Оқулыктарда ертегілердің қара сөзбен жазылған түрлерімен катар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген.
Ертегілер 5-9-сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болсын, балалар оны ерекше кызығушы-лықпен оқиды. Балаларды тартатын — оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір кызыкты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Оқиға қызығымен кететін балаларға ертегі арқылы қандай білім беруге болады, икем-дағдысына кандай талаптар қою керек? Міне, бүл мәселелер әр мүғалімді толғантуы, ойландыруы тиіс. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.
— Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту. Яғни әдеби-теориялық үғымдар беру;
— Сюжет пен композициядағы жымдастық, тұтастық,
өзіндік ерекшеліктерді білдіру;
— Тіл күрыльісь; үйкаспен, тақпакпен келуі, баяндау,
суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі,
оқиғаларының кызьщтығы, жатыктығы. Ертегінің бай тілі
— халкымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы,
тарихи тілі екендігі.
— Ертегі негізінде халкымыздың асыл арманы, ұшқыр
киялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-қүлкының, тыныс-
тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық
арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен
аяқталады.
Ертегілерді оқытуда кандай өдіс-төсілдер, оку форма-лары, сабақ типтері тиімді саналады?
«Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту, мазмүнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгерте отырып, оның негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы сөз қозғау. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сакталынған толық жоспар, ең басты оқиғалгуэға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу/әр эпизодқа ат кою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойлабтыру, оқушылардың кабілеті, икем-дағдысын арттыруға байланысты жүмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер күрастыруға баулу.4іікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмүндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмүндату мөселелерін ойластыру. Ертегілерді оқыту жолдарын «Керкүла атты Кендебай» ертегісі (5-сынып) арқылы карастырайық.
Ертегі мазмүнын толық меңгерту, мәтінді оқыту мақсатында, өрі мүньщ оқушылар оқығалы отырған түңғыш көлемді ертегі екенін ескеріп, мүғалім оны эпизодтарға бөліл, көрнекі етіп жазып қояды. Оқу, талдау барысында сол бөліктерге оқушыларға ат қойғызады. Ертегіні мына эпизодтарға бөлуге болады:
I. Кендебайдың тууы жөне Керкүла қүлын тарихы.
II. Мергенбай батырдың баласы, оның басынан өткен
жайлар.
III. Кендебайдың Мергенбайды іздеп, сапарға аттануы,
Керкүланың көмегі.
IV. Кендебайдың малшы болуы.
V. Алтын қүйрықты қүлын тарихы. Оны Кендебайдың
тауып, хан қолына табыс етуі.
VI. Ханның жаңа шарты, Кендебайдың оны да орындауы.
VII. Ата-анасына қосылып, баланың бакытқа жетуі.
Кендебай батырдың елі.
Ертегіні оку барысында мүғалім: «Балалар, казір мына эпизодты оқимыз, онда қандай окиғалар болады екен, көне, тыңдап отырайық», — деп, олардың назарын үнемі негізгі эпизодтарға аударып отыру керек. Эпизодты оқып болған соң, сүрақтар арқылы қолма-қол мазмүндатудың маңызы зор болмақ.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Мысалы, 1-эпизодка
1. Ертегі кандай сөздермен басталды?
2. Қазанкап кедейдің іс-әрекеті, кәсібі туралы не айтылған?
3. Кендебай дүниеге калай келді? Оның сипатын, мергендігін айтып бер.
4. Кендебай Керқұла кұлынға қалай ие болды? Құлын калай өсті?
Мазмүндап болған соң, эпизодқа тақырып қою жүмысын жүргізу керек. Онда да балалардың өз пікіріне жол ашқан жөн. Балалармен бірге бүл көріністерге, «Кендебай және Керқүла крын тарихы» деген тақырып қоюға болады. Мұғалім(эпизодқа такырып қоюдың негізгі шарттарын балаларға түсіндіреді, яғни тақырып сол эпизодтың ең басты, негізгі оқиғасы айналасында қойылатынын ескертеді.
Ертегі мөтінін оқу да бірнеше әдіс-тәсілмен жүргізіледі. Мүғалім езі мәнерлеп оқып, балаларды да қатыстырып отыруы керек. Бүкіл сынып болып, кезектесе оқуға немесе жекелеген балаларға оқытуға да болады. Соңғысында балалар мәтінді үнемі іштей ілесе оқып отырады, мәнерлеп окуға дағдыланады, мүғаліммен бірге бәрі де мәтінмен жүмыла жүмыс істейді. Сондай-ақ эпизод бойынша кезектесе окудың да тиімділігі бар (тактадағы көрнекілікті негізге алып). Ертегі мазмүнын меңгерту кезеңінде қызыкты эпизодтарынан инсценировка көрсетуге болады (үйірме мүшелерінің көмегі, жоғары сыныптың кабілетті оқушы-ларымен). Онда кездесетін архаизм сөздерге түсінік беріп, сөздік жүмысын жүргізу — басты тәсілдердщ бірі.
Содан кейін ертегі мәтінін мазмүндату жүмыстары басталады. Мазмүндату да бірнеше өдіс-тәсілдермен жүргізіледі. Мысалы:
а) мөтінге жуык толык мазмүндау;
ә) эпизодтарға байланысты басты окиғаларын теріп мазмүндау;
б) өздеріне үнаған оқиғаларды ғана мазмүндау;
в) мүғалім сұрағына жауап-мазмұндау.
Мазмүнын толық меңгерткеннен кейін, ертегіге әдеби талдау жүргізіледі. Әдеби талдауды түсіндірмелі өдіс, проблемалык баяндау, сүрақ-жауап, практикалық тап-сырмалар (проблемалык сипаттардағы сүрақ, тапсырмалар берудің тиімділігі зор), әңгімелесу, пікірлесу, т.б. әдіс-тәсілдер арқылы окушылардын өзін қатыстыра отырып, жүргізген дүрыс.
Өдеби талдауды төмендегі үлгіден көруге болады.
Мүғалім баяндауының үлгі-жоспары. Әдіс-төсілдер.
Жоспар: Өдіс-тәсілдер
— Ертегі — ауыз өдебиетінің бір Өңгімелеу, баяндау
саласы. Өзіндік ерекшеліктері
— «Керкұла атты Кендебай» ертегісі, Баяндау, сұрақ-жауап,
оның киял-ғажайьш сипаттары окулық пен жұмыс (кейбір
киял-ғажайып оқиғаларды
балаға тапкызу)
— Ертегі негізінде жаткан басты Сұрак-жауап, баяндау,
мөселелер әңгімелесу
— Басты кейіпкерлер. Кендебай Сұрақ-жауап, иллюстра-
бейнесі. Кендебайға мінездеме циялар. Окулыкпен жұмыс.
Мұгалім баяндауы
Окушыньщ ауызша суреттеуі
— Жетім бала Сұрак-жауап. Өңгімелесу.
— Хандарга мінездеме Сұрақ-жауап, баяндау,
өңгімелесу. Салыстырмалы
мінездеме
— Керқұла ат туралы Окулықпен жұмыс, окушы
өңгімесі
— Ертегінің көркем тілі, халыктың Практикалық жұмыс,
тілі, кұрылысы, маңызы баяндау, сұрақ-жауап
Оқушыларға қойылатын сүрактар проблемалык сипатта (іздендіру өдісінің элементтері бар) болуы керек, себебі ол оқушылардың ойлау белсенділіктерін арттырады, білімді өз ынталарымен алуға жағдай жасайды.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
(сыныпта, үй тапсырмасында колданылады).
1. «Керкұла атты Кендебай» ертегісі неге қиял-ғажайып ертегісіне
жатады?
2. Ертегі арқылы хальщ нені айтпак болған?
3. Халык арманын кай жерден көруге болады?
4. Өзіңе Кендебай ұнай ма? Әсіресе, қандәй мінездері, іс-өрекеттері
ұнайды?
5. Кендебай аркылы халык нені армандаган, соны айтуға тырыс.
Қалай ойлайсың, Керқұла ат болмаса, Кендебай Мерген батырды
кұтқара алар ма еді?
7. Керкұла ат аркылы халық не айтпакшы болған?
8. Екі ханға салыстырмалы мінездеме бер. Өзіңше кайоысы өте
ұнамсыз, әділетсіз?
9. Жетім баланың ертегідегі орны туралы өнгімеле. Қалай ойлайсың,
егер ол бала Кендебайға кезікпесе, ертегі дәл қазіргідей қызьщты болар
ма еді?
10. Ертегіні өзің ары карай калай жалғар едің?
11. Кендебайға ұқсағыларьщ келе ме? Келсе, әсіресе, кай касиетіне
ұқсағың келеді?
12. Ертегіден ұйкасты сөз тіркестерін тап. Өзіңе ұнаған жаксы сөз
болса, дәптеріңе жазып ал.
5-сынып оқулығында бірнеше ертегі беріледі. Оларды окып, талдап болған соң, қорытынды сабақ ретінде са-лыстыру жүмыстарын жүргізудің маңызы зор. Мұндай жүмыс оқупіылардың ертегілерді жанрлык жағынан бір-бірінен ажырата білулерін, ортақ, үқсас мәселелерін, үндестіктерін, өзіндік ерекшеліктерді тереңірек түсінуге көмегін тигізеді. Мүндай сабакты «Ертегіде қонақта» (сабак үлгісін композициялық сабақ ретінде алуға болады) немесе «Ертегі кейіпкерлері сыр шертеді» деген тақырыптармен еткізуге болады. Бірнеше ертегіден шағын көріністер көрсету (оқушылар езі дайындайды), ертегіні ертекшіге бастату (оньщ рөлінде де оқушылар болады), ертегілер бойынша суреттер салғызып (қабілеттеріне қарай), сабақта оны пайдалану балалардың әдебиетті сүю, халық туындыларына деген күрметін, кызығушылығын арттырады.
Хальщ ертегілерімен коса, окулыі^га әдеби ертегілерге де орын берілген. Әдеби ертегілерді оқытқанда, мына мәселелерге көңіл бәлу керек:
— Өдеби ертегінің халык ертегісінен басты-басты
айырмашылығы (авторьшың бар екені, кейде халық арасына
тараған аңызға күрылатыны);
— Үқсастық, үндестік жақтары;
— Көтеретін негізгі мәселелері;
— Көркем поэтикалық тілі;
— Ертегінің маңызы, тәрбиелік мәні.
5-сыныпта ақын Ө.Тәжібаевтың «Толағай» ертегісі берілген. Ертегінің оқиғасы қызыкты, оқуға жеңіл жазылған. Сол себептен де балаларға бағыт бере отырып, оны үйден оқуға тапсыруға болады. Балаларға үсынылатын үлестірме-нүсқау көмектер:
I бөлім
— Ертегінің ел аузындағы аңызға жазылуы. — Ертіс жагасындагы жұбайлар. Саржан мен Айсулу. Үл туу. — Жас бөбек Толағай. Оның сипаттары.
Жеті жаска дейінгі өсуі, алыптар катарына жетуі. — Толағай аңда.
— Жем іздеген жолбарыс. — Жолбарыстың Саржандарра тап болуы. — Саржанның Толағайды көмекке шакыруы.
— Толағайдың жолбарыспен шайкасы, оны жеңуі І-шумақты кара: «Бір әңгіме есімде бар»… II-IV шумактар
V-VI-VII-VIII
шумақтарды окы ІХ-Х-ХІ шумақтар
XIII шумак ХІП-ХІУ шумақтар ХҰ-ХҮІ-ХУІІ шу-мактар ХУІИ-ХІХ-ХХ шумақтар
П бөлім
— Ел басына түскен қайғы. — Толағайдын да кайғыруы. Шешесімен сырласуы. — Сапарға аттануы (Тарбағатайға). — Бір шаткалды көтеріп, елге бет бұруы. — Қиналу, сонда да токтамай, елге жетуі. — Жаңбыр жауып, халықтың қуанышка кенелуі. — Сүрініп кету. Толағайдың мерт болуы. — Халық қайғысы, күңірену. — Толағайдың тауға, аңызға айналуы, халыктың ардактауы I—II шумактар ІП-ІУ-У шумақтар
VI шумақ VII шумак VIII шумак VIII шумак
IX шумақ X шумак ХІ-ХІІ шумактар
Ертегі мазмұнына байланысты сыныпта койылатын сұрақтар:
1. Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?
2. Толағай дүвіиеге қалай келді?
3. Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе
жатқаны қалай суреттелінген?
4. Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтасың?
5. Жолбарыспен шайқасын толык мазмұндап бер. Ол неге
жолбарысты «мысық» дейді?
6. Толағай алыстагы Тарбағатай тауына не себепті
аттанды? Анасынан не сұрап білді?
7. Толағай қалай қаза тапты? Не үшін қаза тапты?
Ертегіні балалардың қалай түсінгенін осындай сүрақ-
тармен аныктап, толықтырып, керекті жерінде мүғалім мөтінді пайдалана отырып, түсіндіріп, кей сүрак-тапсырма-
ларды практикалық жүмыс арқылы, яғни оқулықпен жү-мыс істей отырып орындап, ары қарай әдеби талдау жасауға көшу керек, онда да оқушыларды үнемі қатыстырып, ең алдымен оларды тыңдап отырудың тиімділігі бар.
Әдеби талдау сүрақтары (оқушылардың ойлау белсен-ділігін арттыру, іздендіру мақсатындағы):
1. Қалай ойлайсыңдар, Әбділдә аталарың осы ертегі
арқылы не айтпақшы болған? Ертегі негізінде қандай ой
жатыр?
2. Толағайға мінездеме бер. Толағай бейнесін жасауда
ақын қандай бейнелі сөздер, көркем тіл пайдаланған?
3. Толағайдың Кендебайға үқсастығы бар ма? Қайсысы
өзіңе кебірек үнайды? Үнау себебін түсіндір.
4. Халық басына түскен ауыртпалық кдйғы не себепті
Толағайды да ойға түсіреді?
5. Қалай ойлайсыңдар, ертегінің қай окиғасы, не
Толағайдың қай іс-өрекеттері шындыққа сәйкес? Қайсысы
сәйкес емес, яғни ертегі аңызға сәйкес?
6. Ақынның Толағайға деген сезімі, көңілі туралы не
айтар едіңдер?
7. Қалай ойлайсың, ақын Толағай тағдырын дүрыс шеш-
кен бе? Өзің осы ертегіні қалай аяқтар едің?
Ертегі күрылысы, тілі, көркемдік ерекшелігі көбіне практикалық жүмыстар, яғни оқульщпен жүмыс арқылы ашылады.
Осы ертегіге катысты мынадай практикальщ жүмыстар орындатуға болады:
1. Толағай жөне оның анасы Айсүлу портреттерінің
жасалу жолдары.
Ертегіден тауып оку, теріп жазу (анасын сипаттайтын сөздерді).
Бүл жүмыстың басты мақсаты: балаларда теңеу, эпитет туралы алғашқы үғым қалыптастыру.
2. Толағай пішіні, есіп, ер жетуі, батырлығы, алыптығын
көрсетудегі акын шеберлігі, көркем тәсілі.
Мақсат: Өсірелеу (гипербола), кетере мадактау туралы түсінік беру.
3. Жолбарыс пен Толағай арасындағы айқастан бейнелі
сөздер, айшықты сез тіркестерін таптыру, олардың Толағай
бейнесін жасаудағы рөлін анықтату.
4. Ертегідегі ойды көркемдеп беретін басқа да сез тіркес-
терін тауып, олардың маңызымен атқарып түрған орнына
түсінік беру. Мысалы, «Түн қап-қара шашын жайды», т.б.
Сондай-ақ өдеби ертегі мен халық ауыз әдебиетіндегі ертегілерді салыстыру жүмыстары да нөтижелі болмақ.
— «Керкұла атты Кендебай», «Қырьщ өтірік» ертегілерін
еске түсіріңдер. «Толағай» ертегісінен айырмашылығын
сараптаңдар (мысалы, басталуы, аяқталуы, киял-ғажайып
оқиғалары).
— Толағай мен Тазшаны, Кендебайды салыстыру.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қайсылары шындыкка жақын бейнелер?
2. Қайсысы туган елін сүйетін, халқы үшін опат болуга даяр патриот
ұл?
3. Үшеуінің ортак қасиеттері туралы айт.
Ертегілерді оқытудағы ең басты максаттың бірі — балалар-дың өзін канаттандырып, қиял әлеміне, арман биігіне жете-леп, жақсылыққа, ізгілікке сендіріп, батырлыққа, ерлікке елтіп, халық туындыларына деген қызығушылығын артты-ру болып табылады.
Қай ертегіні оқытса да, мүғалім өзінің осы ең басты мақсатын бір сөт те есінен шығармауы керек.