Электр түйіспелерінің күйін анықтау

Кез-келген электр жабдығының электр тізбегінде әртүрлі элементтер болады, олар өзара электр түйіспелері арқылы жалғасады. Мысалы төмен вольтты желіде үш фазалы бір электр тұтынушыға орта есеппен 60-ға жуық электр түйіспеден келеді. Солардың кез-келгенінің күйіне бүкіл электр қондырғының жұмыс қабілеті тәуелді. Сондықтан электр түйіспелерін үнемі бақылап тұру – электр жабдықтарының сенімділігі жоғары болуы үшін, атқарылатын жұмыстардың маңызды құрамдас бөлігі.

Электр түйіспесі дегеніміз тоқтың өткізетін бөлімнің бірінен басқа бөлігіне өту орыны. Өзінің міндетіне қарай, түйіспелер жалғастырушы және тізбектегі тоқтың бағытын өзгертуші болып бөлінеді. Біріншісі әртүрлі электр тізбегін жалғастыруға, ал екіншісі электр тізбегін қосуға, ажыратуға және басқасына қосуға арналған. Түйіспелердің құрылыстық жағынан көптеген түрлері белгілі. Жалғастыру түйіспелері бөлшектелетін (болтты, винтті, сыналы) және бөлшектенбейтін болып бөлінеді (балғытып біріктірілген, дәнекерленген, басы қайырылып топталған және т.б.) тоқты қосуға, ажыратуға т.б. арналған түйіспелерді қозғалу принципі бойынша (қозғалмалы, қозғалмайтын), қозғалу дәрежесіне қарай (өзі орнығатын, өзі орнықпайтын), геометриялық түріне қарай (жонылған, құйылған, беттік), салқындату түріне қарай (табиғи, жасанды), міндетіне ғарай (басты, доғаөшіргіш, т.б.) және басқа белгілері бойынша жіктейді.

Түйіспелердің күйін негізгі немесе, көмекші өлшемдері бойынша анықтайды. Оның біріншісіне өтпелі кедергі, кернеудің төмендеуі мен түйіспелердің қызу температурасы, ал екіншісіне – жанасу ауданы, ерітінді түйіспелерді қысу күшінің төмендеуі мен күшеюі жатады.

Түйіспенің өтпелі кедергісі деп тоқтың бір түйісу бетінен екіншісіне өтер жеріндегі, біріншіден, түйісу қимасының ауданының тегіс еместігінен, екіншіден газ және май қабыршақтары кедергісінен, сондай-ақ тозаң, түйіспенің абсорбтанған беттерінен туындайтын қосымша кедергіні айтады.

Беттік кедергінің маңызы көптеген факторларға байланысты, олардың ең бастысы — микрорельеф, қысым күші мен түйіспе бетінің материалына байланысты.

3.4-суреттегі бірінші қисық өтпелі кедергінің R_1 қысу күшінің артуына тәуелділігі (түйіспе қысымы).

Сурет-3.4 Кедергінің қысым күшінен тәуелділігі

Алғашында түйісу нүктелері мен аудандарының тез өсуіне байланысты кедергі қауырт азаяды. Қысымның одан ары артуы, тегіс емес жерлердің деформациялануының қарқыны төмендеуіне байланысты, кедергінің азаюы бәсеңдейді де өтпелі кедергінің шамасы тұрақтанады. Түйіспеге түскен қысымды алған соң R_2 кедергі 2-қисық бойынша өседі, ол бірінші қисықтан гөрі біраз төмен.

Көрсетілген құбылысты эксплуатация кезінде пайдаланады, біріншіден нормативті қысымның ауқымын белгілегенде (материалдарына қарай 500-ден 2500 Н/〖см〗^2), екіншіден қосылған жердің соңына дейін тартылған болтын біраз босатқан жағдайда (1-қисықтан 2-ге өтеді). Өтпелі кедергіде кернеудің түсу шегі ең әуелі түйіспенің материалына байланысты болады, оны қалыпты тәртіппен істеп тұрған жағдайда, түйіспенің металлы жұмсармау шарты негізінде таңдап алады. Төмен вольтты аспаптарда түйіспедегі кернеудің түсуі: күмісте — 0,01…0,02, мыста — 0,01…0,03, алюминийде — 0,01…0,04, темірде — 0,02…0,05 В. Эксплуатациялау кезінде түйіспелердегі кедергі тұрақты болмайды. Ол джоульдық қосымша шығын көзі болып табылады, сондықтан түйіспе бетінің температурасы маңайындағы өткізгіштегіден үнемі жоғары болады. Оттегінің әсерінен металдың бетіне қабыршық түзеледі, оның қалыңдығы уақыт өткен сайын арта береді, ол өтпелі кедергіні арттырады және қызудың артуына әкеледі. Бір кезде температура мен электр өрісінің әсерінен қабыршық жыртылады да, өтпелі кедергі алғашқы мәніне дейін төмендейді. Одан кейін процесс үнемі қайталанып отырады. Ал, кейбір жағдайда өзі тазалану болмайды да, түйіспе күйіп, істен шығады.

Түйіспелердің жұмысы сенімді болу үшін қызу температурасының белгіленген нормасын қатаң сақтау керек: мыстан жасалған беті қапталмаған әртүрлі бағытта қосуға арналған түйіспелер үшін 85 °С, күміс қаптамалықа 240; аспаптардың ішіндегі жалғамалы мыс түйіспеге 95, жәй металдармен қапталғандар үшін 105, күміспен қапталғандарға 135 °С (қоршаған ортаның температурасы 45 °С-ге есептелгенде). Түйіспенің жанасу бетінің дұрыс күйде болу сапасы немесе тозу деңгейін сипаттайды.

Түзік жағдайда түйіспенің жанасу бетінің ауданы қалыпты ауданның 70 %-нан кем болмайды.

Түйіспенің ашпасы деп түйіспелер ашылған кездегі жанасу беттерінің ең қашық аралығын l_р айтады. Аспаптың түріне қарай ол қашықтық 3 мм ден 50 мм дейін болады.

Түйіспенің ойығы деп (3.5-сурет) жылжымалы түйіспенің тізбектен ажырау немесе тізбекке жанасу кезінде жанасуы үзілмей жылжу қашықтығын l_n айтады.

Сурет-3.5. Жылжымайтын және жылжымалы түйіспелердің арасындағы ашпа (а) мен ойықты (ә) анықтау: 1 – жылжымайтын 2 – жылжымалы түйіспелер төмен кернеулі аспаптарда ойық 3…6 мм.

Түйіспенің өтпелі кедергісін тұрақты немесе айнымалы тоқпен өлшейді. Ол үшін М-246, Ф-415 микрометрлерін, Р-3, Р-39 қоскөпірлерді немесе миливольтметрлі сұлбаны пайдаланады. Жаңа түйіспенің өтпелі кедергісі бүтін өткізгіштің баламалы аудан бөлігінің кедергісінен 1,2 еседен артпауы тиіс. Эксплуатациялау барысында кедергінің артуына жол беріледі, бірақ 1,8 еседен аспауы тиіс.

Өтпелі кедергідегі кернеудің түсуін түйіспеден қалыпты тұрақты тоқ өткізе отырып, милливольтметрмен, немесе гальванометрмен өлшейді. Ол үшін әртүрлі жүктеу қондырғыларын пайдаланады. Электртехникалық қызмет ол үшін әмбебап стендтермен жабдықталады, онымен кернеудің түсуін анықтайды және бірқатар басқада әрекеттерді атқара алады. Эксплуатациялау барысында қатынас 1,8-ден артып кетсе, түйіспені жөндеу, болмаса ауыстыру керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *