Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оны жоюдың бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң күштерi болып табылатын авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына мемлекет барынша қолдау көрсетедi, бұл үшiн:
авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары үшiн жеңiлдiктер жүйесiн белгiлейдi;
ұйымдарға, өздерi құратын ерiктi авариялық-құтқару құрамаларын даярлауға жәрдем көрсетедi, сондай-ақ құтқарушылар даярлау бағдарламасы бойынша оқып-үйренуге тiлек бiлдiрген азаматтарды даярлауға жәрдемдеседi;
құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар жүйесiн қарастырады;
халықты және аумақтарды төтенше жағдайлардан қорғау мүддесiн негiзге ала отырып, авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларына (оның ішінде әскерилендірілген, тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтеріне) қаржы жағынан қолдау көрсетедi.
Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.