Кернеуі 1кВ-тан жоғары таратушы құрылғыларды (ТҚ), қосалқы стансаларды (ҚС) және ток өткізгіштерді монтаждау.

 

 

1. Негізгі анықтамалар

2. Тарату құрылғылары мен қосалқы стансалардың жабдығы

3. Тарату құрылғылары мен қосалқы стансаларды монтаждау

4. Кернеуі 1 кВ-тен жоғары ток өткізгіштерін монтаждау

1. Негізгі анықтамалары

Таратушы құрылғы деп, электр энергияны қабылдау мен тарату үшін қызмет жасаушы және коммутациялық аппараттардан, жинаушы мен жалғаушы шиналардан, көмектесуші құрылғылардан (компрессорлық, аккумуляторлық және басқалар), сондай-ақ қорғау, автоматика және өлшеу құралдарынан ұсталатын электр қондырғы аталады.

Қосалқы станса деп, электр энергияны түрлендіру мен тарату үшін қызмет жасаушы және трансформатордан немесе көмектесуші ғимараттардан тұратын электр қондырғы аталады.

Сол немесе басқа қызметінің басым болуына байланысты қосалқы стансалар трансформаторлық (ТрҚС) немесе түрлендіргіштік (ТүрҚС) деп аталады.

Таратушы пункты (ТП) деп қосалқы стансаның құрамына кірмейтін, түрлендірусіз және трансформациялаусыз бір кернеуде электр энергияны қабылдау мен тарату үшін арналған таратушы құрылғы аталады.

Ток өткізгіш деп оқшауламаланбаған немесе оқшауланған өткізгіштерден тұратын және оларға жататын изоляторлар, қорғаушы қабықшалар, тарамдық құрылғылар, ұстап тұрушы және тіреуші қиыстырмалар, электр энергияны беру мен тарату үшін арналған құрылғы аталады.

2. ТҚ және ҚС жабдығы. Жабдықты ревизиялау.

ТҚ және ТҚС арналған жоғарывольттік жабдықтың өнеркәсіптік өндірісін ойластырып құрастыру және игеру саласында әріқарай техникалық прогрестің негізгі бағыттары болып табылады: техникалық деңгейінің, сенімділігінің, зауыттық дайындық дәрежесінің артуы; жасау, монтаждау эксплуатация кезінде еңбек шығынының төмендеуі; материал сыйымдылығы мен масса габариттік параметрлерінің азаюы.

Күштік трансформаторлар айнымалы токтың кернеуін жоғарлату және төмендету үшін арналған. Олар үшфазалық және бірфазалық, екіорамалық және үшорамалық болып жасалады. Екіорамалық трансформаторларында жоғарғы кернеу (ЖК) және төменгі кернеу (ТК) орамалары болады. Үшорамалық трансформаторларда – үш орама. ЖК және ТК басқа оларда тағыда ортаңғы кернеу орамасы (ОК) болады. Трансформаторлардың орамаларын қабылданған салқындату жүйесіне байланысты болады: майлық (МТ), жанбайтын толтырғышпен (ЖТ) және құрғақ ауалық салқындатылумен (ҚТ). Барлық күштік трансформаторлар үшфазалық қуаты 6,3кВА және жоғары, бірфазалық қуаты 4кВА жоғары, кернеу сыныбы 750кВ дейін МЕМСТ 11677-85* жалпы техникалық жағдайын қанағаттандыруы тиіс.

Комплектілі трансформаторлық қосалқы стансалар (КТҚС). КТҚС қолданылуы электр монтаждау жұмыстарын индустрияландыруды қамтамасыз етеді, электр қондырғыларды тұрғызу мерзімін қысқартады және олардың жұмыстарының сенімділігін арттырады. Сондықтан КТҚС өнеркәсіптік электр қондырғыларда ескі типті ТҚС толығымен ауыстырылып, жабдығы қондыру орнында жиналады.

КТҚС қуаты 25 кВА-ден 2500кВА-ге дейін, кернеуі 10кВ-ке дейін жасалады. КТҚС-да жоғарыда жазылған майлық трансформаторлар типі ТМЗ, жанбайтын сұйық диэлектрикпен типі ТНЗ және құрғақ ТСЗ, соның ішінде құйылған эпоксидтік оқшауламасымен қолданылуы мүмкін; КТҚС бір-, екі- және үштрансформаторлықтар болуы мүмкін.

Барлық КТҚС қиыстырмасы ТҚ монтаждаусыз күштік трансформаторды ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Комплектілі трансформаторлық қосалқы станса толық жиналған түрінде немесе бөлек құраушы бөлшектерімен (трансформаторлық блоктарымен ұзындығы 4 метрден артық емес), ревизиясыз монтаждау орнында жинау үшін дайындалған түрінде жасалуы тиіс; коммутациялық аппараттарды бөлшектеусіз, болттық жалғаулардың сенімділігін және бөлек шкаптардағы ішкі жалғаулардың дұрыстығын тексерусіз. Әрбір КТҚС-ға мекеме-жасаушы келесі техникалық құжаттамаларды қосып береді: МЕМСТ 11677-85 бойынша трансформаторға құжаттама; Комплекттеуші аппаратураға құжаттама (осы аппаратураның стандартына сәйкес); негіздік және сыртқы жалғаулардың сұлбалары; сызбаның жалпы түрі; МЕМСТ 2.601-68 бойынша эксплуатациялық құжаттама.

Ішке қондырудың комплектілі трансформаторлық қосалқы стансалар қуаты 160, 250, 400, 630, 1000, 1600, 2500кВА трансформаторлармен жасалуы мүмкін, ЖК кірме шкаптары коммутациялық аппараттарымен шығарылады: жүктеме ажыратқышымен, жүктеме ажыратқышымен және ПК сақтандырғышымен, ағытқышымен және ПК сақтандырғышымен. ТК жағындағы шкаптарда кірмеде коммутациялық аппараты бар – автоматты ажыратқыш типі А3700 немесе «Электрон», тараушы желілерде — автоматты ажыратқыштар немесе сақтандырғыш-ажыратқыш блогы.

Сыртқа қондырудың комплектілі трансформаторлық қосалқы стансалар қуаты 25, 40, 63, 100, 160, 250, 400, 630, 1000кВА трансформаторлары болуы мүмкін. ЖК жағында коммутациялық аппарат – ағытқыш және ПК сақтандырғыш, жүктеме ажыратқышы ПК сақтандырғышымен, ПК сақтандырғыштары. ТК жағында коммутациялық аппарат: кірмелік – автоматты ажыратқыш немесе сақтандырғыш блогы – ажыратқыш; желілік – автоматты ажыратқыштар немесе сақтандырғыштар блогы — ажыратқыштар.

Аудандық төмендетуші қосалқы стансалар, өнеркәсіптік мекемелердің бас төмендетуші қосалқы стансалары. Бұндай қосалқы стансалардың 6-10кВ жабық ТҚ бұрын екі немесе үшқабатты үйжайлары тұрғызылған. Осы уақытта күрделі көпқабатты үйжайлардың ЖТҚ 6-10кВ орнына қарапайым бірқабатты үйжайлар тұрғызылып жатыр.

Жабық таратушы құрылғылар (ЖТҚ) зал типті бірқабатты үйжай түрінде орындалады, оның ішінде КТҚ немесе комплектілі біржақты қызмет көрсету (КБҚ) камераларының қажетті саны орнатылады.

Комплектілі камералардың дайын үйжайларында қондыруға, оларды бір-бірімен жалғауға және сыртқы жалғаулар сұлбасын монтаждауға (күштік және бақылау кабелдерді, жинақтаушы шиналарды және сол сияқтыларды) зал типті ЖТҚ-ға монтаждау жинақталады.

6-10кВ күштік ажыратқыштар. Ажыратқыштардың негізгі техникалық мәліметтері, кернеуі 10кВ-қа дейін және оны қоса ТҚ-да қолданылатындар 8.1. кестеде келтірілген (Л1, 193 бет). Қазіргі уақытта вакуумдық және элегаздық доғаөшіруші құрылғыларымен (ДҚ) ажыратқыштар көбінесе майлық, электр магниттік және ауалық ажыратқыштарды ығыстыра бастады.

МГТ-10 ажыратқышы құмыра типті, үлкен қуатты электр қондырғыларда жұмыс істеу үшін арналған, еденге қондыруға арналған рамасы бар. Бұл ажыратқыштардың әрбір фазасында екі бөшке (құмыра) бар, әрбір фазада доғаның үзілуі екі бөшкелерде де біруақытта орындалады. Ажаратқышта көп саңылаулы доғаөшіретін камералар көлденеңді-бойлықты үрлеуіш қолданылады.

Әріқарай МГТ сериялы ажыратқыштарды көбінесе вакуумдық және элегаздық ажыратқыштар ығыстырып жатыр.

ВГ-10 ажыратқышы автогаздық болып табылады, оның әрекет ету принципі төменде жазылған жүктеме ажыратқышының әрекет ету принципіне ұқсайды. Жүктеме ажыратқышымен салыстырғанда оның түйіспелік және доғаөшіретін жүйелерінің қуаты артығырақ болады, тек жүктеме тоғына ғана емес, қысқа тұйықталу токтарының ауытқуына да есептелген. Ауалық ажыратқыштарды, сондай-ақ бірте-бірте вакуумдық ажыратқыштар ауыстыра бастады.

ВЭМ-6 және ВЭМ-10 ажыратқыштары – электр магниттіктер. Олар КТҚ ішкі бөлігін көрсетеді, бірақ сондай-ақ КСО жиналмалы металл камераларында және бетондық ұяшықтарда орнатылуы мүмкін.

ВЭ-10 сериялы электр магниттік ажыратқыштар – жалпы арналымды және жиі коммутациялық операциялар үшін, құрылған серіппелі жетегі бар, ішке қондырудың КТҚ шкаптарында жұмыс істеу үшін арналған.

Ауалық ажыратқыштар ВВ-10, ВВ-10к, ВВ-20с ішке қондыру үшін арналған. ВВ-10 и ВВ-10к ажыратқыштары ауаның артық қысымында жұмыс істейді 0,6 МПа (6 кгс/см2), ал ВВ-20с – 2 МПа (20 кгс/см2). ВВ-10 ажыратқыштары ашық камераларда қондыру үшін арналған (КСО не бетондық ұяшықтар); ВВ-20с ажыратқыштары 8000 А-ге есептелген, генераторларды жалғағанда оларды орнатады.

Қүштік ажыратқыштарға жетектер. Күштік ажыратқыштарды басқару, яғни оларды қосу және ажырату, жетектің көмегімен жүзеге асырылады. Ол жетекке тікелей механикалық әсермен – қолмен, тізбектің тұйықталуын қосу немесе ажырату басқару кілтімен және автоматика жүйелері жұмыс істеген кезде автоматтық түрде (АҚҚ-АПВ және АРҚ-АВР) немесе релелік қорғау — дистанциялық орындалуы мүмкін.

Жетек – коммутациялық аппаратты қосуға және ажыратуға арналған механизм, қосушы мен ажыратушы құрылғылардан, ілмектеуші механизмнен (ілгешек) және ілгешекті босатын, еркін ағытатын механизмнен. Еркін ағытатын механизм ажыратқышты аяқастынан ажыратуға, оның ішінде оның қосылу уақытында жасай алады. Қысқа тұйықталуда күштік ажыратқыш қосылған жағдайда жүктеме тізбегінде релелік қорғау ілгешекке әсер етіп, ажыратқышты ажыратады.

Токтық қоректендіру блоктары ТҚБ ток трансформаторларына қосылады, кернеулік қоректендіру блоктары – кернеу трансформаторларына не жеке басына қажетті трансформаторларына. Зақымдалудың қайсыбір түрлерінде қорғаудың қайсыбір түрлерінің сенімді әсер етуін ток трансформаторларына және кернеу трансформаторларына қосылатын, құрамдасқан қоректендіру блоктары қамтамасыз етеді. БПНС-2 стабилизацияланған кернеуімен қоректендіру блоктары аса жетілдірілген болып саналады.

Қысым релесінің, газдық қорғаудың, жерге тұйықталудан және асқын жүктемеден қорғаудың тізбектерін, ал сондай-ақ күштік трансформаторлардың температуралық көрсеткіштерінің тізбектерін оперативтік айнымалы токпен қоректендіру кернеу трансформаторларынан жүзеге асырылады.

Электр магниттті жетектер ажыратқыштарды дистанциялық қосу мен ажыратуды, АПВ, АВР және басқа автоматты түрде әсер ететін әртүрлі сұлбалардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Басқару кілтінің тұтқасын бұру арқылы жетекті дистанциялық басқару, әдетте қалқанда не басқару пультінде орнатылған, «қосылды» не «ажыратылды» қалпында орындалады.

Серіппелі жетектер ажыратқыштарды дистанциялық не қолмен басқару үшін, АПВ, АВР үшін, ал сондай-ақ басқа автоматты түрде әрекет ететін сұлбаларды жүзеге асыру үшін қолданылады. Жетекті қолмен қосқанда, қайта автоматты түрде қосу үшін (АПВ не АВР жүйелері жұмыс істеген кезде) жетекті автоматты түрде дайындау орындалады.

Жүктеме ажыратқыштары жүктеме тоғы жоқ кезде, бар кезде де 1кВ-тен жоғары электр тізбектерін ажырату және қосу үшін арналған. 1 кВ-тен жоғары сақтандырғыштарымен бірге бұл ажыратқыштар жүктеме токтарды да, ҚТ-ң апаттық токтарды да ажыратуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. ВН-16, ВНз-16, ВНП-16, ВНП-17, ВНПз типтерде ажыратқыштар шығарылады (В – ажыратқыш (выключатель), Н – жүктеме (нагрузки), П – құрастырылған сақтандырғыштарымен (предохранитель), з – жерлендіруші пышақтарымен (с заземляющими ножами)). ВНП-17 ажыратқышы ВНП-16 ажыратқышынан айырықшаланады, онда үш полюстерден қайсыбіріндегі сақтандырғыштың балқымалы қыстырмалары жанып кеткен кезде, ажыратқышты ажырататын құрылғысы бар.

Ағытқыштар 1кВ-тен жоғары күштік тораптарда көрінетін үзілуді жасау үшін арналған. Жүктеме токтарын ағытқыштармен қосу және ажырату рұқсат етілмейді.

10кВ-ке ішке қондыруға арналған ағытқыштар үшполюсті типі РВ 400, 630 және 1000А-ге жасалады; бірполюсті РВК – 2000 А-ге; РВР — 2500, 4000, 6300 және 8000 А-ге.

РВ(З) ағытқыштарда бір немесе екі негізгіден басқа, үш жерлендіруші пышақтарымен болады. Механикалық блоктау негізгі және жерлендіруші пышақтарды біруақытта қосылуын мүмкіндігін болдырмайды.

Сақтандырғыштар үлкен емес қуатты айнымалы токтың электр қондырғысын ҚТ токтарынан қорғау үшін қызмет атқарады. 6 және 10кВ-ке сақтандырғыштар ішке (ПК мен ПКТ) және сыртқа (ПСН) қондыру үшін дайындалады. Типтердің белгіленудегі әріптердің мынадай мәндері болады: П – сақтандырғыш (предохранитель); К – кварцтық толықтырумен; Т – кернеу трансформаторларын қорғау үшін; С – атылатын (стреляющий); Н – сыртқа қондыру үшін.

ПК және ПКТ сақтандырғыштар фарфорлық түтікше түрінде патроны бар, таза кварцтық құммен толтырылған, оның ішіне балқымалы қыстырма енгізілген.

ПК сақтандырғыштар әдетте жүктеме ажыратқышымен немесе ағытқышымен бірге күштік тізбектерді қорғау үшін қолданылады. ПК сақтандырғыштар 3кВ кезде 400А-ге дейін, 6кВ кезде 300А-ге дейін, 10кВ кезде 200А-ге дейін және 35кВ кезде 40А патрондарымен жасалады.

Вентильдік разрядниктер ЖТҚ мен АТҚ-да 3, 6 және 10кВ электр қондырғыларда атмосфералық және қысқауақытты эксплуатациялық асқын кернеулерден ТҚ мен ТП-ң айналатын электр машиналар мен электр жабдықтардың оқшауламасын қорғау үшін қызмет атқарады. Разрязник ұшқындық аралықтардың токты шектеуші блоктарынан тұрады: үш блок – 3 кВ кезде, алты блоктар – 6 кВ кезде және он блоктар – 10 кВ кезде.

Өлшеуіш трансформаторлар электр шамаларды өлшеу қажет болғанда, қашан аспаптарды тізбекке тікелей қосу мүмкін емес болғанда, өлшеуіш және қорғау аспаптарын қосу үшін қызмет атқарады.

380В-тен жоғары қондырғыларда, ал жиі және 380В қондырғылардағы тізбекке өлшеуіш трансформаторлар арқылы өлшеуіш аспаптар қосылады. Бұл аспаптардың көрсеткіштерін байқауда және оларға қызмет көрсетуде қауіпсіздік жағдайы бойынша да, кіші токқа (А) мен кіші кернеуге (В) дайындалған, жеңіл және арзан өлшеуіш аспаптарды қолдану мүмкіндігіне байланысты да жасалады.

Кернеу трансформаторлары әдетте кіші қуатты төмендетуші трансформаторлар екендігін білдіреді: оларды үшфазалық және бірфазалық 0,38; 0,66; 3; 10кВ және жоғары бірінші реттік (жоғарғы) кернеуге дайындайды. Екінші реттік (төменгі) кернеу, оған өлшеуіш аспаптарды және қорғау аспаптарын қосады, барлық кернеу трансформаторларында екінші реттік кернеу 100В-ке тең.

Ток трансформаторлары кернеу трансформаторларынан айырықшаланады, себебі олардың бірінші реттік орамалары өлшенетін ток тізбегіне тізбектей қосылады. Оның орамдарының саны аз болады, ал үлкен токта (600А-ден артық) – бар болғаны бір орам. Ток трансформаторының екінші реттік орамасы өлшеуіш аспаптарының токтық катушкаларын қоректендіру үшін – амперметрлер, ваттметрлер, санауыштар және қорғау аспаптар үшін қызмет атқарады. Оның орамдар саны көп болады. Ток трансформаторы жұмыс істегенде оның екінші реттік орамасының тізбегі өлшеуіш аспаптардың катушкасына әрқашан тұйықталған болуы тиіс, ал егер қандайда-бір себептермен өлшеуіш аспаптар ажыратылған болса, онда ток трансформаторының екінші реттік орамасының тізбегі алдын ала міндетті түрде қысқа тұйықталуы тиіс. Қарсы жағдайда ток трансформаторының екінші реттік орамасының тұйықсызданған қыспаларында үлкен кернеу пайда болып, қызмет етуші қызметкердің өмірі үшін және өлшеуші тізбектердің оқшауламасы үшін қауіпті болады.

Конденсаторлар электр қондырғының реактивті қуатын компенсациялау үшін және қуат коэффициетін көтеру үшін арналған. Конденсаторлардың келесі типтері КМ, КА2, КМА, КМ2А, КС, КС2 и КСА, КС2А дайындалады. Әріптер белгіленеді: К – конденсатор косинустық; М – минералды маймен сіңірілген; С – синтетикалық сұйық диэлектрикпен сіңірілген (совтолмен); А – сыртқа қондыру үшін орындалған; 2 саны екінші габаритті корпуста орындалғанын білдіреді. Конденсаторлар кернеуі 220, 380, 500, 660, 1050, 3150, 6300 және 10500В-ке дайындалған. Комплектілі конденсаторлық қондырғылар 6,3 және 10,5кВ кернеуге екі орындалуда дайындалады: УК-6(10) ПУЗ қуаты 900, 1350 және 1800кВАр және УК-6(10)У1 қуаты 600, 1200 және 1600 кВАр.

Жоғары гармоникалардың күштік фильтрлері тораптың кернеу қисығының синусоидалық пішінінің қателіктерін азайту үшін, ал сондай-ақ реактивті қуатын компенсациялау үшін арналған.

Изоляторлар ток жүретін бөліктерін бекіту үшін және электр қондырғының жерлендірілген элементтерінен оларды оқшауламалау үшін қызмет атқарады. Жабық ТҚ-да тіреулік пен өтпелік изоляторлар, ашық ТҚ-да тіреулік (штырлық) пен ілмелік изоляторлар қолданылады.

ЖТҚ-дағы қондырғылар үшін ішке қондыруға арналған, кіші габаритті ОФ типтердегі тіреулік изоляторлар қолданылады (ГОСТ 15137-77*, ГОСТ 19797-85Е).

3,75; 7,5; 12,5; 20; 30; 42,5 және 60кН иілуге (үзілуге) минималды бұзушы күшпен изоляторлар дайындалады; армирленгенсіз негіздеме, дөңгелекпен (круглым — кр), ойылған (овальным — ов) немесе квадраттық (кв) негіздемемен.

8.3. Қүштік трансформаторларды, жоғарывольттік тарату құрылғысы (ТҚ), жерлендіру контурларын және найзағайдан қорғауды шиналауды монтаждау технологиясы.

Электр жабдықтың құрылыс бөлігін қабылдап алу. Монтаждық жұыстарды бастар алдында ТҚ үйжайын немесе АТҚ терроториясын монтаждауға қойылған талаптарға сәйкес акті бойынша құрылысшылардан қабылдап алу жүргізіледі.

Электр үйжайларға сәйкес (қалқандықтар, пульттіктер, қосалқы стансалар мен тарату құрылғылары, машиналық залдар, аккумуляторлықтар, кабелдік туннелдер мен арналар, кабелдік жартылай қабаттар және с.с.) қажетті көлбеуімен дренаждық каналдарымен және су оқшауламаларымен таза едендер және сылау-бояу жұмыстары (сылақтар мен бояулар) орындалуы тиіс, қойылатын бөлшектердің орналастырылуы тиіс және монтаждық үңіректердің қалдырылуы тиіс, жобамен қарастырылған жүк көтеретін және жүк тасымалдайтын механизмдер мен құрылғылардың монтаждалуы тиіс, құбыр блоктарының, құбырлар мен кабелдерді өткізуге арналған тесіктер мен үңіректердің, арықтардың, ойлардың және ұялардың өндіріс жұмыстарын сәулет-құрылыс сызбаларымен және жобамен сәйкес етіп дайындалуы тиіс, барлық үйжайларды уақытша жарықтандыру үшін қоректендіруді жеткізу орындалуы тиіс.

ЭМЖ бастар алдында кернеуі 35кВ және жоғары АТҚ-да кіреберістік жолдары, табалбырықтары және кіреберістері құрылысы аяқталуы тиіс, шиналық пен желілік порталдар орнатылуы, электр жабдық астына іргетастар, жаппалары бар кабелдік арықтар, АТҚ айналасына қоршам, апаттық майды төгу үшін резервуарлар, жер асты коммуникациясы салынуы және территорияның жоспарламасы аяқталуы тиіс. Порталдардың қиыстырмаларында және жабдық астындағы іргетастарда жобамен қарастырылған изоляторлардың гирляндасын бекіту және жабдықтар үшін қажетті толтырмалық бөліктер мен бекітуші бөлшектер орнатылуы тиіс. Кабелдік арықтар мен туннелдерде кабелдік қиыстырмалар мен ауақұбырларын бекіту үшін толықтырмалық бөлшектер орнатылуы тиіс. Сондай-ақ суқұбырлары мен басқа жобада қарастырылған өртке қарсы құрылғылар құрылысы аяқталуы тиіс. Электр жабдықты монтаждауға қабылдап алған кезде оны байқау, комплектілігін тексеру (бөлшектеусіз), бар екендігін және жасаушы- мекеменің гарантиясының әрекет ету мерзімін тексеру.

Комплектілі тарату құрылғысын (КТҚ-КРУ), комплектілі біржақты қызмет көрсету камерасын (БҚК-КСО) және комплектілі трансформаторлық қосалқы станса (КТҚ-КТП). Тапсырыс берушіден КТҚ мен КТҚ монтаждауға қабылдап алу кезінде жасаушы мекеменің техникалық құжаттаманың комплектілігі (төлқұжаты, техникалық сипаттамасы мен эксплуатациялау бойынша инструкциясы, бас және көмекші тізбектердің электр сұлбалары, комплекттеуші аппараттарға инструкциясы, ЗИП ведомосі).

КТҚ-КРУ, БҚК-КСО және КТҚ-КТП монтаждау бойынша жұмыстар ЭМЖ (ППР) өндіріс жобасымен сәйкес орындайды. Монтаждау жұмыстары екі сатыда жүргізіледі. Бірінші сатыда құрылыс сызбаларымен қарастырылған толықтырмалық элементтерді құрылысшылардың дұрыс қондырғанын электр монтаждаушылар бақылайды, және жарықтандыру пункттері, бөлек тұрған қорғау панелдер мен электр аппараттар үшін электр қондырғының қиыстырмасын жобамен сәйкес орнату; жерлендірудің ішкі тораптарын монтаждауды орындайды және камераны қондыру үшін жерлендіргіштерден толықтырма қиыстырмаға кірмелерді жалғау; ТҚ үйжайдың жалпы жарықтандыру торабын монтаждау.

ТҚ үйжайын мотаждауға акті бойынша құрылысшылардан қабылдау кезінде мынадай жұмыстардың орындалуын тексереді: қабырғаларда, төбелерде және едендерде қажетті үңіректер қалдырылуы тиіс, барлық жырақтар, тесіктер мен қарықтар сыланған, қабырғалар мен төбелер ақталған және боялған болуы тиіс; кабелдік арықтар бөлектелген және таза еден деңгейінде жанбайтын материалдардан жасалған алынбалы плиталармен жабылуы тиіс.

ТҚ үйжайы құрылыс қалдықтарынан тазартылуы, кептірілуі және монтаждалатын электр жабдықтың ылғалдану мүмкіндігін болдырмайтын күйге келтірілуі тиіс.

ТҚ үйжайының құрылыс бөлігін монтаждауға қабылдаудан кейін монтаждау жұмысының екінші сатысына кіріседі. Машина залының үйжайына не цехқа ТҚ не КТҚ камерасын қондыру кезінде оларды қондыру орынына жылжыту және толықтырма қиыстырмасына қондыру көпірлік кран немесе басқа көтеру-тасымалдау механизмдерінің көмегімен жүргізіледі, камераны жылжыту мен қондыру арбаның және такелаждық саймандардың көмегімен жүргізіледі.

Монтаждық жұмыстар аяқталған соң КСО әрбір камерасын бірге үш бұрышынан пісіріп дәнекерлейді, ал КРУ камерасын толықтырма қиыстырмаға кем дегенде екі орындарда әрбір төсемелерімен бірге үш тіреуіш швеллерлерден пісіріп дәнекерлейді. Швеллерлерді дәнекерлеу алдында КРУ камерасын бірінші реттік және екінші реттік тізбектердің ағытушы түйіспелерін және жерлендіруші түйіспелерін дәл келуін дөңгелету механизмнің көмегімен жұмысшы қалыпқа арбаны жайменен дөңгелету арқылы тексереді.

Осы жұмыстар орындалғаннан кейін КРУ камерасының тіреуіш швеллерлердің астында қалдырылған қарықтарды цемент ерітіндімен құяды. КСР мен КРУ камералары толықтырма қиыстырмада емес, ал анкерлік болттарда орнатылуы мүмкін. КСО мен КРУ камераларын бекіту аяқталғаннан кейін ТҚ үйжайында КСО камераларымен де, КРУ камераларымен де таза еденнің түпкілікті сылау-бояу жұмыстарын жасайды.

КТП монтаждау КРУ монтаждау сияқты орындалады. КТП жинауға кіреді: ТҚ-мен трансформатордың шықпаларын жалғау; бөлек қапта тасымалданатын автоматты ажыратқышты қондыру; жерлендіруді орындау; кабелді трансформаторға не шықпа шкапына жалғау. Бірнеше блоктардан тұратын тарату құрылғысын, кезек-кезекпен жинайды, шинаның шығып тұрушы ұшын жабушы қақпақты алдын ала ашып, ал сондай-ақ тіреуіш швеллерлерден көтеру қапсырмаларын шығарады. Шкаптардың орнату швеллерлерінің бөлек топтары 40×4мм жолақша болаттан жасалған мойнақты жалғайды.

Кернеуі 10кВ-ке дейін күштік трансформаторларды монтаждау. Трансформаторларды, ГОСТ 11677-85* бойынша дайындайды, ГОСТ-та көрсетілген талаптармен сәйкес тасымалдау мен сақтау шартында активті бөлігін ревизиясыз (өзекшені байқаусыз) эксплуатациялауға қосуға болуы мүмкін.

Радиаторлардың, кеңейткіштің және газ шығаратын түтікшенің шығарылуымен қондыру орынына жіберілетін трансформаторды монтаждауда (2500, 4000 және 6300кВА), келесі жұмыстар орындалады:

1) радиаторлар таза құрғақ трансформаторлық маймен жуылады және оларды майдың ағуы жоқ екендігіне жасаушы мекеменің инструкциясымен сәйкестікте сыналады. Тексерілген радиаторларды тік қалыпқа кранмен көтереді және трансформатордың кожухындағы патрубкалардың фланцаларын болттайды. Фланцалар арасына тығыннан немесе майға төзімді резеңкеден нығыздаушы төсегішті төсейді;

2) кеңейткішті таза құрғақ трансформаторлық маймен жуады және оны орынына қранмен орнатады. Сонан соң оны майқұбырымен және трансформатордың қақпағымен фланцтық нығыздағышқа жалғайды және майқұбырының кескішіне газдық релені орнатады. Зертханада алдын ала газдық реле тексерілуі тиіс. Газдық реленің корпусы, қалытқылардың жүйесі және реленің қалпағы орнатылғанда, корпустағы жебе кеңейткішке бағытталады. Газдық релені қатаң түрде көлденең орнатылады. Кеңейткішпен трансформатордың багін жалғайтын майқұбырын монтаждағанда, кеңейткіш жағына оны 2-ден кем емес көтеруге болады және күрт иілімдер мен кері көлбеулер болмауы керек. Кеңейткіштің макөрсеткіш шынысын орналастырғанда, оны байқап қарау үшін ыңғайлы болу керек және үш бақылау нүктелері, май деңгейіне сәйкес келетін +35, +25 және -35ºС температураларда жақсы көрінуі керек;

3) газ шығатын түтікшені таза құрғақ трансформаторлық маймен жуады және оны трансформатордың қақпағына орналастырады. Түтікшенің жоғарғы фланцасына шыны мембрананы резеңкелік немесе тығындық төсегішке және ауа шығаруға арналған тығынға орнатады. Мембрананың қабырға қалыңдығы 250мм диаметрде 2,5мм-ден артық болмауы тиіс. Газ шығаратын түтікшені нығыздаушы төсегіштерде орнатып, апаттық жағдайда май төгіліп, шиналарға, кабелдік муфталарға және көршілес жабдыққа түспейтіндей етіп жайғастырылады. Осы талаптар орындалу үшін түтікше тесігінің жанына қоршаушы қалқанды орнатады;

4) манометрлік, сынап-түйіспелік және дистанциялық термометр үшін бакелиттік немесе глифталдық лакпен сіңірілген қорғасын шайбадан немесе асбесттік баудан нығыздалуымен температуралық датчик орнатылады. Гильзаларға сынаптық немесе сынаптық-түйіспелік термометрлер орнатылып, трансформаторлық маймен толтырылып, жабылады;

5) әрбір радиаторға ценрифуганың немесе фильтр-престің көмегімен таза құрғақ трансформаторлық май, радиатордың жоғарғы тығынынан ағып кеткенше құйылады. Радиаторды трансформатордың багімен жалғайтын жоғарғы және төменгі крандарды ашып, кеңейткішті толтыруға (центрифугамен не фильтр-преспен) кіріседі. Толтыру алдында газ шығаратын түтіктің үстіндегі және трансформатордың қақпағындағы тығынды, кеңейткішті бакпен жалғайтын май құбырындағы кранды, ал сондай-ақ газдық реленің қақпағындағы кранды ашады. Майды кеңейткішке құйған кезде, радиаторлардағы ашық жоғарғы тығындардан ол төгіле бастағанша құйып, газдық реленің қақпағындағы тығынды жабады. Майкөрсеткіштегі деңгейге дейін қоршаған ортаның температурасына сәйкес келетін май құйылғаннан кейін, газ шығаратын түтіктің үстіндегі тығынды жабады. Трансформаторға құйылатын май, ГОСТ-ы қанағаттандыруы және 35кВ-тен төмен емес электр тесілуге беріктілігі болуы тиіс. Құйылатын майдың температурасы трансформатордағы майдың температурасынан 5°С-дан артық айырықшаланбауы тиіс;

6) жоба бойынша кернеу деңгейіне сәйкес келетін қалыпқа, шықпалардың-анцапфтың ауыстырып қосқышын (ораманың орамдар санын ауыстырып қосқыш) орнатады.

ТҚ екінші реттік тізбегі және оларды монтаждау қазіргі уақытта бірталай ықшамдалып қалды. КРУ мен КТП қолданылуына байланысты камералар мен қалқандардың шектерінде екінші реттік тізбектерді монтаждау бойынша жұмыстар монтаждау нысанасынан комплектілі электр жабдықты дайындайтын зауыттарға ауыстырылған. Демек, ТҚ-да КСО мен КРУ камераларынан жиналатын, ал сондай-ақ КТП қондырған кезде екінші реттік тізбектерді монтаждау бойынша жұмыстар бөлектелген камералар арасындағы сыртқы жалғауларды монтаждауға және жалпы магистралдарды жалғауғ мәліметтер жасалады.

Релелік қорғаудың аппараттары әртүрлі нормалды режим жұмысының бұзылу түрлерінде ажыратқышты ажырату үшін қолданылады. Қорғау релесін бірінші реттікке және екінші реттікке бөледі. Бірінші реттік релелерді тікелей бірінші реттік күштік тізбекке қосады, екінші реттік релелерді өлшеуіш трансформаторлар арқылы қосады. Реле тура әсер етушіге бөлінеді, ол ажыратқыштың жетегін ажырату механизмнің механикалық ілгешектеріне тікелей әсер етеді, және жанама әсер етуші реле, оның жетегінің ілгешегіне механикалық әсер етпейді, ал ажыратқыштың жетегін ажыратудың катушка тізбегін тұйықтайды.

ТҚ-да өлшеуіш аспаптар: амперметр, вольтметр, ваттметр, санауыш, фазометр және жиілікөлшеуіш. Олар ретіне сәйкес токты, кернеуді, қуатты, энергия шығынын, қуат коэффициентін (cosφ) және бірінші реттік тізбектегі жиілікті өлшейді. ЖК қондырғыларында өлшеуіш аспаптар өлшеуіш трансформаторлар арқылы қосылады.

Екінші реттік тізбектердегі сымдар мен кабелдер (басқару, сигналдаушы, бақылау, автоматика және релелік қорғау тізбектерінде. Екінші реттік тізбектерде өнеркәсіптік мекемелерге қойылатын талаптарға сәйкес алюминмыстық немесе алюминий тарамдарымен жартылай қатты алюминийден жасалған бақылаушы кабелдерді қолданған дұрыс; ал мыстық тарамдармен — тек қана екінші реттік тізбектерде: В-1 және В-1а сыныптарының қопарылысқа қауіпті аймақтарында; домендік және конвертерлік цехтардың механизмдерінің, қыспалық және үзіліссіз жоғары өнімділікті прокат стандарының бас желісінің, 1 категориялы ерекше топтың электр қабылдағыштарының тізбектерінде, ал сондай-ақ 1 мм-ге дейінгі кабелдер мен сымдардың тарам диаметрінде 60 В-тен жоғары емес жұмысшы кернеуімен тізбектерінде кездеседі.

Бақылаушы кабелдердің тарамдарының екінші реттік тізбектерінде механикалық беріктігінің шарты бойынша қимасы болу керек: пенелдер мен аппараттардың қыспасына бұрандама астында жалғаған кезде – мыс үшін 1,5 мм-ден кем емес (ал арнайы қыспаларды қолданғанда – 1 мм-ден кем емес) және алюминий үшін 2,5 мм-ден кем емес; ток трансформаторының тізбектері үшін – 2,5 мм мыс үшін және 4 мм алюминий үшін; жауапты емес тізбектер үшін, бақылаушы және хабарлаушы тізбектер үшін қимасы 1 мм кабелдердің мыс тарамдарын бұрандама астында жалғауға рұқсат етіледі. Жұмысшы кернеуі 60 В тізбектерінде және дәнекрлеп жалғанатын кабелдердің мыс тарамдарының төмен диаметрі 0,5 мм-ден кем болмауы тиіс.

Бақылаушы кабелдер резеңкелік немесе пластмассалық оқшауламасымен келесі маркілер қолданылады: траншейлерде (жерде) төсеген кезде төменгі коррозиялық активтілігінде — КРСБ, КРНБ, АКРНБ, КРВБ, АКВРБ, орташа және жоғарғы коррозиялық активтілігінде және адасушы токтардың жоғары деңгейінде — КПБбШв, АКПБбШв, КВБбШв, АКВБбШв, КВПбШв, КППбШв; үйжай ішінде ашық қиыстырма бойымен, астаулар мен қораптарда, арналар мен туннелдерде төсеген кезде — КРСГ, КРВГ, АКРВГ, КРНГ, АКРНГ, КПВГ, АКПВГ, КРВБГ, КРВБбГ, КРНБГ, АКРНБГ, КРНБГГ, КРНБГр, КВВБГ, АКВВБГ, КВВБбГ, АКВВБбГ, КПВБГ, АКПВБбГ, КПВБбГ; бұл да, бірақ агрессиялық орталардың жағдайларында — КПВБ, АКПВБ, КВБбШв, АКВБбШв.

Екінші реттік тізбектердің бақылаушы кабелдерін монтаждау. Екінші реттік тізбектерді монтаждау кезінде талаптарды ұстау қажет, оның ішінде келесілерді:

— қыспалардың жинауына немесе аппаратына жалғанатын екінші реттік тізбектердің кабелдерінің, кабелдер мен сымдардың тарамдарының маркіленуі болу тиіс;

— кабелдерді, міндетті түрде, қыспалардың жинауына жалғанғаны дұрыс. Кабелдің екі мыстық тарамдарын бір винт астына жалғауға ұсыныс берілмейді, ал екі алюминийлік тарамдарды рұқсат етілмейді;

— өлшеуіш трансформаторлардың шықпасына немесе бөлек аппараттарға кабелдерді тікелей жалғауға рұқсат беріледі. Қыспаларды орындау кабелдердің материалына және тарам қимасына сәйкес келуі тиіс;

— бақылаушы кабелдерді, олардың ұзындығын көбейту мақсатымен, егер кабелдің құрылыс ұзындығын трассалар асқанша жалғау. Металл қабықшасы бар кабелдерді жалғау, герметикалық муфталарды қондыруымен жүзеге асырған дұрыс;

— металл емес қабықшамен немесе алюминий тарамдарымен кабелдерді, қыспалардың аралық қатарларында немесе кабелдің берілген типі үшін арналған, арнайы жалғаушы муфталардың көмегімен жалғанғаны дұрыс;

— резеңкелік оқшауламасымен бақылаушы кабелдерді минус 20°С-дан кем емес температурада төсейді, ал поливинилхлоридті қабықшасымен немесе оқшауламасымен бақылаушы кабелдерді — минус 15°С-дан кем емес.

Жиынтық қыспалар. Қалқан панелінің, пульттің, шкаптың, комплектілі құрылғының немесе ТҚ-ң камераларының шектерінен шығатын екінші реттік тізбектерді, жиынтық қыспаларына шығарады. Бір жағынан қыспаға панелдің, құрылғы камераларының ішкі сұлбасының сымдарын жалғайды, басқа жағынан – сыртқы жалғаулар сұлбаларының бақылаушы кабелдерін жалғайды.

Сымдарды маркілеуді монтаждау сұлбаларымен сәйкестілігінде орындайды. Маркілеуге бояу жағады немесе жиынтық қыспасына немесе аспаптар мен аппараттардың түйіспесіне жалғанатын, сымдардың ұштарына кигізілетін барлық ұштамаларға арнайы сиялармен жағады. Ұштамалар мен биркаларды оқшауламалық материалдардан жасайды: пластмассалар, фибрлар және с.с. биркалардағы, ұштамалардағы және қыспалардағы жазуларды өшіріліп қалудан және ластанудан қорғау үшін түссіз лакпен жабады.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *