ШЫНЖЫРЛЫ БЕРІЛІСТЕР.

Жоспары:

1. Шынжырлы берілістердің негізгі түсініктер және анықтамалар.

2. Шынжырлы берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Шынжырлы берілістің негізгі сипаттамалары

4. Тізбектер материалы.

Шынжырлы беріліс жетекші және жетектегі жұлдызшалардан және оларды қамтитын шынжырлардан тұрады (сурет 1). Шынжырлы берілістерде бірнеше жетектегі жұлдызшалар болуы мүмкін Олар көбінесе ауыл шаруашылық және транспорт машиналарында қолданылады.

Сурет 1 Шынжырлы беріліс схемасы

Ал шынжырдың өзі, топсалармен байланысқан бірнеше буындардан тұрады. Егер шынжырлы берілісті басқа берілістермен салыстырсақ, оның мынадай артықшылықтары бар.

1. Тісті берілістерге қарағанда, шынжырлы беріліс қозғалыс пен қуатты алыс қашықтықтарға бере алады.

2. Белдікті беріліспен салыстырғанда шынжырлы берілістердің көлемі аз болады (бірдей қуатты беру үшін).

3. Қозғалыспен күшті бірден бірнеше жұлдызшаларға бере алады.

4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары.

5. Шынжырды оңай және тез ауыстыруға болады.

6. Шынжырлар алдын ала тартуды қажет етпейді, сондықтан біліктерге аз күш түседі.

Осы аталған артықшылықтарына қарамастан, шынжырлы берілістердін кейбір кемшіліктері де бар.

1. жұмыс кезінде топсалардың тозуынан шынжыр қадамы ұлғаяды және осы топсаларды майлау қиын.

2. белдікті беріліске қарағанда бұл беріліс, біліктерді жоғары дәлділікпен орнатуды қажет етеді.

3. шынжыр қозғалысынын жылдамдығы тұрақсыз, осыған байланысты онда айнымалы күштер пайда болады.

Шынжырлы берілістер әсіресе ауыл шаруашылык, транспорт машиналарында, жүк кµтергіш машнналарда жиі қолданылады.

Шынжырлы берілістің негізгі сипаттамалары

Шынжырлы берілістер де беру куатымен, беріліс санымен, пайдалы әсер коэффициентімен сипатталады.

Шынжырлы берілістер көбінесе 100 киловатқа дейінгі куатты беруге арналған. Өйткені ете көп қуат берілетін болса, шынжырлы берілістің бағасы тісті берілістермен салыстырғанда анағұрлым артық болады.

Берілістің куаты мына формуламен есептеледі:

 , (1)

мұндағы Р — шеңберлік күш, Н; —шеңберлік жылдамдық, м/с.

Жұлдызшаның айналыс саны мен шынжырдың жылдамдығы. Механизмнің тозуы мен динамикалық күштердің түсуі шынжырдың жылдамдығына байланысты. Сондықтан шынжырдың жылдамдығы =15 м/с және жұлдызшаның айналыс саны минутына 500-ден аспағаны жөн.

Шынжырдың жылдамдығы былай анықталады:

      (2)

мұндағы z— жұлдызша тістерінің саны; t— шынжырдың қадамы, (мм);

n— жұлдызшаның бір минуттағы айналыс саны.

Беріліс саны. Беріліс саны, жұлдызшалардағы шынжырдың орташа жылдамдығы тепетеңдік шартынан анықталады

  бұдан

                          (3)

Шынжырлы берілістердің, беріліс саны іс жүзінде алтыға дейін алынады.

Пайдалы әсер коэффициенті. Шынжырлы берілісте куаттың кейбір шамасы шынжыр топсасындағы және жұлдызша тістеріндегі үйкелісті жоюға кетеді.

Шынжырлы берілістің пайдалы әсер коэффициенті

 = 0,96-0,98 тең.

Центраралық қашықтық пен шынжырдың ұзындығы. Ең кіші осьаралық қашықтық жұдырықшалар арасындағы мүмкіндік ара қашықтық шамасымен шектеледі (30 50 мм)

Іс жүзінде шынжырлы берілістердің жұмыс істеу мерзімін көбейту үшін

а = (30 50)t деп алады. (4)

мұндағы t — шынжырдың қадамы.

Ал шынжырдың ұзындығы оның қадамы мен буындар саны арқылы табылады

             (5)

Бос тармақтағы шыњжырдың салбырауын қамтамасыз ету үшін осьаралық қашықтықты шамамен (0,002 0,004) азайтып алу керек.

Тізбектер материалы. Пластиналар Ст.50 болатынан жасалады да НRС38-45 деңгейіне дейін шыңдалады. Осьтер, втулкалар, роликтер Ст15 немесе Ст20 болатынан жасалады және НRС52-60 деңгейіне дейн шыңдалады.

Тізбек қадамы t негізгі параметрлер қатарына кіреді, МемСТ бойынша алынады. Қадам үлкен болған сайын шу дыбыс ұлғаяды және жүктемелік қасиет көтеріледі. Үлкен жылдамдықта ұсақ қадамды тізбек алынады, және оларды көпқатарлы етеді.

Жұлдызшалар тісті дөңгелектерден тек тістерінің профилімен айрықшалынады. МемСТ бойынша есептелінеді, Ст45, 40Х болаттарынан жасалады және шыңдалады.

Егер шу дыбыс аз болуы қажет болса, жұлдызша пластмассадан жасалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *