Кернеуі 1кВ-тан жоғары таратушы құрылғыларды (ТҚ), қосалқы стансаларды (ҚС) және ток өткізгіштерді монтаждау.

1. Негізгі анықтамалар

2. Тарату құрылғылары мен қосалқы стансалардың жабдығы

3. Тарату құрылғылары мен қосалқы стансаларды монтаждау

4. Кернеуі 1 кВ-тен жоғары ток өткізгіштерін монтаждау

1. Негізгі анықтамалары

Таратушы құрылғы деп, электр энергияны қабылдау мен тарату үшін қызмет жасаушы және коммутациялық аппараттардан, жинаушы мен жалғаушы шиналардан, көмектесуші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық және басқалар), сондай-ақ қорғау, автоматика және өлшеу құралдарынан ұсталатын электр қондырғы аталады.

Қосалқы станса деп, электр энергияны түрлендіру мен тарату үшін қызмет жасаушы және трансформатордан немесе көмектесуші ғимараттардан тұратын электр қондырғы аталады.

Сол немесе басқа қызметінің басым болуына байланысты қосалқы стансалар трансформаторлық (ТрҚС) немесе түрлендіргіштік (ТүрҚС) деп аталады.

Таратушы пункты (ТП) деп қосалқы стансаның құрамына кірмейтін, түрлендірусіз және трансформациялаусыз бір кернеуде электр энергияны қабылдау мен тарату үшін арналған таратушы құрылғы аталады.

Ток өткізгіш деп оқшауламаланбаған немесе оқшауланған өткізгіштерден тұратын және оларға жататын изоляторлар, қорғаушы қабықшалар, тарамдық құрылғылар, ұстап тұрушы және тіреуші қиыстырмалар, электр энергияны беру мен тарату үшін арналған құрылғы аталады.

2. ТҚ және ҚС жабдығы. Жабдықты ревизиялау.

ТҚ және ТҚС арналған жоғарывольттік жабдықтың өнеркәсіптік өндірісін ойластырып құрастыру және игеру саласында әріқарай техникалық прогрестің негізгі бағыттары болып табылады: техникалық деңгейінің, сенімділігінің, зауыттық дайындық дәрежесінің артуы; жасау, монтаждау эксплуатация кезінде еңбек шығынының төмендеуі; материал сыйымдылығы мен масса габариттік параметрлерінің азаюы.

Күштік трансформаторлар айнымалы токтың кернеуін жоғарлату және төмендету үшін арналған. Олар үшфазалық және бірфазалық, екіорамалық және үшорамалық болып жасалады. Екіорамалық трансформаторларында жоғарғы кернеу (ЖК) және төменгі кернеу (ТК) орамалары болады. Үшорамалық трансформаторларда – үш орама. ЖК және ТК басқа оларда тағыда ортаңғы кернеу орамасы (ОК) болады. Трансформаторлардың орамаларын қабылданған салқындату жүйесіне байланысты болады: майлық (МТ), жанбайтын толтырғышпен (ЖТ) және құрғақ ауалық салқындатылумен (ҚТ). Барлық күштік трансформаторлар үшфазалық қуаты 6,3кВА және жоғары, бірфазалық қуаты 4кВА жоғары, кернеу сыныбы 750кВ дейін МЕМСТ 11677-85* жалпы техникалық жағдайын қанағаттандыруы тиіс.

Комплектілі трансформаторлық қосалқы стансалар (КТҚС). КТҚС қолданылуы электр монтаждау жұмыстарын индустрияландыруды қамтамасыз етеді, электр қондырғыларды тұрғызу мерзімін қысқартады және олардың жұмыстарының сенімділігін арттырады. Сондықтан КТҚС өнеркәсіптік электр қондырғыларда ескі типті ТҚС толығымен ауыстырылып, жабдығы қондыру орнында жиналады.

КТҚС қуаты 25 кВА-ден 2500кВА-ге дейін, кернеуі 10кВ-ке дейін жасалады. КТҚС-да жоғарыда жазылған майлық трансформаторлар типі ТМЗ, жанбайтын сұйық диэлектрикпен типі ТНЗ және құрғақ ТСЗ, соның ішінде құйылған эпоксидтік оқшауламасымен қолданылуы мүмкін; КТҚС бір-, екі- және үштрансформаторлықтар болуы мүмкін.

Барлық КТҚС қиыстырмасы ТҚ монтаждаусыз күштік трансформаторды ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Комплектілі трансформаторлық қосалқы станса толық жиналған түрінде немесе бөлек құраушы бөлшектерімен (трансформаторлық блоктарымен ұзындығы 4 метрден артық емес), ревизиясыз монтаждау орнында жинау үшін дайындалған түрінде жасалуы тиіс; коммутациялық аппараттарды бөлшектеусіз, болттық жалғаулардың сенімділігін және бөлек шкаптардағы ішкі жалғаулардың дұрыстығын тексерусіз. Әрбір КТҚС-ға мекеме-жасаушы келесі техникалық құжаттамаларды қосып береді: МЕМСТ 11677-85 бойынша трансформаторға құжаттама; Комплекттеуші аппаратураға құжаттама (осы аппаратураның стандартына сәйкес); негіздік және сыртқы жалғаулардың сұлбалары; сызбаның жалпы түрі; МЕМСТ 2.601-68 бойынша эксплуатациялық құжаттама.

Ішке қондырудың комплектілі трансформаторлық қосалқы стансалар қуаты 160, 250, 400, 630, 1000, 1600, 2500кВА трансформаторлармен жасалуы мүмкін, ЖК кірме шкаптары коммутациялық аппараттарымен шығарылады: жүктеме ажыратқышымен, жүктеме ажыратқышымен және ПК сақтандырғышымен, ағытқышымен және ПК сақтандырғышымен. ТК жағындағы шкаптарда кірмеде коммутациялық аппараты бар – автоматты ажыратқыш типі А3700 немесе «Электрон», тараушы желілерде — автоматты ажыратқыштар немесе сақтандырғыш-ажыратқыш блогы.

Сыртқа қондырудың комплектілі трансформаторлық қосалқы стансалар қуаты 25, 40, 63, 100, 160, 250, 400, 630, 1000кВА трансформаторлары болуы мүмкін. ЖК жағында коммутациялық аппарат – ағытқыш және ПК сақтандырғыш, жүктеме ажыратқышы ПК сақтандырғышымен, ПК сақтандырғыштары. ТК жағында коммутациялық аппарат: кірмелік – автоматты ажыратқыш немесе сақтандырғыш блогы – ажыратқыш; желілік – автоматты ажыратқыштар немесе сақтандырғыштар блогы — ажыратқыштар.

Аудандық төмендетуші қосалқы стансалар, өнеркәсіптік мекемелердің бас төмендетуші қосалқы стансалары. Бұндай қосалқы стансалардың 6-10кВ жабық ТҚ бұрын екі немесе үшқабатты үйжайлары тұрғызылған. Осы уақытта күрделі көпқабатты үйжайлардың ЖТҚ 6-10кВ орнына қарапайым бірқабатты үйжайлар тұрғызылып жатыр.

Жабық таратушы құрылғылар (ЖТҚ) зал типті бірқабатты үйжай түрінде орындалады, оның ішінде КТҚ немесе комплектілі біржақты қызмет көрсету (КБҚ) камераларының қажетті саны орнатылады.

Комплектілі камералардың дайын үйжайларында қондыруға, оларды бір-бірімен жалғауға және сыртқы жалғаулар сұлбасын монтаждауға (күштік және бақылау кабелдерді, жинақтаушы шиналарды және сол сияқтыларды) зал типті ЖТҚ-ға монтаждау жинақталады.

6-10кВ күштік ажыратқыштар. Ажыратқыштардың негізгі техникалық мәліметтері, кернеуі 10кВ-қа дейін және оны қоса ТҚ-да қолданылатындар 8.1. кестеде келтірілген (Л1, 193 бет). Қазіргі уақытта вакуумдық және элегаздық доғаөшіруші құрылғыларымен (ДҚ) ажыратқыштар көбінесе майлық, электр магниттік және ауалық ажыратқыштарды ығыстыра бастады.

МГТ-10 ажыратқышы құмыра типті, үлкен қуатты электр қондырғыларда жұмыс істеу үшін арналған, еденге қондыруға арналған рамасы бар. Бұл ажыратқыштардың әрбір фазасында екі бөшке (құмыра) бар, әрбір фазада доғаның үзілуі екі бөшкелерде де біруақытта орындалады. Ажаратқышта көп саңылаулы доғаөшіретін камералар көлденеңді-бойлықты үрлеуіш қолданылады.

Әріқарай МГТ сериялы ажыратқыштарды көбінесе вакуумдық және элегаздық ажыратқыштар ығыстырып жатыр.

ВГ-10 ажыратқышы автогаздық болып табылады, оның әрекет ету принципі төменде жазылған жүктеме ажыратқышының әрекет ету принципіне ұқсайды. Жүктеме ажыратқышымен салыстырғанда оның түйіспелік және доғаөшіретін жүйелерінің қуаты артығырақ болады, тек жүктеме тоғына ғана емес, қысқа тұйықталу токтарының ауытқуына да есептелген. Ауалық ажыратқыштарды, сондай-ақ бірте-бірте вакуумдық ажыратқыштар ауыстыра бастады.

ВЭМ-6 және ВЭМ-10 ажыратқыштары – электр магниттіктер. Олар КТҚ ішкі бөлігін көрсетеді, бірақ сондай-ақ КСО жиналмалы металл камераларында және бетондық ұяшықтарда орнатылуы мүмкін.

ВЭ-10 сериялы электр магниттік ажыратқыштар – жалпы арналымды және жиі коммутациялық операциялар үшін, құрылған серіппелі жетегі бар, ішке қондырудың КТҚ шкаптарында жұмыс істеу үшін арналған.

Ауалық ажыратқыштар ВВ-10, ВВ-10к, ВВ-20с ішке қондыру үшін арналған. ВВ-10 и ВВ-10к ажыратқыштары ауаның артық қысымында жұмыс істейді 0,6 МПа (6 кгс/см2), ал ВВ-20с – 2 МПа (20 кгс/см2). ВВ-10 ажыратқыштары ашық камераларда қондыру үшін арналған (КСО не бетондық ұяшықтар); ВВ-20с ажыратқыштары 8000 А-ге есептелген, генераторларды жалғағанда оларды орнатады.

Қүштік ажыратқыштарға жетектер. Күштік ажыратқыштарды басқару, яғни оларды қосу және ажырату, жетектің көмегімен жүзеге асырылады. Ол жетекке тікелей механикалық әсермен – қолмен, тізбектің тұйықталуын қосу немесе ажырату басқару кілтімен және автоматика жүйелері жұмыс істеген кезде автоматтық түрде (АҚҚ-АПВ және АРҚ-АВР) немесе релелік қорғау — дистанциялық орындалуы мүмкін.

Жетек – коммутациялық аппаратты қосуға және ажыратуға арналған механизм, қосушы мен ажыратушы құрылғылардан, ілмектеуші механизмнен (ілгешек) және ілгешекті босатын, еркін ағытатын механизмнен. Еркін ағытатын механизм ажыратқышты аяқастынан ажыратуға, оның ішінде оның қосылу уақытында жасай алады. Қысқа тұйықталуда күштік ажыратқыш қосылған жағдайда жүктеме тізбегінде релелік қорғау ілгешекке әсер етіп, ажыратқышты ажыратады.

Токтық қоректендіру блоктары ТҚБ ток трансформаторларына қосылады, кернеулік қоректендіру блоктары – кернеу трансформаторларына не жеке басына қажетті трансформаторларына. Зақымдалудың қайсыбір түрлерінде қорғаудың қайсыбір түрлерінің сенімді әсер етуін ток трансформаторларына және кернеу трансформаторларына қосылатын, құрамдасқан қоректендіру блоктары қамтамасыз етеді. БПНС-2 стабилизацияланған кернеуімен қоректендіру блоктары аса жетілдірілген болып саналады.

Қысым релесінің, газдық қорғаудың, жерге тұйықталудан және асқын жүктемеден қорғаудың тізбектерін, ал сондай-ақ күштік трансформаторлардың температуралық көрсеткіштерінің тізбектерін оперативтік айнымалы токпен қоректендіру кернеу трансформаторларынан жүзеге асырылады.

Электр магниттті жетектер ажыратқыштарды дистанциялық қосу мен ажыратуды, АПВ, АВР және басқа автоматты түрде әсер ететін әртүрлі сұлбалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқару кілтінің тұтқасын бұру арқылы жетекті дистанциялық басқару, әдетте қалқанда не басқару пультінде орнатылған, «қосылды» не «ажыратылды» қалпында орындалады.

Серіппелі жетектер ажыратқыштарды дистанциялық не қолмен басқару үшін, АПВ, АВР үшін, ал сондай-ақ басқа автоматты түрде әрекет ететін сұлбаларды жүзеге асыру үшін қолданылады. Жетекті қолмен қосқанда, қайта автоматты түрде қосу үшін (АПВ не АВР жүйелері жұмыс істеген кезде) жетекті автоматты түрде дайындау орындалады.

Жүктеме ажыратқыштары жүктеме тоғы жоқ кезде, бар кезде де 1кВ-тен жоғары электр тізбектерін ажырату және қосу үшін арналған. 1 кВ-тен жоғары сақтандырғыштарымен бірге бұл ажыратқыштар жүктеме токтарды да, ҚТ-ң апаттық токтарды да ажыратуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. ВН-16, ВНз-16, ВНП-16, ВНП-17, ВНПз типтерде ажыратқыштар шығарылады (В – ажыратқыш (выключатель), Н – жүктеме (нагрузки), П – құрастырылған сақтандырғыштарымен (предохранитель), з – жерлендіруші пышақтарымен (с заземляющими ножами)). ВНП-17 ажыратқышы ВНП-16 ажыратқышынан айырықшаланады, онда үш полюстерден қайсыбіріндегі сақтандырғыштың балқымалы қыстырмалары жанып кеткен кезде, ажыратқышты ажырататын құрылғысы бар.

Ағытқыштар 1кВ-тен жоғары күштік тораптарда көрінетін үзілуді жасау үшін арналған. Жүктеме токтарын ағытқыштармен қосу және ажырату рұқсат етілмейді.

10кВ-ке ішке қондыруға арналған ағытқыштар үшполюсті типі РВ 400, 630 және 1000А-ге жасалады; бірполюсті РВК – 2000 А-ге; РВР — 2500, 4000, 6300 және 8000 А-ге.

РВ(З) ағытқыштарда бір немесе екі негізгіден басқа, үш жерлендіруші пышақтарымен болады. Механикалық блоктау негізгі және жерлендіруші пышақтарды біруақытта қосылуын мүмкіндігін болдырмайды.

Сақтандырғыштар үлкен емес қуатты айнымалы токтың электр қондырғысын ҚТ токтарынан қорғау үшін қызмет атқарады. 6 және 10кВ-ке сақтандырғыштар ішке (ПК мен ПКТ) және сыртқа (ПСН) қондыру үшін дайындалады. Типтердің белгіленудегі әріптердің мынадай мәндері болады: П – сақтандырғыш (предохранитель); К – кварцтық толықтырумен; Т – кернеу трансформаторларын қорғау үшін; С – атылатын (стреляющий); Н – сыртқа қондыру үшін.

ПК және ПКТ сақтандырғыштар фарфорлық түтікше түрінде патроны бар, таза кварцтық құммен толтырылған, оның ішіне балқымалы қыстырма енгізілген.

ПК сақтандырғыштар әдетте жүктеме ажыратқышымен немесе ағытқышымен бірге күштік тізбектерді қорғау үшін қолданылады. ПК сақтандырғыштар 3кВ кезде 400А-ге дейін, 6кВ кезде 300А-ге дейін, 10кВ кезде 200А-ге дейін және 35кВ кезде 40А патрондарымен жасалады.

Вентильдік разрядниктер ЖТҚ мен АТҚ-да 3, 6 және 10кВ электр қондырғыларда атмосфералық және қысқауақытты эксплуатациялық асқын кернеулерден ТҚ мен ТП-ң айналатын электр машиналар мен электр жабдықтардың оқшауламасын қорғау үшін қызмет атқарады. Разрязник ұшқындық аралықтардың токты шектеуші блоктарынан тұрады: үш блок – 3 кВ кезде, алты блоктар – 6 кВ кезде және он блоктар – 10 кВ кезде.

Өлшеуіш трансформаторлар электр шамаларды өлшеу қажет болғанда, қашан аспаптарды тізбекке тікелей қосу мүмкін емес болғанда, өлшеуіш және қорғау аспаптарын қосу үшін қызмет атқарады.

380В-тен жоғары қондырғыларда, ал жиі және 380В қондырғылардағы тізбекке өлшеуіш трансформаторлар арқылы өлшеуіш аспаптар қосылады. Бұл аспаптардың көрсеткіштерін байқауда және оларға қызмет көрсетуде қауіпсіздік жағдайы бойынша да, кіші токқа (А) мен кіші кернеуге (В) дайындалған, жеңіл және арзан өлшеуіш аспаптарды қолдану мүмкіндігіне байланысты да жасалады.

Кернеу трансформаторлары әдетте кіші қуатты төмендетуші трансформаторлар екендігін білдіреді: оларды үшфазалық және бірфазалық 0,38; 0,66; 3; 10кВ және жоғары бірінші реттік (жоғарғы) кернеуге дайындайды. Екінші реттік (төменгі) кернеу, оған өлшеуіш аспаптарды және қорғау аспаптарын қосады, барлық кернеу трансформаторларында екінші реттік кернеу 100В-ке тең.

Ток трансформаторлары кернеу трансформаторларынан айырықшаланады, себебі олардың бірінші реттік орамалары өлшенетін ток тізбегіне тізбектей қосылады. Оның орамдарының саны аз болады, ал үлкен токта (600А-ден артық) – бар болғаны бір орам. Ток трансформаторының екінші реттік орамасы өлшеуіш аспаптарының токтық катушкаларын қоректендіру үшін – амперметрлер, ваттметрлер, санауыштар және қорғау аспаптар үшін қызмет атқарады. Оның орамдар саны көп болады. Ток трансформаторы жұмыс істегенде оның екінші реттік орамасының тізбегі өлшеуіш аспаптардың катушкасына әрқашан тұйықталған болуы тиіс, ал егер қандайда-бір себептермен өлшеуіш аспаптар ажыратылған болса, онда ток трансформаторының екінші реттік орамасының тізбегі алдын ала міндетті түрде қысқа тұйықталуы тиіс. Қарсы жағдайда ток трансформаторының екінші реттік орамасының тұйықсызданған қыспаларында үлкен кернеу пайда болып, қызмет етуші қызметкердің өмірі үшін және өлшеуші тізбектердің оқшауламасы үшін қауіпті болады.

Конденсаторлар электр қондырғының реактивті қуатын компенсациялау үшін және қуат коэффициетін көтеру үшін арналған. Конденсаторлардың келесі типтері КМ, КА2, КМА, КМ2А, КС, КС2 и КСА, КС2А дайындалады. Әріптер белгіленеді: К – конденсатор косинустық; М – минералды маймен сіңірілген; С – синтетикалық сұйық диэлектрикпен сіңірілген (совтолмен); А – сыртқа қондыру үшін орындалған; 2 саны екінші габаритті корпуста орындалғанын білдіреді. Конденсаторлар кернеуі 220, 380, 500, 660, 1050, 3150, 6300 және 10500В-ке дайындалған. Комплектілі конденсаторлық қондырғылар 6,3 және 10,5кВ кернеуге екі орындалуда дайындалады: УК-6(10) ПУЗ қуаты 900, 1350 және 1800кВАр және УК-6(10)У1 қуаты 600, 1200 және 1600 кВАр.

Жоғары гармоникалардың күштік фильтрлері тораптың кернеу қисығының синусоидалық пішінінің қателіктерін азайту үшін, ал сондай-ақ реактивті қуатын компенсациялау үшін арналған.

Изоляторлар ток жүретін бөліктерін бекіту үшін және электр қондырғының жерлендірілген элементтерінен оларды оқшауламалау үшін қызмет атқарады. Жабық ТҚ-да тіреулік пен өтпелік изоляторлар, ашық ТҚ-да тіреулік (штырлық) пен ілмелік изоляторлар қолданылады.

ЖТҚ-дағы қондырғылар үшін ішке қондыруға арналған, кіші габаритті ОФ типтердегі тіреулік изоляторлар қолданылады (ГОСТ 15137-77*, ГОСТ 19797-85Е).

3,75; 7,5; 12,5; 20; 30; 42,5 және 60кН иілуге (үзілуге) минималды бұзушы күшпен изоляторлар дайындалады; армирленгенсіз негіздеме, дөңгелекпен (круглым — кр), ойылған (овальным — ов) немесе квадраттық (кв) негіздемемен.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *