11-бап. Авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi

    1. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының қызметi ерекше сипатта болады, аталған қызмет пен құрамалардың басшылары берген бұйрықтар мен өкiмдердi олардың барлық қызметкерлерiнiң мүлтiксiз орындауын көздейдi. Бұл талаптар ерiктi авариялық-құтқару құрамалары төтенше жағдайды жоюға тартылған кезден бастап оларға да қойылады.

      2. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары объектiлер мен аумақтарға қызмет көрсету жөнiндегi өз жұмысын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде iске асыра алады.

      3. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының төтенше жағдайды жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге дайындығы өз өкiлеттiгi шегiнде уәкілетті орган iске асыратын аттестаттау және тұрақты тексерулер барысында тексерiледi.

      4. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамаларының тұрақты дайындығы олардың құрамын кәсiби даярлау және қайта даярлау бойынша жүйелi сабақтар мен арнайы жаттықтыру жиындарын өткiзу арқылы қамтамасыз етiледi.

      5. Кәсiби авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары жедел көлiгi дыбыс шығару, жарық беру белгiлерi бар арнаулы құрылғылармен, сондай-ақ белгiленген үлгiдегi түрлi-түстi бояулы, сәулелi таңбалармен мiндеттi түрде жабдықталады.

      6. Ерiктi авариялық-құтқару құрамалары құрылған объектiлердiң басшылары құтқарушыларды авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзудiң арнайы дағдыларына оқытып-үйрету жөнiнде тұрақты сабақтар өткiзедi және оларды бұл үшiн арнаулы киiм-кешекпен қамтамасыз етедi.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді — Қазақстан Республикасының 2000.06.23 № 55, 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңдарымен.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *