Электротехникалық сызбаларды өңдеп сызу ережелері. Өндірістік процестерді автоматтандыру. Электротехникалық сұлбалардағы графикалық шартты белгілер. Электрлік сұлбалардың түрлері. Электрлік құрылымдық, міндеттік, негіздік, жалғастыру, іске қосу, планда электр жабдықтар мен электр тартымдарды орналастыру сұлбаларын орындау ережелері. Электр жабдықтарды және электр тізбектерді таңбалау.

Электрлендіру жүйелерінің жобаларының графикалық бөлімінің негізін электротехникалық сызбалар құрайды. Оларды сызбаларды орындаудың жалпы ережелеріне сәйкес ГОСТ 2.301-68….ГОСТ 2.313-68 және ГОСТ 2.316-68 бойынша орындайды.

    Электротехникалық сызбалардың негізгі түрлеріне желілер мен электрмен қамтамасыз ететін құрылғылардың, электр жабдықтардың,технологиялық процесстерді атоматтандырудың және жобаланатын обьектні басқарудың сызбалары жатады. Сызбалардың құрамына бас план, жалпы көріністер, кескіндер,жоларналардың профильдері әр түрлі және әр типті сұлбалар кіреді. Бас планда обьектінің негізгі бөлімдерінің өзара орналасуын,электрмен қамтамасыз ету көздерінің жайғасуын, қоректендіру электр желілерінің(кернеуі 1000В дейін және жоғары) жоларналарының жүргізілуін, қосалқыстанциялардың,тұтынушылардыңорналасқанжерлерінжәнеғимараттардыңкірмесін көрсетеді.

     План қабылданған шартты белгілердің мағынасын ашатын және басқа да қажетті түсіндірмелермен жабдықталуы керек. Бас план жобаланатын құрлыстың немесе обьектінің орналасуы және оның инженерлік желілер мен коммуникацияларға қосылуы туралы толық мәлімет беруге тиіс.

     Бас планды жобалағанда мынандай кішірейту масштабтарын: 1;100, 1;200, 1;700 , 1:800, 1:1000 қолданған жөн. Аса ірі обьектілердің бас пландарын жобалағанда 1:2000, 1:5000, 1:10000 масштабтарын пайдалануға болады. Пландарда үстем желдердің бағыты (тұрғын-үйлер секторынан өндірістік құрлыстарға бағытталған) және тиісті санитарлық-гигиеналық және өртке қарсылық нормаларымен анықталатын ара қашықтықтар көрсетіледі. Сондай-ақ, обьектілердің позициялары, жолдардың, су қоймаларының, көшеттердің және әр түрлі коммутикациялардың шартты белгілері көрсетілді.

      Жалпы көріністі сызбаларда бұйымдар немесе обьектілер өздерінің кескіндерімен, қималарымен, тиісті мөлшерімен сызылып көрсетіледі. Бұл сызбаларда бұйымның әрекет негізін немесе құрлысын, оның негізгі бөлімдерімен түйіндердің өзара әрекетін түсіндіру үшін жазулар жазуға болады.Жекелеген заттарды барынша жеңілдетіп сызады, ал жабдықтардың құрама бөлімдерін кескіндерде контурлық (нұсқа) нобайларымен сызуға болады,тек мұнда бұйымның бейнелену көрнектілі және осы жабдықтың әрекет негізі бұзылмауы тиіс. Жалпы көріністі сызбаларда бұйымдардың құрама бөлімдерінің аттарын және белгіленулерін алып-шығарып көрсететін сызықтармен белгілеуге болады. Құрама бөлімдердің саны көп болса, шығарылған сызықтардың кәкілерінде құрама бөлімнің позицясының нөмірін көрсетеді де, әр позиция бойынша тиісті мәліметтерді, осы сызбада орналасатын кестеге жазады.Жалпы алғанда, кестенің мынандай графалары: позиция,белгісі, аты, саны дегендер болуы керек. Кестені сызбаның бетінің кез-келген жеріне орналастыруға болады, алайда оны негізгі жазу үстіне орналастырған ыңғайлы болады.

     Жобаланатын обьектінің және оның жекелеген бөлімдерінің жұмыс істеу принциптерін, олардың өзара әрекеттерін түсіндіру үшін әр түрлі электрлік сұлбалар кеңінен пайдаланады.Электротехникалық қондырғылардың жұмысы туралы ең толық түсінікті негіздік сұлбалар береді.Ірі обьектлерді немесе қондырғыларды жобалағанда сұлбалардың анықталған түрлерін және типтерін бірнеше беттерге сызуға болады немесе бірнеше кішілеу сондай сұлбаларды сызуға болады.

  Сызбалар мен сұлбаларды үлгі қалыппен бекіткен беттерде орындайды. ГОСТ 2.301-68 бойынша мынандай негізгі бес формат анықталған:

      Форматтың форматтың

       белгіленуі мөлшері,мм

       АО 44 1189*841

       A 1 24 594*841

       A 2 22 594*420

       A 3 12 297*420

       A 4 11 297*210

   Форматтың белгіленуіндегі бірінші сан форматтың бір жағынның 297мм еселігін, ал екінші сан онының екінші жағының 210 мм еселгін көрсетеді.

    Әр бір графикалық құжат үшін ГОСТ2.104-68 бойынша негізгі жазулар формасы анықталған. Сызбалар мен электр техникалық сұлбалар үшін 1формалы негізгі жазулар қолданылады, ал текстік конструкторлық құжаттар үшін 2,2a формалы негізгі жазулар қолданылады.Осы жерде,ең алғашқы бетте 2формалы а келесі беттерде 2a формалы жазулар қолданылады. Негізгі жазу сызбаның, сұлбаның төменгі оң жақ бұрышына орналастырылады.

           Сұлбалардың түрлері және типтері

      Сұлбалардың түрлер және типтер бойынша топтасуын ГОСТ 2.701-84 анықтайды. Сұлбалардың түрлері бұйымның құрамына кіретін элементтер мен байланыстардың тұрлеріне байланысты анықталады және орыс алфавиті әріптерімен белгіленеді. Сұлбалардың он түрін бөліп белгілейді:Электрлік-Э, гидравликалық-Г, пневматикалық-П, газдық-Х, кинематикалық-К,вакумдық-В, оптикалық-Л, энергетикалық-Р, бөлу-Е, құрама-С.Бұйымды құрама бөлімдерге бөлу сұлбасы (белгісі-Е) бұйымның құрамын анықтау үшін дайындалады. Егер бұйымның құрамына әр түрлердің элементтері кіретін болса,онда құрама сұлбалар орындалады.

     Сұлбалар міндеттеріне байланысты типтерге бөлінеді және араб сандарымен белгіленеді. Сұлбалардың сегіз типтері бекітлген: құрамдық-1,міндеттік-2,негіздік (толық)-3, жалғастыру(мантаждық)-4, іске қосу-5,жалпылық-6, орналастру-7, біріктрілген-о.

    Сұлбалардың аты мен коды оның түрі және типі мен анықталады. Код сұлбаның түрін білдіретін әріптен және сұлбаның типін анықтайтын цифрдан құралады. Мысалы, электрлік негіздік сұлба-Э3,гидровликалық жалғастру сұлба-Г4,т.б, электрлік гидровликалық негіздік сұдба-С3, электрлік жалғастру іске қосу сұлба-ЭО.

   ГОСТ 2.701-84, сонымен қатар конструкторлық құжаттауларда пайдаланатын терминдерді және олардың анықтамаларын белгілейді.

   Сұлбаның элементі –сұлбаның құрама бөлімі, бұйымда белгілі міндет атқарады және өз алдына міндет атқара алатын бөлмдерге бөліне алмайды (резистор, конденсатор, интегралдық микро сұлба, трасформатор,сорап және.с.с.)

  Құрылғы –тұтас құрылма құратын элементтердің жиынтығы (блок,плата). Бұйымда белгілі міндеттік мақсат болмауы да мүмкін.

  Міндеттік бөлім- дәл белгіленген міндеттік мақсаты бар элемент,құрылғы немесе міндеттік топ.

  Міндеттік тізбек- белгілі міндетті желі,канал,тракт(дыбыс каналы, бейне каналы, АЖЖ тракты және с.с)

    Өзара байланыс желісі- бұйымның міндеттік бөлімдерінің арасындағы байланысты көрсететін сұлбадағы желінің бөлімі.

Электр байланысының желісі- токтың сигналдық жүру жолын көрсететін сұлбадағы желі(сызық).

   Қондырғы- сұлба арналып дайындалатын (мысалы, басты тізбектер), энергетикалық құрлыстағы обьектінің шартты аталуы.

           Сұлбаларды орындауға қойылатын жалпы талаптар

     Сұлба- графикалық конструкторлық құжат. Онда шарты бейнелер мен белгілер түрінде бұйымның құрама бөлімдері және олардың арасындағы байланыстары көрсетіліді.

     Сұлбалар конструкторлық құжаттаудың жинағына кіреді және басқа құжаттардай бұйымды жобалауға, дайындап шығаруға, құрауға,реттеуге және

эксплуатациялауға керекті мәліметтерді құрамында үстайды.

     Сұлбаларды орындауғы мынандай жалпылай талаптар қойылады:

1.Сұлбалар маштабсыз және бұйымның құрама бөлімдерінің кеңістіктегі нақтылы орналасуын сақтамай орындалады.

2.Бұйымды жобалауға керекті сұлбалардың типтері және әр типтегі сұлбалар саны бұйымның ерекшелігіне байланысты жобалаушының шешімімен анықталады.Сұлбалар жинағы мүмкіндігінше аз болуы керек, алайда бұйымды жобалауға,дайындап шығаруға,эксплуатациялауға керекті мәліметтер толық көлемде берілуі керек.

3.Сұлбаларда, қағида бойынша, үлгі қалыптарымен белгіленген графикалық шартты белгілеулер пайдаланылады.Егер кейбір элементтердің үлгі қалыптан тыс белгіленуін пайдалану керек болса, онда сұлбаларда тиісті түсініктер келтіруі керек.

4.Байланыс сызықтарының (желілерінің)бұрылыстарының және қиылыстары-

ның саны ең аз болуына қол жеткізу керек. Сонымен қатар паралель сызықтардың ара қашықтығы 3мм кем болмай сақталуы керек.

5.Сұлбаларда оны тұтасымен немесе жеке элементтерін сипаттайтын техникалық мәліметтер орналастыруға болады.

6.Сұлбаларды бірнеше беттерде орындауға рұқсат етіледі.(біріктірлген немесе құрама сұлбаларды).

               Электрлік сұлбаларды орындау ережелері

     Электрлік сұлбалар мемелекеттік үлгі қалыптар негізінде орындалады. Электрлік сұлбалардың әр бір типтерін орындауға белгілі ережелер анықталған.

        Құрылымдық сұлба- бұйымның негізгі міндеттік бөлімдерін анықтайтын, олардың мақсаттарын және өзара байланысын белгілейтін сұлба. Сұлбаның графикалық тұрғызылуы оның жекелеген, әдетте, төрт бұрыштар түрінде бейнеленетін бөлімдерінің өзара әрекеттері және жұмыс тізбектері туралы жеткілікті түрде көрнекті түсінік беруі керек.Жекелеген бөлімдер арасындағы өзара байланыс желілері жебе- сызықтармен көрсетіледі. Жебелердің бағыты қондырғыдағы процесстің жүру бағытын көрсетеді.

    Міндеттік сұлба- бүйымның жекелеген міндеттік тізбектерінде немесе бүкіл бұйымда жүретін белгілі процесстерді ұғындыратын сұлба.

    Бұл сұлбалардың графикалық белгілеулерінің жанына міндеттік бөлімнің техникалық сипаттамасын көрсетуге рұқсат етіледі.

    Негіздік сұлба (толық сұлба)- элементтердің толық құрамын және олардың арасындағы байланыстарды анықтайтын, бұйымның (қондырғының) жұмыс істеу принциптері туралы егжей- тегжейлі ұғым беретін сұлба.

    Негіздік сұлбаны қондырғының жұмыс істеу принципін білу үшін пайдаланады, сонымен қатар қондырғыны реттегенде, бақылағанда және жөндегенде пайдаланады. Ол басқа конструкторлық құжаттарды дайындауға негіз болып табылады, мысалы жалғастыру сұлбасын (мантаждық) және сызбаларды дайындауға болады.

    Негіздік сұлбаны қондырғының сөндірілген қалпы үшін орындайды. Шартты графикалық белгілеулер, олардың мөлшерлері тиісті үлгі қалыптарымен анықталады. Сұлбадағы барлық түйіспелер тізбектегі ток жоқ кездегі жағыдайымен көрсетіледі. Сұлбада құрылғының кірме және шығыс тізбектерінің сипаттамаларын(жиілігін, кернеуін,тыс күшін және басқалар) көрсетуге рүқсат етіледі, сондай-ақ өлшеуге жататын шартты шамаларды да көрсетуге болады. Жеке өзінің негіздік сұлбасы бар бұйымдарды жалпы сұлбада төртбұрыштар түрінде бейнелеуге болады.

    Жалғастыру сұлбасы (монтаждық сұлба)-бұйымның құрама бөлімдерінің жалғануын көрсететін және осы жалғауларды жүзеге асыратын сымдарды, ширатылған сымдарды кабельдерді, сондай-ақ олардың қосылған жерлерін және кірмелерін( қыспақ,ажыратпақ, плателар жәнес.с) белгілейтін сұлба.

   Монтаждық сұлбада бұйымдағы барлық түйіспелердің, құрылғылардың белгілеулерін көрсетеді. Сұлбада қосымша мәліметтер келтіріледі: сымдар үшін –маркасы, қима ауданы, тарамының түсі, кабельдер үшін- маркасы, тарамдарының саны, қимасының ауданы, пайдаланған тарамдарының саны.

    Іске қосу сұлбасы-бұйымның сыртқы қосылуын көрсететін сұлба.

   Жалпылық сұлба-кешеннің құрама бөлімдерін және олардың эксплуатациялау орынында өз ара қосылуын анықтайтын сұлба.

    Орналаструсұлбасы-бұйымның(қондырғының)құрама бөлімдерінің салыстырмалы орналасуын, ал керек болса, сондай-ақ сымдардың ширатылған сымдардың кабельдердің орналасуын анықтайтын сұлба.

    Біріктірлген сұлба- бір конструкторлық құжатта екі немесе бірнеше типті сұлбалар орындалған (бір бұйым үшін)сұлба.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *