1. Шпонкалы қосылыстардың негізгі түсініктер және түрлері. .
2. Шлицті (тісті) қосылыстардың негізгі түсініктер және түрлері.
3. Шпонкалы қосылыстар есептеліу.
4. Шлицті қосылыстар есептеліу.
Шпонкалы, шлицті қосылыстар бір бөлшекпен екінші бөлшекті қосу және айналдырушы моментін беру үшін қолданылады. Шпонкалар призмалы шпонка, сегментті шпонка, тангенциалды шпонка және сына тәрізді болып бөлінеді.
Артықшылықтары:
• құрылым сенімді және қарапайым;
• бағасы төмен;
• жеңіл құрастырылады және жеңіл ажыратылады.
Кемшіліктері:
• шпонка қондырылатын ұя біліктің де, күпшектің де беріктігін кемейтеді;
• ұя кернеулерді шоғырландырады;
• ұя біліктің массалық центрін осьтен тайдырады
1-сурет. Сегменттік шпонкалық жалгама
Призмалық шпонкалық жалғама
Бұл жалғаманың құрылымы 2-суретте көрсетілген.
2-сурет. Призмалық шпонкалық жалғама
Шпонканың басы-соңына байланысты үш түрге бөліге болады:
1 — орындама (бір басы доғал);
2 — орындама (бір басы доғал, екінші басы тік);
3 — орындама (екі басы да тік).
Призмалы шпонкаларды беріктілік шарты бойынша жаншылуға есептейді:
(1)
мұндағы Т – берілетін момент; d – білік диаметрі; һ – шпонка биіктігі; t1 – біліктегі шпонка тұратын қуыстың тереңдігі; lр – шпонканың жұмыстық ұзындығы, l≤1,5d; [σ]см – мүмкіндік жаншылу кернеуі.
Сегментті шпонкаларды жаншылуға есептейді:
(2)
мұндағы l – шпонка ұзындығы.
Сегментті шпонка жұқа болғандықтан, оны кесілуге тексереді:
(3)
мұндағы в – шпонка ені; [τ]ср – мүмкіндік кесілу кернеуі.
Тісті (шлицтік) жалғамалар
Егер білікке бірнеше шпонка орнатылса, біліктің беріктігіне нұқсан келтіріледі, сондыктан осы жағдайда тісті (шлицтік) жалғамалар қолданылады. Шлицтік жалғамада біліктегі тістер күпшектегі ұяларға орналасады да айналыдырушы моментті біліктен күпшекке өткізеді. Момент күпшектен білікке де өткізілуі мүмкін.
Артықшылықтары:
1. Бойлық қозғалысты жоғары дәлдікпен демейді. Массалық центр айналу осьінде орналасады.
2. Бөлшек саны 2-ге дейін азаяды.
3. Үлкен айналдырушы моменттерді өткізеді.
4. Динамикалық және реверстік жүктемелерді тістерге біркелкі етіп жаяды.
5. Біліктің беріктігіне аз нұқсан келеді.
6. Күпшектің ұзындығы азаяды.
Кемшіліктері:
1. Жасалуы қиын.
2. Қымбат бағалы болады.
Шлицтік жалғамалар түрлері
Шлицтік жалғамалар мына түрлерге бөлінеді.
Жалғасу түріне байланысты:
1. жылжымайтын (күпшекті білікте бекітуге қолданылады);
2. жылжымалы (күшпектің білік бойында қозғалуын қамтамасыз етеді).
Тістер түріне байланысты:
3. тікбүйірлік тісті;
4. эвольвенттік тісті;
5. үшбұрыштық тісті.
Орталық оське келтіру әдісіне байланысты:
6. сыртқы диаметр бойынша;
7. тістің бүйірі бойынша;
8. ішкі диаметр бойынша.
Сыртқы диаметр D бойынша оське келтіру күпшектің ішкі бетінің каттылығы <НВ350 болғанда қолданылады.
Егер күпшектің материалының қаттылығы өте жоғары болса ішкі диаметр d бойынша оське келтіру әдісі колданылады.
Тістің бүйірі бойынша оське келтіру жүктемені тістерге бірдей етіп бөледі. Жүктеме динамикалық және соққылықты болғанда қолданылады.
МемСТ 1139-80 бойынша үш түрлі тікбүйірлік тісті жалғама ұсынылады: жеңіл, орташа және ауыр. Олар бір-бірінен тістердің санымен және биіктігімен бөлектенеді.
Жеңіл түрі күпшек білікте жылжымайтын етіп бекітілгенде, орташа түрі жүктемесіз жылжығанда, ауыр түрі жүктемемен қозғалатын күпшекке қолданылады.
Шлицті қосылыстар өздерінің пішініне байланысты төрт бұрышты, үш бұрышты, эвольвентті болып бірнеше түрге бөлінеді. Екіншіден, білікке отырғызылған бөлшектерды центрлеу амалдарына байланысты бөлінеді. Центрлеу бүйір қырлары, тістердің ішкі және сыртқы диаметрі арқылы іске асырылады.
Шлицті қосылыстар жаншылуға есептеледі.
(4)
мұндағы z – шлицтер саны;
— қосылыстың орта диаметрі; Асм – бір тістің жұмыс бетінің жаншылу ауданы.
Тістері тік бүйірлі профилді қосылыстар үшін
, (5)
мұндағы D – сыртқы диаметр;
d – ішкі диаметр;
lp – тістердің жұмыстық ұзындығы.
Тістері эвольвентті профильді қосылыстар үшін
Асм=0,9mlp; dm=mz
мұндағы m – қосылыс модулі.