1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен құрамалары құтқарушыларына еңбекақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. (алынып тасталды — Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
3. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін жұмыс стажына қарай ай сайын лауазымдық айлықақысына процент есебімен еңбек сіңірген жылдары:
үш жылдан асқанда — он бес процент;
бес жылдан асқанда — жиырма процент;
он жылдан асқанда — отыз процент;
он бес жылдан асқанда — қырық процент;
жиырма жылдан асқанда елу процент мөлшерінде үстемеақы төленеді.
Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушыларына еңбек сіңірген жылдары үшін проценттік үстемеақы төлеу үшін стаж Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен есептеледі.
4. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының құтқарушылары жалақысының мөлшері олар қызмет көрсететін ұйымдардың тиісті санаттардағы қызметкерлерінің жалақысы мөлшерінен төмен болмайды.
Ескерту. 26-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2007.05.15 № 253, өзгерту енгізілді — 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.