ТІСТІ БЕРІЛІСТЕР.

Жоспары:

1. Тісті берілістердің негізгі түсініктер және анықтамалар.

2. Тісті берілістердің классификациясы.

3. Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

4. Тісті берілістердің кинематика мен геометриясы.

Тісті берілістер деп қозғалысты, қозѓалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.

Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30 35 болса, жону станоктарында 70 80-ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн. тісті дөңгелек дайындау керек.

Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады (1-сурет).

Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты:

1) осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады;

2) осьтері өзара қиылысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады;

3) осьтері өзара айқасқан берілістер, оған бұрамдықтісті берілістер жатады;

4) осьтері бір түзудін, бойында орналасқан берілістер оған планетарлық берілістер жатады.

Сурет 1. Берілістер түрі: 1-фрикционды цилиндрлік; 2-тісті цилиндрлік; 3-бұрамалы (червякті); 4-белдікті; 5-шынжырлы; 6-тісті винт-гайка.

Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді:

1) сырттай ілінісетін тісті берілістер;

2) іштей ілінісетін тісті берілістер.

Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша:

эвольвент профильді тісті берілістер;

циклоид профиль тісті берілістер;

профилі шењбер доғасымен шектелген тісті берілістер, Новиков ілінісі;

толқынды ілініс.

Тістердің орналасуына байланысты: 1) тік тістілер; 2) қиғаш тістілер; 3) шеврон тістілер; 4) дөңгелек тістілер.

Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемішліктері.

Сурет 2 – Тісті берілістердің бөлінуі: геометриялық осьтер орналасуы бойынша параллель (а….г), геометриялық осьтер қиылысады (д…ж), геометриялық осьтер айқасады (з,и). Доңғалақтың пішіні бойынша: цилиндрлік (а…г, з), конусты (д…ж, з), (суретте көрстеілмеген: эллипсті, фигуралы және тіс саны толық емес). Тіс пішіні бойынша: түзу (а,б,д), қиғаш (в,е,з,и), шевронды (г), дөнгелекті (ж) және басқа қисық сызықты тістер. Біліктердің өзара орналасуы бойынша: цилиндрлік түзу тісті (а,б), цилиндрлік қиғаш тісті (в), шевронды (г); конусты түзу (д), тангенциал немесе қиғаш тісті (е), дөнгелек тісті (ж), винттік (з); гипоидті немесе конусты винттік (и). Тісті доңғалақтардың өзара орналасуы бойынша: сыртқы ілінісу (а), ішкі ілінісу (б) – мұнда доңғалақтар бір жаққа айналады. Рейкалы беріліс (к).

 Конусты және винттік берілістердің геометриялық осьтердің арасындағы бұрышы 0…180º аралығында болу мүмкін, бірақ көбінесе 90º болады. Гипоидтік берілісте біліктердің айқасу бұрышы 90º. Рейкалы беріліс тісті берілістің бір ерекше түрі болып табылады, мұнда тісті доңғалақтың айналуы рейканың ілгерілемелі-қайтарымды қозғалысыны (және керісінше) түрлендіріледі. Бұл берілісте рейканы диаметрі шексіз үлкен тісті доңғалақ ретінде болады, яғни рейка сол доңғалақтың бір сегменті деп түсіну қажет.

Артықшылықтары.

1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (100 000 аттық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді.

2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі.

3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді.

4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін h = 0,974 0,98).

Кемшіліктері.

1. Дайындауы күрделі;

2. Жұмыс кезінде шу көп болады;

3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар.

Салыстырмалы қасиеттері.

1. Қиғаш тістілер бір қалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады.

2. Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25, 30 процентке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын.

3. Конусты тісті берілістер қымбат. Қонструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады.

Ілінісу қадамы деп, қатар тұрған екі тістің бөлу шеңберімен өлшенген аттас нүктелер ара қашықтығын айтады.

Ілінісудегі дөңгелектердің қадамы бір-біріне тең болуы керек. Қадам, шеңбердін, ұзындығымен p арқылы байланысады, сондықтан шеңбер диаметрін есептеу өте қолайсыз.

 Осыған орай ілінісулердін, негізгі параметрі деп модулін санайды.

Тісті берілістердің кинематика мен геометриясы.

Тісті беріліс төмендегі параметрлермен анықталады (3-сурет):

dw — бастапқы шеңбер;

 db — негізгі шеңбер;

 dа — тістің ұшынан жүргіpзілген шеңбер диаметрі;

df — тістің аяқшасынан немесе ең төмен ойықтан жүргізілген шеңбер.

d = mz — бөлуші диаметр. Бөлуші бет немесе бөлуші шеңберге индекс қойылмайды.

z1 z2 — тістер саны;

р — тістердің шеңберлік бөлуші қадамы;

рb = р соs α- тістердің негізгі шеңберлік қадамы;

α- бөлуші профиль бұрышы, МемСТ 13755-81 бойынша а = 20°;

αw — ілігу бұрышы немесе бастапқы профиль бұрышы:

m = p / π — тістердің шеңберлік модулі. Модульдер стандартталған (МемСТ 9563-80).

аw = а = 0,5m (z1 + z2) — осьарақашықтығы;

һ = 2,25 m — тістің биіктігі;

А1 А2 — ілігу түзуі;

qа — активті ілігу түзуінің ұзындығы;

П — ілігу полюсы (бастапқы шеңберлердің жанасу нүктесі).

3-сурет. Сырттай ілінісетін тісті берілістердің негізгі өлшемдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *