ТІСТЕГІ ЖҮКТЕМЕНІҢ ПРОФИЛІНДЕ ЖАЙЫЛУЫ.

1. Жүктеменің тіс профилінде өзгеруі.

2. Тістің түрі мен беріктігі және саны араларындағы байланыс.

3. Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет.

4. Тістердін істен шығу түрлері.

Тісті дөңгелектер айналғанда жанасу түзуі ілігу аумағында қозғалады (1-сурет). Ілігу аумағының бір қабырғасы qа, ал екінші жағы тісті дөңгелектің тісінің ені bw. Егер 1-ші тістер жұбының жанасу түзуі ілігу аумағының басында болса, онда рb < qа. Бүл кезде ілігу аумақта 2-ші жанасу түзуі де бар, ол 2-ші тісті жүптар ілігуінен пайда болады.

Тісті дөңгелектер айналғанда 1-ші және 2-ші түзілер тістің ұшына қарай жылжиды да 1/ және 2′ орындарына өтеді.

1-сурет. Жүктеменің тіс профилінде өзгеруі

Әрі қарай 1/-2 участкесінде тек тістердің 1 жұбы ілігеді. 1-ші түзу 2-ші түзуге жеткенде қайтадан тістердің екі жұбы іліге бастайды.

1-суретте көрсетілгендей, жалғыз жұп аумағында Fп күші әсер етеді, ал екі жұп аумағында сол жүктеменің жартысы ғана әсер етеді.

Жалғыз жұп пен ілігу аумағының ауданы беттік жанасу жабылу коэффициентіне байланысты болады:

εα = qа / рb

Бір қалыпты, үздіксіз ілігу іске асырылу үшін мына шарт орындалуы қажет εα >1.

Тістің түрі мен беріктігі және саны араларындағы байланыс.

2-суретте тіс түрі мен тіс санының байланысы көрсетілген.

2-сурет. Тіс түрі мен тіс саны

Егер рейка болса, оның тістері тік бүйірлі болады және тістер саны шектелмейді (2,а-сурет).

Егер тістер саны z >17 болса (2,б-сурет), онда тістер тік бүйірлі түрден эвольвенттік түрге ауысады және тістер саны азайған сайын тістің ұшының аяқшасының қалындығы азая түседі.

Егер тістердің саны z <17 болса (2,в-сурет), онда тістің аяқшасы екі жағынан кесіліп қалыңдығы азая түседі, одан εα кемиді, демек, беріктік азаяды. Егер α = 20° болса, онда тістердің ең аз саны z = zmin = 17 болады. Тісті беріліс шу-дыбыссыз, бір калыпты қозғалыста болу үшін тістер санын үлкейтеді z1 = 20…30.

Эвольвента пішінді тісті берілістерден қысқаша мәлімет.

Тісті берілістердің геометриялық өлшемдерін есептеу және оларға тән кинематикалық байланыстар машина механизмдерінің теориясы пәнінде қарастырылады. Осыған байланысты біз бұл жерде тек негізгі ұғымдарды ғана айтып кетпекшіміз.

Тісті берілістің пішініне қойылатын бірінші талап, оның лездік беріліс саны тұрақты болуы қажет. Екіншіден, оны дайындау технологиясы күрделі болмауы қажет. Осы екі талапқа эвольвента пішінді тиісті ілініс сәйкес келеді.

 Эвольвента пішінді тістерді қарапайым түзу құралдармен кесіп дайындауға болады. Осы кесу кезінде түзу сызықты пішінді кескіш құралдың, (рейка) орта сызығына сәйкес келетін шеңберді немесе кескіш құрал кесу кезінде жылжитын шеңберді бөлгіш шеңбер деп, ал олардың диаметрін d1 және d2-ны бөлгіш шеңбер диаметрі дейміз, түзетілмеген тісті берілістер үшін d1=dw1 және d2=dw2.

                                               (1)

мұнда, t — ілінісу қадамы;

da — тістің шығып тұратын бөлігін қамтитын шеңбердің диаметрі;

df— тіс шұңқырын (ойпат) қамтитын шеңбердің диаметрі;

m — ілініс модулі — негізгі параметр деп саналады.

Ол ілінісу қадамына (t ) тура пропорционал.

m = t / p (2)

 Тістердін істен шығу түрлері

Ілігуде тістер жүктеме әсерінен күрделі кернеулі күйде болады. Шешуші әсер тістердің иілуіне және жанасып жаншылуына байланысты пайда болады. Иілу кернеуі σи де, жаншылу кернеуі σн де уакытқа байланысты, әр ілігу жұпта өзгеріп отырады, демек, тістер қажуға ұшырайды.

Тістердің сынуы (істен шығуы) соққылық және қайталанатын жүктемелер әсерінен пайда болады.

Қажып ұнтақталу жабық жақсы майланатын тісті берілістерде жиі кездеседі.

Үйкеліп тозу ашық тісті берілістерде жиі кездеседі.

Тістердің сырылып желінуі май қабаты үзілу нәтижесінде жоғары жылдамдықпен және жоғары жүктеме мен жұмыс атқаратын тісті берілістерде кездеседі.

Пластикалық жылжу ауыр жүктелген тісті берілістерде кездеседі.

Тіс бетінің қабыршақтануы нашар термоөндеу нәтижесінде пайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *