Саяси идеологияның тұңгыш түрлерінің біріне либерализм (латынның либералис — еркін деген сөзінен) жатады. Онын негізін салушылар: Дж. Локк (1632—1704), Ш. Л. Монтескье (1689-1755), А. Смит( 1723-1790), И. Кант (1724—1804), Т. Джефферсон (1743—1826), А. Токвиль (1805—1859), Дж. Милль (1806— 1873). Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі танда либерализм — ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары (идеалы) қазіргі саяси демократия принциптерінің қальштасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды.
Либералдық идеологияның негізгі принципі — адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализм мына қағидаларға негізделеді: адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәсекеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Осыған сәйкес мемлекет бір ғана қызметті — меншікті қорғау, “түнгі сақшылық” қызметін атқарады.
Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі—адамдардың тендігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б. идеялармен байытты.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы (1929—1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмеді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарган либерализм (неолиберализм) деген ат алды. Онда еркін нарықтық тетіктерді қалпына келтіру үшін мемлекет белгілі мөлшерде экономикалық және әлеуметтік салаға (салық, бюджет, жоспарлау арқылы) араласу керектігі негізделді. Мемлекет “түнгі сақшы” деген идеяның орнына “жалпыға бірдей игілік мемлекеті” деген идея келді. Сонымен қатар басқарушылар мен бағынушылар арасындағы рөлдің қатаң бөлінуі барлық саяси күштердің мәмілеге келу тезисімен алмастырылды. Жаңарған либерализмнің негізгі өкілдеріне Ф. Фон Хайек, Дж. Кейнс, Дж. Гэлбрейт және т.б. жатады.
Консервативтік (латынның консервативус — қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын фәлсафашысы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729—1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754—1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779—1861), Австрияның канцлері Меттерних (1773—1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құңдылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, орта ғасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет- ғұрып, дәстүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске карсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері — күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы. Еркіндікті тұлғаның қоғам мен мемлекетке бағынуы және оларға адалдығы деп түсінді.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер енгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70 жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарган консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды. Ол жеке адамнын құқықтары мен бостандықтарынын басымдығын мойыңдауға бет бұрды. Билікке төбе топ, аристократиялық көзқарастар тұрғысынан қарауды бәсендетті. Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтері едәуір шеттетілді. Мемлекеттік меншік жекешелендіріле бастады. Жаңарған консерватизм өкілдеріне Д. Белл, 3. Бжезинский, Н. Кристолл және т.б. жатады. Олардың катарына бұрынғы АҚШ президенттері Р. Рейган, Д. Буш, Англияның бұрынғы премьер-министрі М. Тэтчер, қазіргі ГФР-дің канцлері Г. Коль және т.б. кіреді.
Коммунистік (латынның коммунис — жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезіңде дүниеге келген. Негізін салғаңдар Карл Маркс (1818—1883) пен Ф. Энгельс (1820—1895). Олар жан-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализмді орнататын бірден-бір құрал — социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш — жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптык сипаты болады. Социалистік революция нәтижесіңде ескі мемлекет түбірімен қиратылады да, оның орнына жаңа мемлекет—пролетариат диктатурасы орнайды. Барлык тарихи прогресс қоғамдық-экономикалык формациялардың жүйелі түрде ауысуымен байланыстырылады. Олар жеке меншікті жойып, қоғамдық меншікті орнатқысы келді. Коммунистік қоғамда мемлекет, саясат болмайды деп санады.
XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөліңді. Революциялық ағымды В. И. Ленин (1870—1924) басқарды. Ол марксизмді демократиялық революцияда пролетариаттың басшылық ету керектігі, партияның рөлі, буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, социализмнің алдымен бірнеше елде немесе тіпті жеке бір капиталистік елде жеңу мүмкіндігі туралы теориялармен байытты. Реформистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн (1850— 1932) мен немістің тарихшысы және экономисі К. Каутскийдің (1854—1938) енбектеріңде дамытылды. Кейін ол өзіне бөлек идеялық-саяси бағытка — социал-демократияга айналды.
Социал-демократия идеологиясы “демократиялық социализм” идеясын алға тартты. Оның басты құңдылықтары — еркіндік, тендік, әділеттілік және ынтымактастык. Бұл құңдылықтарды, олардың ойынша, экономикалық, саяси және рухани демократия арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Ол аралас экономиканы, мемлекеттік әлеуметтік реттеу рөлін, саяси өмірді демократиялық түрде ұйымдастыруды талап етеді.
Саяси демократияға мынадай негізгі принциптер кіруге тиіс: адам құкықтары, сөз, ой-пікір, баспасөз, білім алу, ұйымдар кұру, дінге сену бостандығы, өзін-өзі басқару және т.с.с. Сонымен бірге мұңда халыктың өз еркімен көңіл білдіруі арқылы бөгетсіз үкіметті бейбіт жолмен алмастыру мүмкіндігі де кіреді.
Казір социал-демократтар экологиялық қауіпсіздікке, адамды қоршаған ортаны жаңартуға, жандаңдыруға көп көңіл бөлуде. Олар Еуропадағы әлеуметтік және экологиялык түлеген ин- дустриалды өркениеттілік орнатпақ.
Фашизм (Италияның фашизмо — бірлестік деген сөзінен шыкқан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф.Ницше (1844—1900), Дж.Джентилле (1875—1944), 0.Шпенглер (1880—1936). Бұл кезде капиталистік елдер терең дағдарысқа ұшыраған. Мұндай жағдайда классикалық либералдық құндылықтар адамзат іс-әрекетіне дем беріп, ынталаңдыра алмады және қоғамды біріктіруге шамасы келмеді. Халықтың жалпы жоқшылыққа ұшырауы, кедейленуі, бұрынғы әлеуметтік құрылымның ыдырауы, көптеген табынан айрылған, азғыңданған қаңғыбастар таптарының пайда болуы либералдық еркін тұлға идеяларын құнсыздандырды. Олардың басын біріктіріп, рухтандыратын ұлттық бірігу және қайта өркендеу идеялары болды. Ол 1914 -1918 жылдары бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліске ұшыраған Германия үшін өте қажет еді. Сондықтан фашистік идеология олардың ойынан шықты. Бұл идеологияның басты ерекшеліктері — еңбекшілерді басып-жаншу үшін зорлықтың шектен шыққан түрлерін қолдану, шовинизм, нәсілшілдік, экономиканы мемлекеттік-монополиялық реттеу тәсілдерін кеңінен пайдалану, азаматтардың қоғамдық және жеке өмірін толық бақылау, т.т. Соғысқа дайыңдалу, көсемшілдік идеялары кең тарайды. Фашистік идеологияның негізгі қағидалары А. Гитлердің “Менің күресім” (1925) деген кітабында баяндалады. Онда соғыс тазартушылық процесс ретінде сипатталады, неміс ұлтының тазалығы, оның басқа халықтан “артықшылығы” дәріптеледі.
Қазіргі кезде фашистік идеологияны көпшілік жаратпайды. Дегенмен, бірқатар елдерде жаңарған фашистік топтар пайда болуда. Олар террорлық әрекеттер аркылы қоғамдық жағдайды, шиеленістерді, саяси дағдарыстарды тудыруға ықпал етеді.