Терроризмге қарсы күрес туралы

Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жылғы 13 шілде N 416-I

ЕСКЕРТУ. Заңның тақырыбында және бүкіл мәтінінде «терроршылдыққа», «терроршылдық», «терроршылдықты», «терроршылдықтың», «терроршылдықтан», «террорлық», «террорлыққа», «терроршыларды», «терроршы», «терроршылардың», «терроршылармен», «терроршымен», «терроршыны», «терроршыларға», «терроршыға» деген сөздер тиісінше «терроризмге», «терроризм», «терроризмді», «терроризмнің», «терроризмнен», «террористік», «террористікке», «террористерді», «террорист», «террористердің» «террористермен», «террористпен», «террористі», «террористерге», «террористке» деген сөздермен ауыстырылды — Қазақстан Республикасының 2002.02.19. N 295 Заңымен .

      Осы Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен

             терминдер

      Осы Заңда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:

      1) терроризм — қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

      2) террористік iс-әрекеттер — террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердiң кез келгенiн қамтитын iс-әрекет:

      терроризм идеологиясын тарату;

      террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау;

      террористік акцияларды жасауға айдап салу, террористік мақсатта зорлық-зомбылық жасауға шақыру;

      террористік акцияларды жасау мақсатымен әскерилендiрiлген заңсыз құрамаларды немесе қылмысты ұйымдарды құру, сондай-ақ оларға қатысу;

      террористік акцияларға террористерді тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ақ оларды террористік дағдыларға үйрету;

      террористік ұйымдарды немесе террористерді қаржыландыру;

      террористік әрекеттi дайындау мен жасауға жәрдемдесу;

      3) халықаралық террористiк iс-әрекет:

      террорист немесе террористiк ұйым бiреуден көп мемлекеттiң аумағында немесе бiреуден көп мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн;

      бiр мемлекеттiң азаматтары басқа мемлекеттiң азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттiң аумағында;

      террорист те және терроризмнiң құрбаны да бiр мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттiң азаматтары болып табылған, бiрақ қылмыс осы мемлекеттер аумағының шегiнен тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асыратын террористiк іс-әрекет;

      4) террористiк акция — терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау;

      5) терроризм актiсi — жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау;

      6) террористiк ұйым — террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады;

      7) террорист — террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам;

      8) терроризмге қарсы операция — азаматтар мен лауазымды адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, террористік акцияларды тыю, террористерді, жарылғыш қондырғыларды зиянсыздандыру, сондай-ақ террористік акциялардың зардаптарын барынша азайту үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн арнаулы шаралар кешенi.

      терроризмге қарсы операцияларға Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы экс-Президентiнiң және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн тiзбе бойынша өзге де адамдардың, сондай-ақ шет мемлекеттердiң мемлекет, үкiмет басшыларының және халықаралық ұйымдар жетекшiлерiнiң Қазақстан аумағында болуы кезiнде олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi күзет шаралары жатқызылады;

      9) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу аймағы — аталған операция жүргiзiлетiн шектегi жекелеген жер учаскелерi немесе су айдындары, әуе кеңiстiгi, көлiк құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ;

      10) арнаулы мақсаттағы бөлiмшелер — терроризмге қарсы күресу үшін заңдарға сәйкес құрылған мамандар топтары.

      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді — Қазақстан Республикасының 2002.02.19. N 295 Заңымен .

      2-бап. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы

             күрес саласындағы заңдары

      1. Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы күрес саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардан тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

      3-бап. Терроризмге қарсы күрестiң негiзгi принциптерi

             мен мақсаттары

      1. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес:

      1) террористік акциялар салдарынан қауiп төнген адамдардың өмiрi мен денсаулығына, құқықтарына басымдық беру;

      2) заңдылықты сақтау;

      3) терроризмнің алдын алуға басымдық беру;

      4) террористік iс-әрекеттi жүзеге асырғаны үшiн жазаның болмай қалмайтындығы;

      5) алдын алу, құқықтық, саяси, әлеуметтiк-экономикалық, насихат шараларын кешендi пайдалану;

      6) терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезiнде тартылатын күштер мен құралдарға оралымды басшылық етуде дара басқару принциптерiне негiзделедi.

      2. Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрес:

      1) террористік iс-әрекеттiң алдын алу, анықтау, тыю және оның зардаптарын жою;

      2) жеке адамды, қоғамды және мемлекеттi терроризмнен қорғау;

      3) террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға жәрдемдесетiн себептер мен жағдайларды анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *