелігін ескере отырып, мүғалім оны сыныпта оқып, балаларға оқытып, практикалық тапсырмалар да беруге болады. «Есек пен бұлбұлды» мынадай бөлімдерге белуге болады:

I бөлім. «Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы» (Есектің

бұлбүлға кездесуі).

II бөлім. «…бір сайрап берсең…« (есектің өтініші).

III бөлім. «Өнерге салды бүлбүл…« (Бүлбүл әні).

IV бөлім. «… сен біраз өтеш әнін үйрен…« (есектің ақылы).

V белім. Авторлық корытынды: «… Қүдайым бізді

сақтасын…».

Осындай жүмыстарды алғашкы сабақтарда балалармен бірге орындап, оларға басшылық жасап, келесі мысалдарды оқушылардың тек өздігінен, жеке дара, мүғалім көмегінсіз талдауына үсынуға болады. Акын стилі, көркемдік төсілін талдауға да мысалдарды окытуда ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін әр бөлімдегі (жоғарыда көрсетілген) акын тәсіліне назар аударған жөн.

Мысалы:

I бөлімде — авторлык баяндау, суреттеу;

II бөлімде — диалог, сұрақ;

III бөлімде — баяндау, суреттеу;

IV бөлімде — диалог, ақыл;

V бөлімде — авторлык қорытынды, шешім, ақыл-на-

қылдардың орын алатынын дәлелдеу дұрыс болып саналады.

Үйге тапсырма балалардың сабақты қалай меңгергеніне байланысты беріледі. Жалпы қабілеттеріне әсер ету, білім дағдыларын жетілдіру мақсатында рөлге бөліп, жатқа мәнерлеп оку, көрініс көрсету сиякты шығармашылық сипаттағы тапсырмалар беру аса тиімді болып келеді.

Өдебиет сабағы ақыл-өнегеге, ғибратқа, даналыққа, имандылыққа, адамгершілік үлгілерге толы болу керек десек, мысал туындыларынан осының бәрін кездестіруге болады. Сондьщтан осы «Есек пен бұлбүл» арқылы әділдікті, өнерді, кішіпейілділікті үлгі ете отырып, әділетсіздік, түрпайылық, топастықтан жирендіру жүмыстарын жүргізу керек.

Мысал жанрын оқытуда да оқушылардың таным белсенділігін арттыратын, әсіресе, өдеби тартысқа жетелейтін, іздендіру, зерттеу жүмыстарьша баулитын әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімді болмак. 5-сынып бағдарламасы бойынша Асқар Тоқмағамбетовтың «Бидай мен қаңбақ» мысалын оқытуда осы өдіс-тәсілдерді ңалай пайдалануға болады, соған тоқталайық. Екі мысалды салыстыру арқылы пікірлесу, айтыс нышаны бар өңгімелесуге жұмылдыру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

— Балалар, қай мысалда диалог көп пайдаланылған?

— Диалогтің аткарып түрған маңызы туралы не айтар едің?

— Екі мысалдың соңындағы авторлык корытындыға назар

аударыңдар. Қай мысалда автордың өз пікірі айқын берілген?

Қайсысында ол окырман назарына сілтенген?

— Осы екі мысалдағы өзіңе ұнагандар кімдер? Ойыңды мәтіннен

үзінді ала отырып, дөлелдө. Олардың жақсы касиеттерін салыстыр.

— Өзіңе үнағандар туралы да пікір айт. Үнамсыз касиеттерін

салыстыр.

Е с к е р т у. Әрине, мұндай жұмыстарда мұғалім балаларды жетелеп, пікірлесуге, әңгімелөсуге ынталандырып отыруы кажет.

Бағдарламада берілген мысалдарды оқып болған соң, қорытынды сабақ өтудің тиімділігі зор. Қорытывды сабақты композициялык сабақ түрінде де, немесе «Мысал кейіп-керлері бізде қонақта» тақырыбында кездесу сабағы түрінде

де өтуге болады. Сабақ-композицияда окушылар күшімен инсценировкалар көрсетіп, өздері окыған мысалдарды көріністер аркылы еске түсіріп, қайталау жүмыстары жүр-се, кездесу сабағында есек, бүлбүл, арыстан, түлкімен, т.б. (кейіпкерлер рөлінде балалар болады, өрине), яғни мысалдардың бас кейіпкерлерімен кездесу өтеді. Оларға оқырмандар (сынып оқушылары) сүрақ қояды, жауапты олар мысалдан алып, жатқа айтулары керек.

Мысалы, «Шегіртке мен күмырсқа» ертегісі бойынша мынадай сүрақ қоюға болады.

Шегіртке: «Қарағым, жылыт, тамак бер, Жаз шыққанша асыра!

— Құмырсқа не деуші еді?

Қүмырсқа: Мүның, жаным, сөз емес, Жаз өтерін білмеп пе ең?..

Осындай сабакка биология, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінщ мүғалімдерін шақыруға болады. Себебі, биология мүғалімі мысалда кездесетін жануарлар, жәндіктер туралы қысқаша хабарлама жасаса, ал орыс тілі мен өдебиеті пөнінің мүғалімі қай елдің ертегісінде болмасын «касқыр», «арыс-тан» — әділетсіздіктің, «қара күштің»; түлкі — кульщ, зүлым-дықтың; қоян — коркақтықтын иесі болып суреттелінетінін әңгімелейді. Мысал жанрын окытудың тиімді жолдарын іздену де әр мүғалімнің білімі, шеберлігіне байланысты.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *