Генераторлар мен қозғалтқыштарды эксплуатациялау.

1. Электр жетектерді эксплуатациялауға қабылдау.

2. Электр қозғалтқыштарды техникалық қызмет көрсету және ағымды жөндеу.

3. Батырмалы электр қозғалтқыштарды эксплуатациялау ерекшеліктері.

4. Электр жетектердің эксплуатациялық сенімділігін арттыру шаралары.

5. Резервтік және жылжымалы электр стансаларды эксплуатациялаудың ерекшеліктері.

6. Электр қозғалтқыштарды сақтау.

1. Электр жетектерді эксплуатациялауға қабылдау.

Қуаттылығы аз электрқозғалтқыштарды ғүрастырып орнату орнына ағаш жәшіктерге салып тасымалдайды. Ірі электрқозғалтқыштар ағаш немесе темір қораптарға салып тасымалданады. Электрқозғалтқыштарды түсіргенде барлығ жұмыстар механикаландырылған болуы тиіс.

Орта және ірі электрқозғалтқыштардың ірге тасының массасы жеткілікті болуы керек, іргетастың массасы, электрқозғалтқыштың жұмыс тәртібіне қарай, оның массасынан 10…20 есе ауыр болуға тиіс.

Электрқозғалтқышты эксплуатациялауға қабылдаған кезде электрқозғалтқышты, электрқозғалтғыш пен жұмысшы машинаның арасындағы жалғастырушы құрылғыны, жүргізу-қорғау аспабын, жерлемесін және бүкіл электр жетегінің бекітулерін қарап шығады. Біліктің еркін айналу мүмкіндігін тексереді. Электр қозғалтқыш пен жетек тетіктерінде машинаның айналуы бағыт тілімен көрсетіледі. Басғару аспабын электрқозғалтғышға жағын орналастырады, демек, оған қызмет көрсетуге ыңғайлы жерге орналастырады. Басғару аспабы алыста орналасған жағдайда және ғорҒау қозғалтқыштыҢ тікелей өзінде орналасғанда, жұмысшы машинаның ғосылатыны туралы, алдынала, хабарлайтын белгі бергіш орнатады.

Салғанда кернеудің барын көрсету үшін, вольтметр немесе хабаршы шырағ (шам) орнатады, қажет жағдайда қозғалтқыштың жұмыс тәртібін бағылайтын амперметр қояды.

Эксплуатациялауға қабылдағанда, электрқозғалтқыштың оқшаулағышының кедергісін тексереді, ПТЭ-ге сәйкес оның мәні 0,5 МОм-нан кем болмауы тиіс. Жүргізу-қорғау аспабының оқшаулағышының кедергісі де сондай болуы тиіс. Электр машинасының сыртын жермен сенімді жалғастырады, жерлеме өткізгіші (қара түспен боялған) қарауға ыңғайлы, керек жағдайда, механикалығ зағымдану мүмкіндігінен қорғалған болуы керек.

Жұмысқа қосар алдында, статор орамының басы мен соңын тікелей анықтайды. Асинхронды қозғалтқыштарды қосуға, бірсыпыра әрекеттер кіреді. Бұл кезде: орам оқшаулағышының кедергісін анықтайды; машинаның жеңіл (қолдан) айналуын; іске қосу аспабының жұмыс қабылеттілігін және электрқозғалтқыштың дүрыс қорғалғанын; желі кернеуінің симметриялыҒы, мен электрқозғалтқыштың үйлесімді кернеуімен сәйкестігін, тексереді.

Асинхронды қысқа тұйықталған электрқозғалтқышты желіге әдетте, тікелей желінің толық кернеуіне, қосады. Қосқан кездегі кернеудің шығыны ΔU келесі теңдеуден анықталады.

ΔU= ,

       мұндағы, Zж, Zқ.т., және Zқоз. — өткізгіштің маркасына, көлденең қимасының ауданы мен ұзындығына тәуелді болып келетін желінің кедергісі; трансформатордың қысқа тұйықталу кедергісі, құжат мағлұматы бойынша анықталады, және электрқозғалтқыштың, қосқан кездегі, кедергісі.

Zқоз=Uн

Мұндағы Uн – желінің ғалыпты кернеуі; Iп – электрқозғалтқыштың, қосқан кездегі, тоғы.

 Электрқозғалтқышты іске тікелей ғосған кезде желідегі қалыпты кернеудің төмендеуі 15…20%-дан артпайтын болуы керек. Сажет жағдайда, электрқозғалтқышты қосып, жұмысшы машинамен бірге тексереді. Қысқа тұйықталған асинхронды электрқозғалтқыштардың жүргізуші тоғын азайту Үшін, мынандай тәсілдер қолданылады: орамды жүлдыздан ауыстырып, Үшбүрыш етіп қосу; автотрансформаторлығ жүргізу және реактордың көмегімен жүргізу.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *