Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларын монтаждау.

 

 

1. Жалпы мағлұматтар.

Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары – бұл арнайы электр техникалық құрылғылар, үйжайларды, ғимараттарды, территорияларды, сондай-ақ, жануарларды, құстарды немесе ауылшаруашылық өнімдерін УК сәулелендіруге және ИҚ жылытуға арналған.

Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларының негізгі элементтері жарықтандырғыштар және сәулелендіргіштер болып табылады.

Жарықтандырғыш – бұл жарықтандыру көзінен және арматурадан тұратын, жақынға эсер етуші жарықтандыру аспабы.

Сәулелендіргіш – бұл УК- немесе ИҚ-сәуле көзінен және арматурадан тұратын, аспап.

Жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштер арматурасы сәулелендіру ағынын таратуға, жарық көзін механикалық зақымдалудан қорғау, оны бекітуге, оған электр энергиясын әкелуге және сәлелендіру көзінің соқырлату әсерінен адамның көзін қорғау.

Арматура тұрқыдан, шағылыстырғыдан, шам ұстатқыштан (немесе потроннан) және бекіту бөлшегінен тұрады. Одан басқа, шашыратқыш немесе қорғау шынысы, ал газ-разрядтық шамдарымен тағы да жүргізу-реттеу аппараттары (ЖРА) болуы мүмкін. ЖРА құрамына индуктивтіліктің арнайы катушкасы немесе арнайы трансформатор, стартер (қосқыш), конденсатор және басқалар кіреді.

Жарықтандырғыштарда жарық көзі ретінде ЛН, ЛЛНД және ГРЛ ВД пайдаланылады.

Сәулелендіргіштерде төменгі қысымды эритемді шамдары типі ЛЭ және ЛЭР, төменгі қысымды бактерицидтік шамдар типі ДБ және жоғарғы қысымды доғалық кварцтық шамдар типі ДРТ ультракүлгін сәулесінің (УКС) көздері болып табылады.

ИКЗ, ИКЗК (ИКЗС) шамдары және галогенді қыздыру шамдары типі КГ, КГИ және басқалар инфрақызыл сәулесінің (ИҚС) көздері болып табылады.

Жарықтандырғыштарда және сәулелендіргіштерде ілуге арналған әртүрлі құрылғылар болады: трубаға бұрауға арналған оймасы бар патрубок, ілмекке ілуге арналған сақинасы бар патрубок, декоративтік розеткасымен ілуге арналған қапсырмасы бар штанга, дюбелдерге бекітуге арналған тесік. Шам ұстатқыштар ретінде әртүрлі патрондар, фиксациялаушы ойықтарымен колодкалар, ал шамға ток беруші ретінде – жылуға төзімді оқшауламасы бар мыс сымдар.

Жарықтандырғыштар жіктеледі: жарық көзінің түрі, қолданылуы, қондыру тәсілі, судан, шаң-тозаңнан және басқалардан қорғау бойынша. Көрсетілген белгілер жарықтандырғыштардың белгілеулерінде және шаң-тозаң мен судан оларды қорғау дәрежелері байқалады.

Жарықтандырғыштардың шартты белгілерінің құрылымы ГОСТ 17677-82 сәйкес, мынадай:

1-ші әріппен жарық көзін белгілейді: Н – қыздыру шамы (қ.ш.), Л – люминесценттік шам (л.ш.), НД – тура трубкалық, Ф – фигуралық л.ш., Р – сынаптық шам (ДРЛ), Г – металл-галогендік (ДРИ), Ж — натрийлік (ДНаТ), К – ксенондық (ДКсТ), Э — эритемдық, Б — бактерицидтік, З – айналық шам, С — жарықтандырғыш, И — галогендік.

2-ші әріппен – жарықтандырғыштарды қондыру тәсілі: С — ілмелік, П — төбелік, Б — қабырғалық, Н — стөлдік, Т — едендік, В – құрылғымалы, К — консолдық, Р – қолдық тораптық, Ф – аккумуляторлық фонарлар.

3-ші әріппен – жарықтандырғыштардың арналымы: П – өнеркәсіптік мекемелер үшін, Р – рудниктер мен шахталар үшін, О – қоғамдық үйжайлар үшін, Б — тұрмыстық, У – сыртқы қондырғылар (көшелік) үшін.

Жарықтандырғыштардың белгілеулерінде әріптерден кейін сандар болады:

2-таңбалы сандар 01-ден 99-ге дейін серия нөмірі, келесі сан – шамның саны (бірден артық) және көбейту таңбасы арқылы шамның қуаты (егер жарықтандырғыш біршамды болса, онда сериядан кейін бірден дефис арқылы шамның қуаты жазылады); келесі 3-таңбалы сандар – 001-ден 999-ға дейін – жарықтандырғыштың модификациясы; соңғы әріптер мен сандар – климаттық орындалуы және орналастыру категориясы.

Шартты белгілеулермен қатар жарықтандырғыштардың жеке атаулары болуы мүмкін, оны жасаушы зауыттар береді, мысалы, «Астра», «Бирюза», «Лада» «Орфей» және басқалар, маркілеудің соңында көрсетіледі.

Мысалы: НСП01-200-003-У4; ЛСО04-4×40-004-УХЛ; ННБ02-2×40-005-У4-«Орфей», ЛСП15-2×65-«Лада».

Ауыл шаруашылығында тек қана жеке аталуы болатын типі ПВЛМ және ПВЛП – шаң-тозаңнан ылғалдан қорғалған, люминесценттік, модернизацияланған (М) немесе пластмассалық тұрқыдағы жарықтандырғыштар қолданылады.

Мысалы, ПВЛМ 1×40 және басқалар.

ВЗГ-200М – қопарылыстан газдан қорғалған герметикалық.

УК, ИҚ және комбинирленген сәулелендіргіштер, сол сияқтылар ЭО-1-30М, ОЭСП02-2×40, ОРИ-1(ИК), ИКУФ, ЛУ2, УО-4М және басқалар.

2. Монтаждауға қойылатын талаптар.

Электр жарықтандыру жабдығын қабылдап алу кезінде тексерілуі тиіс: жарықтандырғыштардың сымдармен жалғануы, бекітуге арналған конструкциялық элементтердің бар екендігі, қорғаушы шынылардың бар екендігі және арматураның басқа элементтері. Тұрқыларында, кірмелік құрылғыларда, шыны қорғаушы қақпақтарында жарығы бар және басқа зақымдалулары бар жарықтандырғыштар монтаждауға қабылданбайды. Жарықтандырғыштардың сымдардың жалғануы жоқ болған кезде, оны жалғау керек, ал коррозиядан қорғауға арналған жарықтандырғыштардың металл бөлігінің бояуы зақымдалған кезде, оны ылғалға төзімді бояумен (лакпен) бояулау керек.

Жалпы жарықтандырудың жарықтандырғыштары әдетте, 2,5 метр және артық биіктікте орнатылады, олардың ток жүретін бөлігіне кездейсоқ тиіп кетуі болмаған жағдайда, таза еден деңгейінен 2,5 метрден кем биіктікте орнатуға рұқсат етіледі.

Жарықтандыруды басқаруға арналған қалқандар мен пункттер еденнен қалқанның жоғарғы бетіне дейінгі 1,8…2 метрден артық емес биіктікте орнатылады. Оларды терезелер мен есіктердің үстіне орнатуға рұқсат етілмейді.

Жарықтандыру торабында ажыратқыштар мен ауыстырып қосқыштарды таза еден деңгейінен 1,5 метр биіктікте, штепселдік розеткаларды – 0,8…1 метр биіктікте орнатылғаны дұрыс. Батырылып орнатылған штепселдік розеткаларды 0,3 метр биіктікте орнатуға рұқсат етіледі, бірақ шанышқы (вилка) шығарылған кезде жабылатын розеткалар, қорғаушы құрылғылар ұсыналады. Штепселдік розеткалар технологиялық жабдықтан, батареядан, трубадан және басқа жерлендіру бөлшектерден 0,5 метрден кем емес қашықтықта алшақтау болуы тиіс. Ажыратқыштарды орнатқанда, олар ашылатын есікпен жабылып қалмауы тиіс.

Жарықтандыру торабының екі сымдық желілерінде ажыратқыштар фазалық сымның тізбегінде (бір полюстік) орнатылады. Қауіптілігі жоғары үйжайларда екі полюстік ажыратқыштарды қойған дұрыс, яғни фазалық сымға да, нөлдік сымға да және сақтандырғыштар фазалық сымға да, нөлдік сымға да қойылады.

Қыздыру шамы үшін патрондардың орталық түйіспесін фазалық сымға, ал винттік гильзаларды нөлдік сымға жалғайды.

Рычагтық және клавиштік тұтқалары бар ажыратқыштар мен автоматтар орнатылады, себебі, жарықтандыру тізбегін қосқанда, тұтқа жоғары қарай қозғалуы тиіс (клавиштің жоғарғы бөлігін басқанда). Штепселдік розетканы орнатқанда, оның ұясы горизонталь бойымен жайғасқаны дұрыс. Жарықтандыру торабында, әдетте, 6 және 10 А-ге бірполюстік штепселдік жалғаулар цилиндрлік және жалпақ түйіспелерімен (штырлармен) қолданылады.

Крюктердің бекітілу және басқа саймандардың беріктігі массасы 100 кг-ға дейінгі ілмелі жарықтандырғыштар үшін бесеселік массамен t = 10 мин, ал 100кг-нан артық – екіеселік массамен +80кг-да сыналады. Жарықтандырғыштарды дюбелдерде төбеге бекіткен кезде, ілменің әрбір нүктесін жарықтандырғыштың үшеселік массасымен +80кг-да сыналады.

3. Жарықтандырғыштарды және сәулелендіргіштерді монтаждау.

Жарықтандырғыштарды монтаждау басқа электр қондырғылары сияқты, даярлау, жинау және орнында монтаждау жұмыстарынан тұрады.

Даярлау жұмыстарында жарықтандырғыштарды және олардың конструкциясын ұстап тұрушылардың қондыру орнын белгілеу, тесіктерді, тесік өткелдерді, бекітуші бөлшектерді қондыруға арналған ұяларды бұрғылайды. Бұл кезде, егер төбе (қайта жаппа) жабық болса, онда оған тесікті соққылап немесе бұрғылап жасайды, ол арқылы қысқа болтты немесе шпильканы жіберіп, жоғарғы жағынан гайкамен бекітіледі. Егер төбе қуысты (мысалы, көпқуысты панель) болса, онда крюктерді панельдердің қуысына талсым ілгешектің көмегімен бекітіп, сонан соң тесікті цементтік ерітіндімен сылайды.

Қабырғаларға, колонналарға, фермалардың төменгі негіздемесіне жарықтандырғыштарды кронштейндердің көмегімен, бекітілген дюбелдермен, қамыттармен, болттармен және с.с. бекітіледі. Арқансымды электр тартылымда жарықтандырғыштарды арқансымдық қорапшаларда бекітілген крюктерге іледі.

Жинау жұмыстарының кезінде жарықтандырғыштардың ақаусыздығы және түгелдігі тексеріледі. Түгел емес жарықтандырғыштардың жетпейтін бөлшектері түгелденеді. Егер зарядталмаған (жалғанбаған) жарықтандырғыштар түссе, онда оларды зарядтайды (жалғанады). Жарықтандырғыш зарядталған деп есептеледі, егер оның ішінде патроннан немесе шам ұстағыштан қыспаға дейін сым қойылып, оларға тораптың сымы немесе кабелі жалғанады. Зарядтау үшін маркасы ПРК, ПРКС (мыс) сымдары қолданылады. Жарықтандырғыштар зарядталған соң сыналады.

Жарықтандырғыштарды монтаждау, оларды негіздемеге бекіту, қоректендіруші торапқа жалғау және ток жүретін бөлшектерді жерлендіру негізінде мәліметтеледі.

Жарықтандырғыштарды ұстап тұрушы негіздемеге крюктердің немесе сақиналардың көмегімен; кронштейнге немесе трубаға – оларға арнайы патрубкаларды бұраумен; декоративтік розеткаға – қапсырмасы бар штангамен; негіздемеге – атылатын дюбелдермен бекітіледі. Жарықтандырғыштар негіздемеге тікелей немесе түсудің әртүрлі ұзындық бойымен бекітілуі мүмкін. Түсулер қуыс штангаларда, ал қысқа түсулер – диаметрі 1,5мм болат сымдармен (ілмелермен) орындалады. Түсулер (ілулер) 0,3-0,5м-ден артық емес ұзындықпен жасалады, себебі, желдеткіштер мен калориферлерден шығатын ауаның қатты қозғалу кезінде тербелуді болдырмау.

Жарықтандырғыштар қоректендіру торабына кірмелік блоктардың, қалыптардың, қыспалардың, штепселдік жалғаулардың көмегімен, яғни механикалық тәсілмен жалғанады.

4. Жерлендіру және электр жарықтандыру қондырғыларындағы қауіпсіздік шаралары.

Электр жарықтандыру қондырғыларын, әдетте, торапқа фазалық пен нөлдік сымның арасына, яғни 220В-ке қосады.

Біліксіз қызметшілердің де, балалардың да, тұрғын, қоғамдық және өндірістік үйжайлардағы жарықтандыру қондырғыларына кіруі оңай. Сондықтан барлық өндірістік үйжайларда бейнет-жазымды болдырмау үшін (токты нашар өткізетін ағаш немесе асфальт едені бар құрғақ үйжайларды ескермегенде), ал сондай-ақ, сыртқы қондырғылардағы жарықтандырғыштардың, қалқандардың, ажыратқыштардың және штепселдік розеткалардың металл тұрқылары, металл трубалар және сымдар мен кабелдердің қабықшалары жерлендіріледі. Жерлендіруші өткізгішті жарықтандыруға жалғау, диаметрі 4 мм кем емес жерлендірудің винт астына арнайы өткізгішпен орындалады.

Штепселдік розеткаларды жерлендіруші бөлшектерден (трубалардан, радиаторлардан және т.б.) 0,5м-ден кем емес қашықтықта орнатылады.

Автоматтарда және тығындық типті сақтандырғыштарда бұранды гильза нөлдік сымға қосылуы керек, себебі, тығынды бұрап алған кезде (автомат ажыратылғанда) ол кернеусіз қалғаны дұрыс.

Бірполюстік ажыратқыштар және автоматтар нөлдік сымды емес, ал фазалық сымды кесуге орнатылады.

Ереже бойынша ажыратқыштар мен штепселдік розеткалар дымқылды және ылғалды үйжайлардан тыс орнатылады. Оларды дәретханаларда, ванналық бөлмелерде, моншаларда және монша алдындағы киімшешер орындарда орналастыруға тыйым салынады. Жерлендірілмеген екінші реттік орамасы бар бөлгіш трансформатор арқылы торапқа жалғанатын, ванналық бөлмелердегі штепселдік розеткалар үшін ғана рұқсат етіледі.

Адамдардың қауіпсіздік мақсатында тұрғын және қоғамдық үйжайлардың ванналық бөлмелеріндегі, су құбырының және канализацияның трубаларына жарықтандыру торабының сымдары тұйықталуға мүмкін кезде, моншалардағы, емханалардағы және басқа осыған ұқсайтын үйжайлардағы ваннаның металл тұрқысы, душтың металл төсемшелері металл өткізгіштермен потенциалды теңестіру үшін су құбырының трубаларына жалғанады.

Көрсетілген үйжайларда оқшауланушы материалдардан жасалған тұрқыларымен, тереңдетілген патрондарымен жарықтандырғыштар (патрондар) қолданылады. Қауіпсіздігі жоғары немесе ерекше қауіпті үйжайларда жарықтандырғыштарды 2,5 метрден кем биіктікте қондырған кезде, арнайы құралсыз шамға жолау мүмкіндігін болдырмайтын жарықтандырғыштар қолданылады және жарықтандырғышқа кіру трубаларда (металл) орындалады, кейде 36В-тен артық емес кернеу қолданылады.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *