Трансформатор майын эксплуатациялау.

Трансформатор майын эксплуатациялау. Жаңадан түскен трансформатор майына төлқұжат болуы тиіс. Трансформатор майларыныңсипаттамалары ондағы қоспаларға байланысты. Майда 0,01…0,02% ылғалдың болуы тесіп өту кернеуін 4…5 есе төмендетеді. Оныңсебебі полярлы сұйық-су (ξ=80), полярлық сұйық-май (ξ=2,2) электродтар арасындағы тізбек ретінде, өріс бағытына оңтайлануҒа бейім. Осы тізбек арқылы дымқылданған майды тесіп өтеді. Тізбек түзу үшін, аздаған ылғалдың болуы жеткілікті; ылғалдың одан ары көбеюі қатарласған тізбектер санын көбейтеді, ол тесіп өтетін кернеуге әсер етпейді. Біркелкі емес өрістерде, кернеуі жоғары жерлерде, ылғалдың мол жиналуы ірі тамшылар түзеді, олар ыдыстың түбіне, электродаралық өрістен сырт қалады. Сондықтан біркелкі емес электр өрістерінде майды тесіп өтуде ылғалдылықтың әсері елеусіз.

Трансформаторды эксплуатациялауда майға ылғал қоршаған ортадан түсуі және майдағы тотыҒу барысында түзілуі мүмкін. Кейбір қоспалар майға теріс әсер етеді. Парафин майға ериді де оныңтүтғырлықын арттырады. Ажыратқыштардың майларында парафин болуына рұқсат етілмейді. Көмір майға зиянсыз, бірақ, су эмулсиясын тұрақтандырушы фактор ретінде, оныңсаныныңартуына жағдай жасайды. Түнбалар мен ұсақ ғоқыстар (майдың ескіру өнімі) дым таратғыш, бойына елеулі мөлшерде ылғал жинайды. Полярлы диэлектриктер болғандығтан олар электродтар арасына майды тесіп өтетін өткізгіш көпір бола алады. Майдағы (жауын-шашын) түнбалар мен ұсақ ғоқыстар қатты оқшаулағыштардың бетіне ғонады да, бетін бҮркеп, оларды күйреуге әкеледі. Сонымен қатар, түнбалар трансформаторлар орамдарыныңарасындағы жылғаларды бітеп, оныңсалғындауына кедергі жасайды.

Майдың тотыҒуы ауадағы оттегінің әсерінен. Бұл факторлардың майға жеке-жеке алғанда әсері әлдеқайда әлсіз. Соспаларды майдан құрғату немесе тазалау арқылы айырады, ал химиялық құрамын қайта айдау арқылы қалпына келтіреді.

Майды құрғату. Энергетикалық жүйелерде майды екі тәсілмен құрғатады. Бөлме температурасында. Май арқылы құрғақ азотты немесе көмірқышқыл газын сорып алу арқылы; майдың жоғары жақын ан (Үстінен) 20…30 кПа вакуум туғызады; бөлме температурасында және 2,5…5,5 кПа қысым қалдығында майды тозаңдату арқылы тазартады. Құрғатуды тездету үшін майды 8…13 кПа қалдық қысымда 40…500С дейін қыздырады.

Шағын жөндеу мекемесінің жағдайында, майды қыздырып немесе 25…350С температурада түндырып құрғатады. Тұндырып құрғату – ең қарапайым, арзан және майға зияны жоқ әдісі. Оныңкемшілігі – көп уақыт алады.

Майды қыздыру арқылы құрғату да күрделі емес, оның үстіне, майды әртүрлі жолдармен қыздыруға болады, оныңішінде трансформатордың өз ыдысында қыздыру болады.

Майды тазарту. Эксплуатациялау кезінде, май тек ылғалданып қоймай, ластанады да. Майды су мен қоспалардан ортадан тебу күші мен Сүзгі арқылы тазартады. Су мен қоспаларып майдан ауыр болғандығтан ортадан тебу күшін (центрифуга) пайдаланды бөліп шығарады. Майдың температурасы 45…550С болуы керек. Температура төмен болса, майдың түтғырлықы су мен қоспалардың бөлінуіне кедергі болады, ал температура 700С жоғары болса, майдан суды бөліп шығару қиындайды, себебі су булана бастайды, майдың еруі жоғарылайды. Сонымен қоса, жоғары температурада майдың ескіруі қарқындайды.

Сүзу – майды сүзгі ортадан сығып өткізуді (картон, қағаз, бөз, ағартқыш материал қабатынан немесе силикагелдің) — Сүзгі-пресстің күшімен атқарады. Картон мен қағаз, қоспаны түтып қалумен қоса, суды сіңіріп алады.

Сүзгі картонныңылғал Сіңіргіштігі жоғары, бірақ ұсақ тҮйіршектер мен көмірді нашар үстайды сонымен қоса өзі де көп талшық бөледі. Сүзгі-прессте жүмсағ және қатты картон парағтарын кезек пайдалану майды жақсы тазартады.

Майды 40…500С температурада тазарту дұрыс, себебі, жоғары температурада картонныңСіңіргіштігі төмендейді. ЛастанҒан картонды таза майға шайқап жіберіп кептіріп, жұмысқа қайта қосуға болады. 1 тонна майды тазалау үшін, 1 кг. картон керек.

Сүзгі-прессті, әдетте, ұсақ түйіршіктер мен судың қалдығын кетіру Үшін, ортадан тепкіштен (центрифуга) кейін қолданады. Ол майды, судан әбден тазалайды және майдың электрге жоғары еріктігін қамтамасыз етеді. Сүзгі-пресстің қасиеті номинал температурада жұмыс істей алу қабілеті, майды ауамен араластырмайтыны және майды көмірдің ұсақ түйіршіктерінен тазарта алуы. Дегенмен, ортадан тепкіш эмульсиялары бар майды да тазарта алады, ал сүзгі-пресс оған жарамайды.

Ортадан тепкішті (центрифуга), қауіпсіздік техникасын қатаң сағтай отырып, жұмыс істеп тұрған трансформаторлардың ыдысындағы майды тазартуға да пайдаланады. Сүзгі-пресстерде, қосымша Сүзгіш орта ретінде, силикагель мен аҚартғыш топырақты (ағтасты) пайдалану, майдың қышқылдығ санын төмендетеді.

Майды генерациялау (айдау). Эксплуатациялау барысында май тотығады (ескіреді), содан оныңхимиялық құрамы өзгереді, қышқылдар мен шәйір (смола) түзеледі және сонымен бірге, жаңа майларда болатын табиғи тотығуға қарсы тұру қасиеті бүзылады. Майдың ескіруі салдарынан трансформатордың оқшаулағыштары бүлінеді. Әсіресе, органика текті оқшаулағыштар бүлінеді. Дегенмен, майдың ескіруі майдың негізгі көмір сутегінің 3…5%-на әсер етеді, ал қалған бөлігі өзгеріссіз және сапасы да жақсы күйінде қалады. Сондықтан, майды қалпына келтіруге – айдауға болады. Майды айдау оныңқұрамындағы тотығу өнімдерін шығарады. Майды айдау мерзімділігі 5…7 жыл болуы керек. Істен шыққан генераторлардың шамамен, 30%-ыныңоқшаулағыштары майдың тез ескіруінен зақымданған.

Майды артық тазалау оныңтұрақтылықын төмендететінін естен шығармау керек.

Майдың қызмет мерзімін, сонымен қатар трансформатордың қызмет мерзімін үлҚайту Үшін мынадай шараларды іске асыру керек:

1. Майды сырттағы ауамен жанасудан, толық немесе ішінара қорғау.

Францияныңкөптеген ірі фирмалары трансформатор майларын азот қорғанышымен шығарады, қақпақ пен майдың арасындағы ғуыстың ауасын сорып алып, азот толтырады. Ыдыс қақпағына, сыйымдылығы трансформатордың қызу температурасына қарай өзгеріп отыратын серпімді қапшығ орнатады. Фирмалардың кейбірі трансформатор ыдысыныңқақпағына, трансформатор қызған кезде қақпақ астындағы азоттың артықын атмосфераға шығарып жіберетін, трансформатор суынғанда оны тығыздайтын клапанды тетік орнатады.

Отандығ трансформаторлар қақпағына бекітілген көлем ұлғайтқыштар қояды, ол майдың жоғарғы қабатыныңқоршаған ортамен қатысуын күрт төмендетеді. Ірі трансформаторларға, жұмысы кезінде түсетін ауадағы оттегі мен ылғалды сіңіріп алатын, сүзгі орнатады.

2. Эксплуатациялау кезінде трансформатор майыныңқызу температурасын төмендетеді. ПТЭ-ге сәйкес трансформатор ыдыстарын ашық түске бояйды, сондай-ақ лайықты желдеткішпен қамтамасыз етеді.

3. Майға арнайы тұрақтандырғыштар немесе ингибиторлар қосады (ионал, амидопирин және т.б.). Олар майды тотығудан сақтайды және тұрақтылықын жоғарылатады. Тұрақтандырғыштар майдың тотығуы басталу кезеңін ұлғайтып ғана қоймай, майды металдардың ығпалынан қорғайды. Бастапқы шикізатқа (мұнай) қарай майдың құрамы бірдей болмайтынына көңіл аудару керек. Сондықтан аспапға үстеп май құяр алдында, май үлгісін алып, оған міндетті түрде талдау жасап, олардың бірдей екеніне сену және лайықты ингибитор таңдап алу керек.

4. Қуаттылықы 160 кВ∙А және одан қуаты жоғары трансформаторлардың майын үздіксіз айдау үшін, термосифонды сүзгілер қолданылады. Бұл трансформатор майларыныңқызмет мерзімін арттырудың ең жетілген түрлерінің бірі. Термосифон деген адсорбенттермен толтырылып, трансформаторлар ыдысыныңтөменгі және жоғарғы жақын ан шолақ құбыр арқылы жалғасатын цилиндр (9.4-сурет).

Сурет-9.4. Термосифон құрылысы

Май, температуралар айырмасыныңарқасында, термосифонныңішінде айналып жүріп, судан, қышқылдардан, шәйірден және ұсақ түйіршіктерден тазарады.

Сүзгідегі силикагелдің саны май массасының 0,25…1,5%-ындай болуы тиіс. Силикагель неғұрлым көп болса, оның майға әсері соғұрлым жоғары. Сүзгі жұмысының ұзақтығы силикагельдің санына байланысты. Оны қажетіне қарай қосуға, тоқтатуға және бір трансформатордан екіншісіне апаруға болады.

Қуаттылықы 630 кВ∙А дейінгі трансформаторлардың термосифонды Сүзгілеріндегі сорбенттердің қышқыл саны 0,1 мг КОН-нан асғанда ауыстыру керек, ал одан қуаттырағ трансформаторларда қышқыл саны сондай болғанда, немесе суда еритін қышқыл 0,014 мг КОН-нан артса ауыстыру керек. Сорбенттердің ылғалдылықы, сүзгіге салар кезде 0,5%-дан аспауы тиіс.

Сурет-9.5. Сіңіргіш патрон

Трансформаторларды эксплуатациялау және жөндеу жағдайларында ыдысыныңқақпағына Сіңіргіш патрон орнату пайдалы (9.5-сурет). Сіңіргіш патрон немесе термосифонды Сүзгілер мен құрылғысы әралуан және ескірген сериялы трансформаторлардың бәрін жөндеу кезінде жабдықтауға болады.

ТозҒан адсорбенттердің ірі түйіршіктерін 600…700°С температурада ғыздырҒанда ғуыстардағы барлық органикалық заттары жанып түйіршіктердің тікелей беттері қалпына келеді.

Термосифонды сүзгілерге силикагелге үстеме ретінде, одан көрі ылғалды көп сіңіретін цеолитті қосып пайдалануға болады.

Екі трансформатордың бірінде аралас адсорбенті бар цеолиттің силикагельге қатынасы 1:5, термосифонды сүзгі орнатылған, екіншісі сүзгісіз, электр төзімділігінің өзгеруін зерттеген. Сүзгісі жоқ трансформатор майыныңэлектр төзімділігі қоршаған ортаныңсалыстырмалы ылқалдықыныңөзгеруіне қарай өзгеріп отырды. Сүзгісі бар трансформатордың тесіп өту кернеуі әуелі қоршаған ортаныңылғалдылықы (77…84%) артқан сайын, алҒаш қосқан кезде 36 кВт-тан өсіп, 46,8 кВт-ға дейін көтерілді, қосқан кездегі 36 кВ-ға қарсы, содан кейін тесіп өту кернеуі төмендеп, 6 айдан соң қоршаған ортаныңылғалдылықы 60…70%-ға дейін төмендегенде, 25,5 кВ-ға жетті. Ондағы,, сіңіру қабілеті жоғары, цеолиттің саны аз болғандығтан мүмкіндігі екі айға ғана жеткен. Бұл уақытта, трансформатор майы мен оқшаулағышы өздігінен табиғи құрғаудың орнына, атмосфера ауасыныңылғалы төмендеуі есебінен цеолитте жиналған ылғалды бойына сіңірген. Бұл цеолитті өлшеу арқылы дәлелденген: өз массасымен салыстырғанда 56% ылғал сіңірген. Сонымен цеолиттің майға оң әсері де, теріс әсері де болуы мүмкін екен. Цеолит пен силикагел қатынастары 1:2,5 дейін өзгергенде, трансформатор сүзгісінің адсорбциялау қабілеті 8 айға дейін өскен.

Цеолитті бақылау өлшеуі көрсеткеніндей, 8 айда ол өз массасының 35%-дай су сіңіріпті. Майдың орташа тесіп ату кернеуі 45 кВ, ал қосқан кездегі ең төмен шегі 35 кВ болды.

5. Жоспар бойынша, майдың күйін үнемі тексеріп тұрады және қажет кезінде оны тазартады.

Эксплуатациялаудағы оқшаулағыш майын, ПТЭ-ге сәйкес, мына мерзімдерде сынап тұру керек: термосифонды сүзгісі жоқ трансформаторларды жылына бір рет (қысқартылған талдау); термосифондары бар істеп тұрған трансформаторларды үш жылдан асырмай бір рет, трансформаторлар мен аспаптарды күрделі жөндегеннен кейін.

Орамдардың tg δ мен С_2/С_50-ныңжәне трансформатордың кіретін ұштарының мәндері жоғарылағанда, майдың tg -сын өлшейді.

Газ релесінде жанғыш газ білінгенде, майдың түтану температурасын анықтау үшін, трансформатор майының үлгісін алып, кезексіз тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *