КІШІ ҚЫСЫМДЫ ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ГАЗ-РАЗРЯДТЫҚ ШАМДАР.ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ, ЛЮМИНОФОРЛАР. ЛШ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ЛШ. ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ШАМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСЫ

6-Дәріс. КІШІ ҚЫСЫМДЫ ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ГАЗ-РАЗРЯДТЫҚ ШАМДАР.ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ, ЛЮМИНОФОРЛАР. ЛШ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЭКСПЛУАТАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕЙТІН ЛШ.

ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ШАМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСЫ

Жалпы мақсатқа арналған люминесценттік шам (1-сурет) -екі шетінен шыны аяқшалармен 3 герметикалық жабылған цилиндрлік колба (түтік) 5. Аяқшаларға биспираль 4 түрінде вольфрам сымынан жасалған және электрондар эмиссиясын көбейту үшін сырты оксидпен қапталған электродтар бекітіледі.

Шамның екі шетіне электродтардың ұштарына дәнекерленген, шамды электр торабына қосуға арналған қысқа металл түтікшелері (түйіспелері) 1 бар екі цоколь 2 орнатылады.

1-сурет. Люминесценттік шамның құрылысы: 1-түйіспелер; 2-цоколь; 3-шыны аяқша; 4-биспираль; 5-колба.

Колбаның ішкі жағына люминофор (белгілі химиялық, құрамды кристал заттар) қабаты жалатылады. Колбаның ішінен ауа тартып шығарылған және оның ішіне аргон (инертті газ) және белгілі бір мөлшерде сынап тамшысы (30…80 мг) енгізілген. Аргон электродтардың оксид қабаты бөлшектерінің қоршап тұрған ортаға ұшуын азайту және электр разрядының тұтануын жеңілдету үшін енгізіледі. Аргон және сынап булары қоспасында разряд жеңіл пайда болады. Разряд кезінде қозатын және сәулеленетін тек сынап атомдары ғана.

Кристалдық құрылымына байланысты өзінің белгілі түйіндерінде энергияны шоғырлап жинау нәтижесінде люминесценттік сәулеленетін заттар люминофорлар деп аталады. Люминесценттік шамдарда пайдаланылатын люминофор — ұнтақ зат. Люминофор түйіршіктерінің мөлшері, қабаттың қалыңдығы мен құрылымы шамның жарық-техникалық қасиеттеріне күшті әсер етеді. Әдетте 1 см2-ге 2…3 мг люминофор жалатылады.

Оптикалық сәулелену фотондарының әрекет етуінен люминофорда сәулеленудің түрлену сұлбасы 2-суретте көрсетілген.

2-сурет. Сәулеленуді түрлендіру сұлбасы.

hvқ — қоздыру кванты; hvc -сәулелену кванты; Л-люминофор; q — түрлендіру шығындары; Ш-шыны.

Энергия сақталу заңына сәйкес:

     ( 01)

hνК — қоздыру фотонының энергиясы; hνC — сәулелену фотонының энергиясы; q- түрлендіру шығындары. Бұдан hνК>hνС екендігі келіп шығады. Сондықтан νК<νС, өйткені , яғни қоздыру толқынының ұзындығы әрқашан да люминофор сәулеленуінің толқын ұзындығынан қысқа болады. Бұл факт Стокс ережесі ретінде айқындалады. Осы ережеге сәйкес, люминофорда ультракүлгін сәулелену ұзын толқынды, мысалы көрінерлік, сәулеленуге түрленуі керек. Бұл люминесценттік шамдарда байқалады.

Люминесценттік шамдарда электр энергиясының көрінерлік сәулеленуге түрленуін екі кезеңге бөлуге болады:

1) сынап буларындағы электр разряды кезінде электр энергиясын ультракүлгін сәулелену энергиясына түрлендіру;

2) люминофор қабатында ультракүлгін сәулеленуін көрінерлік сәулеленуге түрлендіру.

Көрінерлік сәулеленудің аз бөлігі (5…7 %) электродтар арасында өтетін электр разрядының өзімен шығарылады.

Химиялық құрамы әр түрлі болатын люминофорларды пайдаланумен люминесценттік шам сәулеленуінің кез келген спектрін алуға болады.

Қазіргі уақытта шығарылатын люминесценттік шамдар сәуле-ленуінің түсіне байланысты бөлінеді. Осы қасиетіне байланысты люминесценттік шамдардың үлгіқалыптық түстері былай белгіленеді:

Д -күндізгі — абсолют қара дененің 6500К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес;

Б -ақ — абсолют қара дененің 4200К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес;

ХБ -салқын ақ- абсолют қара дененің 4800 К температурадағы сәулелену түсіне сәйкес;

ДЦ -түс берілісі жақсартылған; Е- табиғи; БЕ-ақ табиғи; ХЕ-салқын табиғи. Шаңды орталарда пайдалануға арналған рефлекторлы люминесценттік шамдар да шығарылады. Бұл шамдарда түтіктің периметрінің жоғарғы 2/3 бөлігіне люминофордың астына диффуздық шағылысатын және шағылысу коэффициенті жоғары келетін жұқа айналы қабат жағылады. Оларды жарықтандырғышсыз пайдалануға болады

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *