Жоспары:
1. Фрикциялық берілістердің негізгі түсініктер және анықтамалар.
2. Фрикциялық берілістердің негізгі түрлері.
3. Фрикциялық берілістердің қолданылуы.
4. Вариаторлар.
Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін берілістерді фриқциялық берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық берілістер біріне-бірі қысылған екі дөңгелектен тұрады (сурет 2.1). Конусты берілісте біліктердің арасындағы қиылысу бұрышы кез келген болуы мүмкін, бірақ көбінесе ол 90º тен. Цилиндрлік және конусты фрикционды берілістер шартты тұрақты беріліс қатынасымен сипатталады. Фрикциялық берілістердің қуаты, бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты. Сондықтан айналмалы дөңгелектер бірімен-бірін белгілі күшпен қысуы шарт, бұл көбінесе арнаулы серіппе арқылы жүзеге асырылады.
Фрикциялық берілістердің жұмыс істеу шартына байланысты, үйкеліс күші беріліс күшінен көп немесе үйкеліс күшінен пайда болған момент есептегі берілген айналдырушы моментінен кеп болуы тиіс.
F>Р. (1)
Бәрімізге белгілі үйкеліс күші:
F = Qf (2)
Q — жанасу ауданына түсетін қысу күші;
f — үйкеліс коэффициенті. Көрсетілген теңдеу (1) бойынша: қысу күші мен үйкеліс коэффициентінің шамасы неғұрлым көп болса, соғұрлым фрикциялық берілістер беретін күштіқ (қуаттың) шамасы жоғары болады.
Сурет 1 Қарапайым фрикциялық беріліс
Үйкеліс коэффициентінің шамасы аздығынан, қысу күшінің шамасы есептегі күштен бірнеше есе артық болады. Мысалы, құрғақ бетті болаттар үшін үйкеліс коэффициенті f= 0,1 жағдайда қысу күші пайдалы күштен 10 есе артық.
Осыған байланысты фрикциялык, берілістерде біліктер мен тіректердің өлшемдері үлкен болады, сондықтан олар арқылы берілетін ең үлкен қуат шамасы 10—30 ат күшінен аспайды.
Фрикциялық берілістердің артықшылықтары:
а) конструкциясы қарапайым, теңселу денесіне тіс жасаудың қажеті жоқ;
б) қозғалыс бір қалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және приборларда қолданылады. Мысалы, тісті дөнгелектің дәлдігін есептейтін приборлар фрикциялық берілісті қолдану негізінде жасалған;
в) айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді;
г) олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті белгілі бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.
Фрикциялық берілістердің кемшіліктері:
а) фрикциялық берілістерде подшипник пен білікке күш көп түседі;
б) фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициентінін, шамасы аз ( =0,8-0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс істеуі кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы тұрақсыз және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бір қалыпты болмайды;
в) айналмалы денелердіњ қысылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын керек етеді.
Фриқциялық берілістер және олардың түрлері.
Фрикциялық берілістер өзара екі топқа бөлінеді.
1) Беріліс саны тұрақты фрикциялық берілістер.
2) Беріліс санын үздіксіз және сатысыз реттейтін фрикциялық берілістер немесе вариаторлар.
Беріліс саны тұрақты фрикциялық берілістерге қарапайым конус дискілі фрикциялық беріліс те жатады (сурет 2.2). Фрикциялық берілістердің беріліс саны:
u = (3)
Ал екі айналмалы денені қысу күші төменде көрсетілгендей табылады:
Q = K , (4)
мұнда Р — берілетін шеңберлі күш;
e =0,03 — сырғанау коэффициенті;
K= 1,25 1,5 күш берілістерінің ілінісу запасы;
K=3—приборлар үшін ілінісу запасы;
f=0,04 0,05 үйкеліс беті майланған болаттан жасалған дискілер үшін;
f = 0,15 0,20— болатпен болат немесе шойын үйкелісінде (майланбағанда).
Сурет 2. Конусты фрикциялық беріліс
Вариаторлар. Егер доңғалақтардың біреуі (немесе екеуі де) өзгерілемелі айналу диаметрі болса, мұндай беріліс вариатор деп аталады, ол айнымалы беріліс қатынасымен сипатталады.
Өндірісті автоматтандыруға байланысты жылдан-жылға вариаторлар техникада кеңінен қолданылып келеді. Олардың түрлері сан алуан, сондықтан жұмыс істеу принциптеріне байланысты 2.3-суретінде көрсетілгендей жүйелеуге болады.
Сурет 3. Вариаторлар схемалары:
Қысу жабдығындағы бұрышты былай табуға болады:
tg b= (2.5)
Табақшалар мен роликтер жанасу беріктігіне есептеледі. Есептеу күші:
(2.6)
imax болғанда жанасу бетіне түсетін Nmax ең көп күш.