Изоляторлар

ЭБЖ тіреуіне сымдар мен арқансымдарды бекіту үшін изоляторлар қолданылады.

Эксплуатациялау жағдайларында изоляторлар электр кернеуде болады және сымдардың салмағынан, олардың тартылуынан, көкмұздың жабысуынан, вибрация мен «тербелу» желдің арынынан механикалық жүктемені біруақытта қайта қабылдайды. Сондықтан желілік изоляторлар жоғарғы электр техникалық механикалық беріктілікке ие болуы тиіс.

Изоляторлар электр техникалық фарфордан жасалады, ол глазурь қабатымен жабылады және пештерде күйдіріледі, ал сондай-ақ арнайы құрышталған шыныдан жасалады. Фарфорлық изоляторларға қарағанда, шынылық изоляторлардың механикалық беріктілігі жоғары, олар өлшемдері, салмағы аз және баяу ескіріді.

Бекіту тәсіліне байланысты изоляторлар тіреуде болады:

— штырлік изоляторлар, олар ілмектерде немесе штырлерде бекітіледі;

— ілмелік изоляторлар, олар гирляндаға жиналады және арнайы арматураның тіреулерінде бекітіледі.

Штырлік изоляторлар 35кВ дейінгі ӘЖ-де қолданылады және әріптермен белгіленеді, олардың қиыстырмасын немесе арналымын көрсетеді (Ш — штырлік, Т — телеграфтық, Н — төменгівольттік, Р – радиотораптар үшін), материалы (Ф-фарфор, С-шыны), орындалуы (А, Б, В, Г), ал сондай-ақ сандармен, олардың номиналь кернеуін көрсетеді (10, 20, 35) немесе ішкі ойманың диаметрі (төменгі вольттік).

1кВ дейінгі ӘЖ-де штырлік изоляторлардың маркісі орнатылады:

— фарфорлық – ТФ-12, ТФ-16, ТФ-20 (Т — телеграфтық, Ф — фарфорлық, сандар – ойманың диаметрі); РФО-10; 12; 16 (радиотораптар үшін);

— шынылық – НС-16, НС-18 – сандар – ойманың диаметрі.

3…35кВ ӘЖ-де:

— фарфорлықтар – ШФ-10-Г, ШФ-20-В, ШФ-35-Б (штырлық, фарфорлық — 10, 20, 35кВ; Г, В, Б — орындалуы);

— шынылықтар – ШС-6, ШС-10А, ШС-10Г (штырлық, шынылық — 6, 10кВ, А, Г- орындалуы); ШД-20, ШД-35 – ӘЖ20-35кВ арналған, екібелдемшелі (сандар — кернеуі).

Полимерлік изоляторлар сериясы ЛК қорғау қабықшасы бар шыны пластикадан және органикалық резеңкелік кремнийден жасалған.

Ілмелік изоляторлар ӘЖ-35кВ және жоғарыда қолданылады, ал сондай-ақ ӘЖ-6-10кВ, егер штырлық изоляторлардың беріктілігіне механикалық жүктемесі болса (мысалы, ауыр сымдармен анкерлік тіреуі, үлкен өтпелерде және т.с.).

Ілмелік изоляторлар фарфорлық және шынылық оқшауланушы бөлшектерден тұрады, «тәрелке» деп аталады және металл бөлшектер – шәпкелер шыңдалған шойыннан және пестик пішінде стерженнен жасалған. Шәпке мен стерженді цементтік байлам арқылы тәрелкемен бекітеді, маркесі 500 төмен емес портландцемент пайдаланылады. Шәпке ұясының және стержень басының қиыстырмасы гирлянданы комплектілеу кезінде изоляторлардың сфералық шарнирлік жалғауын қамтамасыз етеді.

Маркілеу: П – ілмелік, Ф – фарфорлық, С — шынылық, М – кішігабариттік, Г – кірұстағыш; сандар – изолятордың беріктігі тонналарда, А, Б, В, Д — модификациясы.

— фарфорлықтар – ПФ6; Ф70 – В; ПМ-4,5; ПФГ;

— шынылықтар – ПС-16Б; ПС70-Д; ПСГ70-А.

Ілмелі изоляторлардан гирляндаларды құрастырады. ӘЖ-ң кернеуі жоғары болған сайын, гирляндада изоляторлар көп болады. Мысалы, ӘЖ-35кВ – гирляндада 3 изолятор, ӘЖ-220кВ – гирляндада 10…14 изоляторлар. >1кВ кернеуде изоляторлардың оқшауламасының кедергісі 300МОм-нан кем емес болуы тиіс.

Тауларда, батпақта, үлкен өткелдерде тұрғызылған ӘЖ-де тек қана шынылық изоляторларды қолдану ұсынылады.

Сызықтық арматура

Гирляндаға изоляторларды жалғау, оларға сымдар бекітіледі, тіреулерге гирлянда ілінеді, сымдарды жалғау және басқаларды сызықтық арматура деп аталатын арнайы типтік бөлшектердің көмегімен орындалады.

Штырлік изоляторларды тіреулерге крюктермен және штырлермен бекітеді (крюктер КМ-12, 16, 18 (төменгі вольттік) және КВ-22, 25 (жоғарғы вольттік) және штырліктер С-12, 14, 16 – ӘЖ-0,38кВ үшін; Ш-22, ШУ-22, ШВ-22 – ӘЖ-6…20кВ үшін).

Сандар – штырдің жоғарғы ұшының немесе крюктің тілінген бөлігінің диаметрі. Крюктер тікелей ағаш тіреуге бұралып, ал оларға изоляторлар бұралып бекітіледі.

Штырлер изоляторларды ағаштан не темірбетоннан жасалған траверстерге бекіту үшін қызмет етеді. Изоляторлар олифтегі сурикпен сіңірілген паклдермен штырлерге не крюктерге бұралады. Сондай-ақ арнайы полиэтиленді қалпақшалар қолданылады, оларға изоляторлар кигізіледі.

Коррозиядан қорғау үшін барлық металл бөліктерін асфальттік лакпен бояйды.

Штырлік изоляторларға сымдарды бекіту әдетте, сол сым материалымен талсымдық баулармен не арнайы қыспалармен орындалады.

Сызықтық арматура арналымына байланысты бес негізгі түрлерге бөлінеді:

1) керу арматурасы анкерлік тіреулерге сымдарды бекіту үшін арналған және қыспалар түрінде орындалады. Олар сыналық, болат сымдар мен арқансымдар үшін сына-коуштер, болттықтар, престелетіндер. Сыналық қыспаларда сым сыналардың көмегімен бекітіледі, болттықтарды – болттардың көмегімен, престелетіндерде – сымның жанжағын қыспа түтікшені престеу арқылы. Коуш арқансымды иілу мен бекіту орындарында механикалық зақымдалудан қорғайды.

2) ілмелі ұстаптұрушы арматура аралық тіреулерде ілмелі изодяторларға сымдарды бекіту үшін арналған, және ақырғы, шықпалы тербелмелі қыспалар түрінде орындалады. Ақырғы қыспаларда сымды толық бекітеді, ал шықпалыларда оларды солай қатты етіп бекітеді, бірақ сым үзілген кезде не 40-45°-қа вертикалдан гирляндалар ауытқығанда қыспалардан олар сырғанайды; сымды қайықшада бекітеді, ол қыспада тербелуге мүмкіндік береді.

3) тіркелмелі арматура гирляндаға ілмелі изолятлрларды тіркеу және оны тіреуге ілу үшін арналған. Бұл әртүрлі қапсырмалар, сырғалар, құлақшалар, иінағаштар.

4) жалғаушы не түйіспелік арматуралар аралықтарда сымдар мен арқансымдарды жалғау және тармақтау үшін, ал сондай-ақ анкерлік типті тіреулерде сымдарды жалғау үшін қызмет етеді. Бұл үшін сопақша жалғаушы қыспалар және тұзақтық жалғаушы қыспалар қолданылады. ӘЖ сымды жалғау тұзақтық жалғаушылармен престелген не термиттік пісірумен анкерлік және бұрыштық тіреулердің тұзақтарында орындалады; аралықтарда – сопақша монтаждалатын бұрау жалғаушылармен не престеумен.

5) қорғау арматурасы электр разрядтың доға зақымдалуынан ілмелі изоляторларды қорғау үшін, бөлектелген изоляторлар арасындағы кернеуді көбірек біркелкі тарату үшін, ал сондай-ақ вибрация салдарынан болатын бұзылудан сымдарды қорғау үшін арналған. Оларға жатады: тәжделуден және гирлянданың изоляторлар арасындағы теңестіруші потенциал арматурасын қорғайтын қорғау сақиналары; 40мм разрядтық аралықтармен ілмелі изоляторларды орнатылатын разрядтық мүйіздер және қимасына және аралық ұзындығына байланысты 2-6кг (шойын) жүк массасымен инерциялық типті вибрацияны өшіргіштер. Жүктер ілінетін арқансымның ұзындығы 0,3…0,6м-ді құрайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *