Жоспары:
1. Қосылыстардың негізгі түсініктер және анықтамалар.
2. Ажыралмайтын қосылыстар.
3. Тойтарма жалғамалар қосылыстар.
Машинаның бөлшектері мен тораптары бірімен-бірі әр түрлі тәсілмен қосылады. Сол тәсілдердің барлығын ажырамайтын қосылыс және ажырамалы қосылыс деп екі түрге бөлуге болады. Ажырамайтын қосылыс деп бөлшектерды бұзусыз ажыратуға келмейтіндей етіп біржола косуды айтады. Оған үш түрлі қосылыс жатады: бөлшектерды пісіру немесе дәнекерлеу арқылы қосу, тойтарма — тойтарма шегемен қосу және бөлшектерды бірімен-бірін нығыздап жылжымайтындай етіп қосу.
Сурет 1,а. Тойтармалар түрлері:
а – жартылай қалпақшалы, б — аласа жартылай қалпақшалы, в – жазық қалпақшалы, г – жасырын қалпақшалы, д – жартылай жасырын қалпақшасы, е – жарылысты қалпақшалы екі камерасы бар
Сурет 2 Тойтармаларды қондыру процестері
а) тойтарма кондырылатын тесікті тесу; б) тойтарманы қондыру; в) арнаулы қопарѓышпен қондыру; 1 — стержень; 2 — бастырма қалпақша; 3 — тұйықтаушы қалпақша.
Ажырамалы қосылыстар арқылы қосылған детальды тез арада бөлшектеп қайта жинауға болады, олар бірімен-бірі бұрандалы бөлшектер немесе сына мен штифтер шпонкалар арқылы қосылады.
Тойтармалардың негізгі түрлері мен жапсарлардың конструкциясы. Тойтармалардың қалпақшалары әр түрлі болып келеді. Берік және тығыз косылыстарда қалпақшасы жартылай шеңберлі тойтармалар қолданылады. Бұл тойтарма қалпақшасының (3, а-сурет) радиусыR= (0,85 1)d; D= (1,6 1,75)d және биіктігі һ= = (0,6 0,65)d болады.
d — тойтарма стерженінің диаметрі, оның мөлшері ГОСТ 10299-68; 10303-68 бойынша алынады:
а) тойтармасы болаттан жасалған, қалпақшасы жартылай шеңберлі және диаметрі 37 миллиметрге дейін жететін берік жапсарлар. Өлшемдері ГОСТ 10301-68 шектелген;
б) тойтармасы болаттан жасалған, қалпақшасы конус тәрізді (ГОСТ 10300-68) және диаметрі 34-37 миллиметрге дейін жететін тығыз және берік жапсарлар (3, в-сурет).
Үлкен күш пен тығыздықты керек етпейтін қосылыстарда труба тәрізді тойтармалар қолданылады
Сурет 3 Тойтармаларды қолдану