Электр жабдықтарын сақтандыру сынақтары
Жоғарыда аталып өткендей, электр жабдықтарының, бекемдігі мен қызмет мерзімінің ұзақтығы әрқилы элементтерден тұрады. Бір элементінің істен шығуы, өндіріске зиян келтіреді. Әсіресе, ойламаған бұзылулар қауіпті. Осындай бұзылуларды болдырмау үшін, қасиеттері төмендеген элементтерді уақытында анықтап, ауыстыруға мүмкіндік беретін сақтандыру күйанықтау сынағын жүргізеді, оны энергетикада, сақтандыру сынағы, немесе бақылау өлшеуі дейді.
ПТЭ-80-ге және энергетикалық жабдықтарды эксплуатациялаудағы ұйымдастыру жұмыстары туралы әдістемелік нұсқаулар бойынша сақтандыру сынағын, техникалық қызмет пен жөндеу құрамына кіретін сынақтардан бөлек, өз алдына қосымша жұмыс түрі ретінде өткізеді. Сынақтың көлемі мен нормасы электр жабдықтарын жасаған зауыттың тәжірибелері негізінде жасалады.
Бұлар ПТЭ-86-ның құрамдас бөлігі және орындалуы мекемелердің энергетикалық қызметінің міндеті болып табылады.
Сақтандыру сынақтарында негізгі назар оқшаулағышқа аударылады, себебі, электр жабдықтарындағы ең әлсіз буын сол және бұзылудың көбі солардан болады. Электр жабдықтарының негізгі түрін сынағанда, олардың оқшаулауыштарының кедергілерін өлшеуді 3.1-кестедегі нұсқауларға сай атқарады.
Электр жабдықтарының кейбір түрлері үшін, сақтандыру сынағының құрамына, оқшаулағыштың кедергілерін өлшеуден басқа, сол мерзім ішінде, өткізілетін басқа да әрекеттер енеді.
Күш трансформаторларының абсорбция еселігінің R_60/R_15 мәні нормаланбаған, бірақ, зауыттық мәнінен, болмаса, мұның алдындағы өлшенгендегіден 30 %-дан төмендемеуі тиіс. Тұрақты ток орамдарының кедергілері өлшенеді, оның айырмасы зауыттық, немесе эксплуатациялық өлшемдерден 12 %-дан артық болмауы тиіс. Ауа тазалайтын сүзгілердің индикаторлары силикагелінің жағдайы тексеріледі. Оның түйіршігінің, бірқалыпты, көгілдір түсі болуы тиіс.
Қуаты 630 кВ∙А, термосифонды сүзгісі бар трансформаторлар үшін, қосымша трансформатор майын, кемінде, бес жылда бір рет сынақтан өткізеді (сүзгісін екі жылда бір рет). Мұнда тесіп өту кернеуін, механикалық қоспаның барын, қышқыл санын және майдың, өткен жолғы талдаумен салыстырғанда тұтану температурасының төмендеуін анықтайды.
Кесте-3.1 Электр жабдықтары оқшаулағышының кедергілерін өлшеудің нормалары мен мерзімдері
Электр тартылымдары мен электр жабдықтарының түрлері Өлшеу бойынша нұсқаулар (мегометрдің кернеуі, мерзімділігі және басқа нұсқаулар) Кедергінің нормасы МОм
Күшті және жарықтандыру тартылымдары; таратқыш құрылғылар, қораптар; электр аспаптары 0,38…0,66 кВ 1000 В. Құрғақ ғимараттарда кемінде 6 жылда бір рет, өте сыз және ыстық ғимараттарда, даладағы қондырғылар мен химиялық белсенді заттар бар ғимараттарда, кемінде, жылына бір рет. өлшем кез-келген өткізгіштер мен жердің арасында, сондай-ақ кез-келген екі өткізгіштердің арасында, балқыма тетіктерді алып тастап, электр тұтынушыларды ажыратқан соң, атқарылады 0,5
1 кВ-ке дейінгі кабелдік күш жүйелері 2500 В. Жылжымайтын қондырғыларды 5 жылда, кемінде, бір рет, ал маусымдықтарда – маусым басталар алдында 0,5
35 кВ дейінгі трансформаторлар 2500 В мерзімділігі жергілікті нұсқаулар бойынша Нормаланбайды, бірақ алдынғы өлшемдердің 70%-ынан кем емес
0,66 кВ-ке дейінгі электр моторлар (статор орамдары) 1000 В. Мерзімділігі ЖЕЖ жүйесі бойынша, бірақ жауапты механиз-мдердің және ауыр жағдайларда жұмыс істейтін моторлар үшін кемінде екі жылда бір рет 1,0-салғын күйінде, 0,5- температура 60ОС кезінде
Қолға ұстап жүретін электр құралдар мен жарықтандырғыштар 500 В. Мерзімділігі ЖЕЖ жүйесі бойынша, бірақ алты жылда, кемінде, 1 рет 0,5
Асинхронды моторлардың барынша толық (максимально) қорғанысы істейтін «фаза-нөл» шамасының толық кедергісін, одан әрі, бір фазалы қысқа тұйықталу тоғын анықтау арқылы тексереді.
Электродты суқыздырғыштарда (қазандық) судың меншікті кедергісін тексереді және оның шамасы 20 ℃ кезінде 10…50 Ом∙м болуына қол жеткізеді.
Әуе желілер үшін тұрық шамаларын, оқшаулағыштарды, өткізгіштердің қосылған жерлерін, бағаналардың күйін және желінің қорғанышының жұмыс атқаруын тексереді жұмыстың көлемі мен мерзімін жергілікті нұсқаулармен белгілейді.
Жермен жалғастыру құрылғыларының кедергілерін өлшеу, ЖЕЖ жүйесі бекіткен мерзімде, уақытылы, кемінде үш жылда бір рет, өткізіледі. өлшеу қортындылары сенімді болу үшін, өлшеуді топырақтың меншікті кедергісі ең көп кезеңде өлшеу ұсынылады. Қайталап жермен жалғастыратын нөлдік өткізгіштің кедергісі, топырақтың меншікті ρ<100 Ом∙м (ρ>100 Ом∙м кезінде 0,3 ρ-дан аспайды), болғанда, 30 Ом-нан артпауы тиіс, ал трансформаторлар мен генераторлардың бейтараптарында (нейтрал), ρ>100 Ом∙м болғанда, 4 Ом-нан артпауға (0,04ρ, егер ρ>100 Ом∙м болса) тиіс. Электр қазандықтардың жермен жалғастырушыларының кедергілері 4 Ом-нан көп болмауы керек. Электрлік потенциалдарды теңестіру құрылғысын, жанасу және қадам кернеуін, өткізгіштердің бүтіндігін жыл сайын тексереді.