Әңгіме жанрын оқыту.

М.Әуезовтің 8-сыныпта берілген «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаясын оқыту алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыру мақсатында, әңгімедегі оқиғалар өмір шындығынан алынғанын, Бақтығұл — өмірдегі Рысқүлдың прототипі екенін (әрине, прототипке түсінік беру қажет) косымша материалдарды пайдалана отырып, әңгімелеу қажет. Яғни Тұрар Рысқұлов жайында деректер, қуғын-сүргінге ұшырауы, т.б. туралы. Жалпы шығарманың көтерген проблемасы феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты сахара өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол жолдағы адасу, кек қайтару сияқты бас қаһарманның жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы. Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл керкемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. «Қараш-Қараш оқиғасы» көлемі жағынан, көтерген проблемасы жағынан салмақты болғандықтан, бағдарламада берілген санаулы сағаттардың ішінде оны талдау да күрделі мәселе. Сондықтан мүғалім ең тиімді деген әдіс-төсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, төмендегі үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.

Бөлімдер

Тақырып Басты оқиғалар

I Іште кеткен кек 1. Тектігұлдың ауруы, ауыр тағдыры.

2. Аянышты өлім

П Кек жолындағы жортуыл 1. Бақтығұлдың өш алу жолындары Сөлмен жылқысына барымтаға аттануы.

2. Биені ұрлап әкетуі

Ш Қуғыншылар 1. Биені әкеп, сойып алуы.

2. Қуғыншылар үстінен дөптүседі.

3. Масқара соққыға ұшырауы.

4. Намыс, ар, қорлану

IV Пана іздеу 1. Арқар атуы.

2. Жарасбай аулына оны тарту етуі

3. Жарасбайға айтқан өтініші, тілегі

V Адасу 1. Жарасбайдың сенімді серігі.

2. Бақтығұлдың ақ жолдан таюы.

3. Барымтаның жиілеуі.

4. Әділет іздеп, әділетсіздікке еріксіз баруы

VI Екі жүзді аярлык 1. Ел ішіндегі тартыстың ұлғаюы.

2. Жарасбайдың сатқындығы.

3. Билер соты, үкім

VII Қуғын 1. Қашып құтылуы.

2. Қуғын

VIII Өш алу 1. Тау-тасқа жасырыну.

2. Жарасбайды атып өлтіріп, өш алуы

Мазмұнын сыныпта оқыған кезде мұғалім оқылып жатқан бөлімдердің басты-басты эпизодтарын ашатын сұрақтар қойып, тұжырымдап отырады. Ал үйге берер алдында сол бөлімдердің мазмұнын қысқа түрде өзі айтып беріп, өз беттерімен окуды тиімді ұйымдастыру үшін сұрақтар беріп, соған жауап дайындауды талап етеді. Мысалы, IV бөлімді үйге өз беттерімен оқьш келу тапсырылса, мынадай сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ұсынуға болады:

1. Соққыдан оңалған Бақтығүл қандай шешімге келеді?

2. Архар ату себебі не?

3. Оны Жарасбайға неге сыйға тартады?

4. Жарасбайға қандай тілек, өтініш айтады?

5. Жарасбай ол өтінішке қалай қарайды?

             Мәтінмен жұмыс кезінде мұғалім, әсіресе, оқиғалармен қабаттаса келіп отыратын суреттеу, портреттеулерге ерекше көңіл бөлуі керек. Сол себептен де осы үйге берілген бөлімді сұрақтар арқылы талқылай отырып, кітаппен жұмыс, яғни практикалық жұмыс арқылы портреттеу, суреттеулерді таптырып, олар қандай тілмен берілген, оның шығармадағы орны, маңызына да тоқталып отыру тиімді болмақ. Әңгіме-хикаяны оқытуды қандай әдіс-тәсілдермен жүзеге асыру керек, ол солардың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, осы «Қараш-Қараш оқиғасында» практикалық жұмыстардың рөлі ерекше. Себебі, суреттеулер, портреттеу, мінездеу, баяндаулар, кейіпкерлердің психологиялық әр түрлі жан дүниесінің сипатталуы өте жиі кездеседі, тілі де күрделі (сөйлемдердің ұзақ, құмалас сөйлемдерге құрылуы, пейзажды беруде бейнелі, образды суреттеулердің молынан кезігуі, диалогтер мағынасының, астарлы ойларының тереңдігі, т.б.). Тіпті, мазмұнын меңгерту де, яғни мазмұндату да мұғалімге оңайға түспейді. Мысалы, оқулықтың Бақтығұл келе жатқан Талғар сайының көрінісін суреттейтін жерді балалардың айтып беруі — мүмкін емес нәрсе. Мұғалімнің өзіне де сол қалпында суреттеп беру киындыққа түсер еді. Сондықтан да мазмұнын айтқызу кезінде ондай суреттерді кітаптан оқи отырып айтқызу тиімді болмақ. Әсіресе, бұл шығарманы оқу барысындағы ең тиімді әдістердің бірі — мәтінге жуық мазмұндату, портреттеу, көріністер, диалогтегі ұтымды сөздер, көркемдегіш айшықты сөздерді сақтай отырып, мазмұндату болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, шығармадағы суреттеулер, портреттеулерді жинақтап, ұнтаспаға мәнерлеп оқу арқылы жаздырып, тыңдатып, сөйтіп, кұлақтарына сіңісті ете отырып, сол арқылы ойша кез алдарына сол сурет, көріністерді келтіріп отырудың да маңызы ерекше. Мазмұнын меңгерту жұмысынан кейін идеялық-эстетикалык мөніне әдеби талдауды проблемалық сипаттағы, пікірталас тудыратын, іздендіру сұрақтары арқылы жүзеге асыруға болады. Әңгімелеу, пікірлесу, өдеби шағын пікірталастар бұл сабақтарда да жетекші әдіс болмақ.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Тектіғүл өлімінің негізінде кандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Ол елімнің шығармадағы орны?

2. Бақтығұлдың барымтаға аттануы, ұрлық жасауына қалай

қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?

а) Қуғыншылар ізге калай түсті? Бақтығүл неге ұсталып қалды?

3. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?

4. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.

5. Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлы ма? Өзіне

кінә қояр ма едің?

а) Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.

6. Жарасбайды өлтіру қылмыс па? («Иө» десең де, «жоқ» десең де,

ойыңды дөлелдеуге тырыс.)

7. Билер алдындағы «Неде болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологін қайта оқып шық. Осы монологтің маңызы неде деп ойлайсың?

8. Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың

айтқаны шын болса, …» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?

9. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар,

барымташы, сорлы малайға айналады?

10. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы кандай мәселелерді

көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?

11. Автордың бас кейіпкері Бақтығұлға деген сезімі, қарым-

қатынасы қалай? (Мәтіннен үзінді оқи отырып дәлелдеу.)

12. Қазақ даласындағы партия, съезд, қақтығыс, күншілдік,

бақталас, ырду-дырду шығармада қалай берілген? Олардың бас кейіпкер тағдырындағы орны бар ма? Шығармадағы Бақтығұл, болыстар, жуандар бейнесі туралы сөз қозғағанда, тағы да мынадай тапсырмалар орындатуға болады:

— Бақтығұлдың монологтерін тауып оқы. Ол монологтердің Бақтығұл бейнесін, іс-әрекетін, жан дүниесі, психологиясын көрсетудегі рөлін ашуға тырыс.

— Шығармада осы монологтерге неге көп орын берілген?

Жазушының осы көркемдік тәсілінің маңызын қалай

түсіндірер едің?

Сабаққа Бақтығұл бейнесін ашатын, оның адасып-адасып келіп, кек алуын, сол жолдағы азапты да аянышты тағдырын тұжырымды түрде көрсететін көрнекілік — сызба пайдалануға болады.

Үл г і:

«Кек жолында»

■ Тектіғүлдың өлімі. Сәлмен колындағы ит тірлік.

— Сатсіз барымта.

Пана іздеу.

■ Жарасбай жанында.

Бактығұл — ұры, барымташы, Жарасбайдың қол шоқпары.

■ Сатқындык. Бақтығүл — күндестік кұрбаны.

■ Бақтығүл — қашкын.

Өш алу. Әділ жаза

Мұғалім окушыларға партия, съезд жайында, оның қазақ даласындағы сұмдық ылаңы туралы да осы шығармамен байланыстыра отырып түсіндіруі керек. Кейбір күрделі, қазіргі балалар түсінбейтін, бүгінгі күнде күнделікті тіршілікте пайдаланылмаған сөздерге де түсінік жүргізіледі, яғни түсіндірме сөздік жұмысына да орын беру керек. Сөздік жұмыстары жалпы әдебиеттің қай жанрын оқытканда да, міндетті түрде қатар жүріп отыруы керек. Оқушылардың түсінбеген сөздеріне, тарихи, архаизм сөздерге үнемі түсіндірме жұмысын жүргізу ләзім. Мұндай жұмыстар тіл байлығын дамытады, танымын арттырады, шешен де оралымды сөйлеуге баулиды. Әдебиетті оқытудағы мақсаттың өзі де осы.

Әңгіме жанрын жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Төменгі сыныптарда әңгімелер монографиялық жолмен оқытылса, ал жоғары сыныптарда өтілгелі отырған ақын, не жазушының бірнеше әңгімелері көтерген тақырыбы, ортақ мәселелері бойынша қатарынан топтап беріледі. Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», т. б. әңгімелері оқуға берілген (11-сынып, шолу дөрежесінде олар оқулыкта талданған). Бұл әңгімелер — жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері. Оқытқанда, оларды тақырыбы, идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне қарай топтап алып, талдау керек. Мысалы, алғашкы әңгімелерінің ішінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азаматта» көтерген проблемалары негізінде «М.Әуезовтің алғашқы өңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды?» деген ортақ сұрақпен талдауға болады.

Сыныпты талданғалы отырған шығармалардың санына байланысты топ-топқа бөліп, берілген әңгімелерді өз беттерімен оқып келу, талдауға жұмылдыру керек. Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып келетіндіктен, өз беттерімен талдауға ұсыну тиімді болмақ. Жоғары сыныптарда көркем шығармаларды өз беттерімен талдауға көп көңіл бөлу дұрыс.

Осы үш өңгіме бойынша ортақ мәселе — қорғансыз тағдыры. С.Мұқанов айтқандай: «М.Әуезов өзінің алғашқы өңгімелерімен-ақ қазақ прозасын еуропалық дәрежеге жеткізді». Еуропалық прозаның өлемдік алыптары: Бальзак, Мопассан шығармаларында ақша, тек қана ақша билеп тұрған буржуазиялық қоғамда махаббат та, ар да, отбасылық қарым-қатынас та, әке мен баланың махаббаты да – бәрі-бәріне ақша үстемдік ететіні айдай шындықпен көрсетіледі. Жалғыз қызы үшін бөрінен айырылып, ешкімге керексіз боп, пансионатта жалғыз қалған Горио әкей (Бальзак), тағдыр жезөкше етсе де, адамдық рухынан, мейірімділіктен ада болмаған Пышка, т.б. (Мопассан) — бәрі-бәрі де қорғансыздар. М.Әуезов қорғансыздары да сахара тағылары, жауыздарының құрбаны болып көрсетіледі. 13-тегі сәби, қорғансыз Ғазиза, жалғыз ұлдан айырылып, тас бауырлар түбіне жеткен бейшара ана, жетім Қасым тағдырлары — жеке адамдар, жеке қорғансыздар тағдырлары емес, ол өркениет пен гуманизм дәні көктемей жатқан, мал, байлыққа деген аш көздік жайлаған сахара, дала, оның қорғансыздарының тағдыры. Әңгімелер негізіндегі осындай басты-басты проблемаларды дөп тауып, тұжырымды, нақты ғана талдау жасау — жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің ең бір өзекті мөселесі. Проблеманы шешу төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ.

— Қалай ойлайсыңдар, осы үш әңгімеде де қ орғансыздар тағдыры сөз болады деп жатырмыз. Жазушының оларға

кез қарасы қандай? Қорғансыздарын қорғай ма, қорғаса,

қалай корғайды?

— Үш әңгімеде де бас кейіпкерлер тағдыры трагедиямен

аяқталады. Автордың осы шешіміне қосыласыңдар ма?

Жазушы шеберлігі, стилі туралы не айтар едіңдер?

Деталь, штрихтердің әңгіме идеясын ашудағы маңызы бар

ма? (дәлелде). Е с к е р т у: Барлық жауап шығармалардан нақты мысалдар ала отырып, берілуі керек.

Ғылыми еңбектер, сыншы, өдебиетшілер пікірлеріне иек арту, сол арқылы тақырыптың ғылыми жағына назар аударып, білімді тереңдете беру де жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің бір маңызды жағы. Салыстыру, өз беттерімен қорытынды жасау, пікір айтыстыра білуде де мұндай жұмыстардың маңызы зор. Мысалы, осы сабақта ғылыми еңбектер, әдеби пікірлерді ұсына отырып, реферат, пікір жаздыруға болады.

Тақырыптар:

1. «Имандылық адамгершілік проблемасы — М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінде».

2. Алғашқы әңгімелеріндегі жазушы шеберлігі, әңгімелердің тарихи негізі.

Енді оқушыларға берілген тапсырмалар үлгісімен таныстырайық (сабаққа алдын ала берілетін тапсырмалар).

1-нұсқа:

1. «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша тұжырымды,

қысқа ғана аннотация, талдау жазу. Сол бойынша әңгіме

оқиғасының ең өзекті, түйінді мәселелерінен хабарлама

жасауға дайындалу. Келесі беттегі үлгіні басшылыққа алу.

Е с к е р т у: Тапсырма осы мазмұнда орындалады. Берілген бағандарды оқушылардың өзі толтырады.

2. Әңгіме бойынша өз пікірлері мен ойларын жинақтап

келу (ауызша).

а) Әңгімеде боранның суреттелуі. Оның әңгіме идеясын

ашуда маңызы бар ма?

Портреттеуге назар аудар. Оның маңызы, яғни кейіпкерлер іс-әрекетін, жан дүниесін ашудағы маңызы.

б) Жазушы әңгіме кейіпкерлерінің тағдырын дұрыс

шешкен бе? Ол шешімге өзің қосыласың ба?

2-нүсқа:

1. «Оқыған азамат» әңгімесіне аннотация-талдау жасау (1-нұсқа үлгісімен).

Әңгіменің құрылысы, Кейіпкерлер тағдыры Жазушының

негізгі оқиғасы көркемдік әді

  сі мен төсілі

1. Жолаушылар. Ақан мен Қалтай қо- Баяндау,

Боран натын жер іздейді суреттеу,

  портреттеу

2. Жолаушылар 13 жасар Ғазиза, Портреттеу,

кәріптер үйінде оның соқыр анасы, баяндау

 Кәрі әжесі. Сорлы

 кәріп корғансыздар

Кәрі кемпірдің Жалғыз ұлы өлген. Әңгімелеу,

мұңын шағуы Туыстардан қайыр лирикалық

 жоқ. Келіні су қараң- шегініс

 ғы, немересі жас.

 Жетім, жесір, қорған-

 сыз күйін айтып, жы-

 лайды

Шөп қорадағы Қорғансыз Ғазизаның Баяндау,

хайуандық аянышты халі сипаттау

Азаптан кұтылу. Арының тапталуы. Суреттеу,

Боранның ашылуы Ғазизаның өлімі баяндау

2. Мына сұрақтар айналасында пікірлерін жинақтап келу.

а) Әңгіме неге «Оқыған азамат» деп аталған? Әңгімедегі жазушының мақсаты мен мұратын қалай түсінесің?

ә) Осы әңгімедегі қорғансыздар кімдер? Олардың тағдырын көрсетудегі авторлық шешімге қалай қарайсың?

Жеке-даралап тапсырмалар беруге болады.

1. «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша портреттеу,

пейзаж жөне суреттеулерді үлестірме қағазға жазып келу.

2. «Оқыған азамат» әңгімесіндегі пейзаж, портреттеу және

мақал-мәтелдерді үлестірме қағазға жазып келу.

3. А.Әуезовтің «Бала Мұхтар» кітапшасы бойынша

«Қорғансыздың күні», «Көксерек» өңгімелерінің жазылу

тарихы туралы деректер жинау.

Үлгі-нұсқау:

М.Әуезов. Күнбатыс батуға айналған күннің

«Қоргансыздың күні». Пейзаж қызғылт сөулесімен нұрланып,

  қызыл торғынның түсіндей боялып

  тұр

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *