Электрлік жүктемелер. Бөлек үй- жайлардың кірмелеріндегі электрлік жүктемелерді әр түрлі тәсілдермен анықтау. А.Ш тұтынушыларының сенімділік талаптарына сәйкес қоректендіру көздерінің қуатын, түрін, қондыру орнын таңдау.

Электрлік жүктемелерді есептеу

          Жобалау кезінде электр жүктемелердің шамаларын нақты дәл анықтауға тырысады. Себебі,сол шамалар бойынша электр желісінің негізгі шартты шамалары, қуат көздерінің сипаттамалары анықталады.

         Электрлі жүктемелерді анықтау үшін әр- түрлі тәсілдер қолданылады: бірмезгілдік коэффициент тәсілі, электрлік жүктемелер графигін тұрғызу, электрлік қабылдағыштардың тиімді саны, сұраныс коэф. тәсілі, ықтималдықтың сипаттамалары тәсілі және де басқа тәсілдер.

           Курыстық және дипломдық жобалар орындағында арнаулы сұрақта қарастырылатын обьект үшін электрлік жүктемені күштік, жылулық және жарықтандыру жабдықтарының тәуліктік технологиялық жұмыс графигін зетрттей отырып электр жүктемесінің графигін тұрғызу арқылы анықтаған жөн.

             Кәсіп орның жалпы электрлік жүктемесін жеке ғимараттардың кірмесіндегі жүктемелердің ықтималдық сипаттарын пайдалана отырып анықтайды.

            Ауыл шаруашылық тұтынушылардың электрлік жүктемелерінің ықтималдық сипаттамалары және олар арқылы жүктемені есептеу тәсілі “Сельэнергопроект”институты дайындаған әдістемелік нұсқауда толық көлемде жазылған

             Ғимараттардың күштік электр тұтынушылардың есептік қуаты мына қатынасымен анықталады

                                      кВт

мұндағы :

         Рес-эл. түтынушыл. есептік қуаты, кВт

         Рорн.n- максимал жүктемені қалыптастыруға қатысатын және максимал жүктеменің пайда болуы кезінде 0,5сағаттан артық жұмыс істейтін n электр тұтынушыларының әрқайсысының орнатылған қуаты, кВт.

        Рорн.m- максимал жүктемені қалыптастыруға қатысатын және максимал жүктеме кезінде 0,5сағаттан кем уақыт жұмыс істейтін m тұтынушылардың әрқайсысының орнатылған қуаты,кВт.

Кж-электр тұтынушының активті қуат бойынша жүктелу коэффициенті.

 -эл. тұтынушының пәкі

t- жарты сағаттық максимумда жүктеме кезінде (t<0,5саг) рорнт тұтынушылар-

дың үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығы.

                   Қоректендіру көздерін таңдау

         Жобаланатын обьектінің аланшасында орналастырылған кернеуі 10/0,4кВ өндірістік трансформатар қосалқы станциясы жабық түрлі болуы керек. Олар ішке қондырылатын КТП қолданып жеке тұратын немесе өндірістік ғимаратқа қосылып салынған, сол сияқты ғимаратқа енгізілген болу мүмкін.

         Көптеген жағдайларда сыртқы қондырылатын КТП қолдануға рұқсат етіледі. Жабық қосалқы станциаларда заводтарда дайындалған бөліп таратқыш КРУ шкафтары немесе КСО камералары қолданылады.

Кернеуі 10/0,4кВ трансфарматорлық станциялардың саны, қуаты және түрлері механикалық- экономикалық есептер негізінде анықталады. Трансформатор пунктінің номинал қуатын және орналасу алаңшасы таңдауға ерекше көңіл бөлген жөн себебі одан таратқыш желілердің, әсіресе кабель желілерінің ұзындықтарын қысқарту және реактив қуат мұқтаждығын кеміту тәуелді екіні белгілі.

Жеке трансформатор қосалқы станциясының өз тұтынушыларын қамту радиусын 400м асырмай қабылдаған жөн. Қосалқы станцияны электрлік жүктемелердің салмақ орталығы нүктесінде орналастыруға тырысу керек.Сонымен қатар, қуат алу және тарату желілерінің құрылу ыңғайлылығы ескеріледі.

Бірінші және екінші категориялы тұтынушылары бар 10/0,4кВ трансфарматор пунктері, қағида бойынша, номинал қуаттары бірдей, номинал режимде жүктемелерді игере алатын екі трансформатордан құрылуы керек.

Қос трансформаторлы қосалқы станциялардың трансформаторлардың номинал қуатын олардың қалыпты және апат жұмыс режимдері жағдайлары бойынша таңдайды .Егерде кіші кернеулі торабы бойынша резерв болмаса трансформатордан қуатын келесі өрнек бойынша таңдалады

                                     Sн= Sесеп/hав

Sн-бір трансформатордың номинал.қуаты, кВА

Sесеп-станцияның есептік жүктемесі, кВА

hав-авариялық асқын жүктеменін мүмкіндік коэф.

Егерде кіші кернеулі торабы бойынша резвертену болса, трансформаторды олардың қалпты және апат жұмыс режимдері жағдайлары бойынша таңдайды.

 Жобаланатын станцияның бір трансформаторын ажыратса

                              Sн= Sесеп-Sрез`/hав

Sрез`-кіші кернеулі торабы бойынша автоматты резервтелінетің жүктеме

   Көрші подстанция ажыратылса

                              Sн= Sесеп+Sрез˝/2hав

S//рез-көршілес подстанцияда трансформатор өшірілсе жобаланатын подстан-

цияның трансформаторлары мен қосымша автоматты резервтел жүктеме.

Қалыпты жұмыс режимдері жағдайлары бойынша трансформатордың номинал қуатын асқын жүктелуін есепке алып жүктеменің экономикалық интервалдары шектері бойынша таңдайды.

                            Sэн < 0,5Sесеп ≤ Sэв

Бір трансформаторлы қосалқы станциялардың номинал қуатын олардың қалыпты жұмыс режимі жағдайына қарай жүктемелерінің экономикалық шектері бойынша рұқсат етілген жүйелі асқын жүктелуін ескере отырып таңдайды.

                              Sэн < Sесеп ≤ Sэв

Жылдық электр энергия тұтыну мөлшері жекелеген қондырғылардың қуат тұтынуы бойынша және олардың жылдық пайдалану сағат сандары бойнша анықталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *