Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін жауаптылық

20-бап. Адамдардың террористік iс-әрекетке қатысқаны

              үшiн жауаптылығы

      1. Террористік iс-әрекетке қатысушы адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қылмыстық жауапты болады.

      2. Егер террористік акцияны дайындауға қатысқан адам мемлекеттiк органдарға дер кезiнде ескертсе немесе террористік акцияны болғызбауға өзге де әдiспен жәрдемдессе және оның iс-қимылында өзге қылмыс құрамы болмаса, ол қылмыстық жауаптан босатылады.

      21-бап. Қоғамдық бiрлестiктер мен халықаралық

              ұйымдардың террористік iс-әрекет үшiн

              жауаптылығы

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокурорының ұсынуымен Қазақстанның аумағында террористік қызметті жүзеге асырушы қоғамдық бірлестіктің немесе халықаралық ұйымның іс-әрекеті тоқтатылады.

      Сот шешiмi бойынша террористік деп танылған қоғамдық бiрлестiктi жою кезiнде оған тиiстi мүлiк тәркiленедi және мемлекет кiрiсiне берiледi.

      Сот халықаралық ұйымды террористік ұйым деп таныған жағдайда ол ұйымның Республика аумағындағы iс-әрекетiне тыйым салынады, ал оның бөлiмшелерi (филиалдары) жойылады, оларға тиесiлi мүлiк пен аталған халықаралық ұйымның мүлкi тәркiленiп, мемлекет кiрiсiне берiледi.

      ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді — Қазақстан Республикасының 2002.02.19. N 295 Заңымен .

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *