Жоспары:
1. Жалпы түсініктер.
2. Артықшылықтары мен кемшіліктері.
3. Винттік берілістегі бұранданы беріктікке есептеу.
Күштен ұтысқа жетіп айналмалы қозғалысты ілгерілемелі қозғалысқа түрлендіру үшін винт-гайқа берілісі қолданылады (1-сурет).
1-сурет. Винт-гайка берілісі
Артықшылықтары:
1. Баяу және жоғары дәлдікті қозғалысты іске асыру мүмкіндігі.
2. Конструкцияның қарапайымдылығы және арзандығы.
3. Ықшамдылығы.
4. Үлкен жүктемелік қасиеті.
Кемшіліктері:
1. ПӘК-ті төмен.
2. Үйкелістегі жойылатын қуаттың үлкен мәнділігі.
3. Жоғары жылдамдықтарда қолданылмайды.
Қолдану аясы: домкраттар, пресстер, станоктарда, т.б.
Винттік айналуы немесе гайканың айналуы маховикпен немесе басқа да бір иін беретіндей стерженьмен жасалады. Беріліс саны мына қатынастан табылады:
мұндағы dм — маховик диаметрі; р1 — винта қадамы.
Винттегі осьтік күш Fа және маховиктегі шеңберлік күш Ft былай байланысады:
Ft = Faіη,
мұнда η — ПӘК.
Винттік берілістегі бұранданы беріктікке есептеу
Негізгі жұмыс істеу қабілеті винттік берілістерде үйкеліп тозумен шектеледі. Тозудың алдын алу үшін жанасу беттер майланады және жанасу жұптар үйкеліске төзімді етіліп таңдалынады (болат — бронза, болат — шойын).
Жаншылу кернеуіне байланысты беріктік шарт былай жазылады
мұндағы d2 — бұранданың орталық диаметрі; h — жұмыс атқаратын профильдің биіктігі; z — гайкадағы орам саны.
Жобалауда өрнек түрлендіріледі z = H/p, ψн = H/d — гайканың биіктікке байланысты коэффициентін ψh = h/p — бұранданың биіктігіне байланысты коэффициентіне ауыстырып, d2 анықталады
мұндағы: бұранда тік немесе трапециялық болса ψh = 0,5, тіреуіш бұранда үшін ψh = 0,75 жалпы ψн = 1,2…2,5 дейін алынады, шындалған болат-қола жұп үшін [σ]см = 11… 13 МПа, шындалмаса [σ]см = 8…10 МПа мөлшерінде алынады. Шындалмаған болат-шойын жұпқа [σ]см = 4…6 МПа деңгейінде алынады. Есептелген d2 МемСТ бойынша жуықталады.