Жоспары:
5. Негізгі түсініктер
6. Геометриялық параметрлер
7. Тік тісті конустық берілістегі ілігу түзуіне түсетін күштер.
Осьтері қиылысқан біліктердегі қозгалысты өткізу үшін конустық тісті берілістер колданылады. Әдетте осьтер бір-бірімен ∑ = 90° құрайды (1-сурет).
Конустық тісті дөңгелектерді жасау және орнату қиын болады, өйткені, тістердің өлшемдерінде және бұрыштардың ∑, δ1, δ2 өлшемдерінде қажетті дәлдікті жасаған кезде де, орнатқан кезде де сақтау қажет.
Қиылыстың біліктер подшипниктерді және оларды бекітетін тіректерді орнатуды қиындатады. Конустық тісті берілісте осьтік күш әсер етеді. Берілістің жүктемелік қасиеті цилиндрлік берілістің жүктемелік қасиетінен 85% қана құрайды.
Геометриялық параметрлер
Конустық тісті берілісте бұрыштары δ1,δ2 -ге тең конустарды бөлуші конустар деп белгілейміз.
Жасаушылары бөлуші конустардың жасаушыларына перпендикуляр конустар қосымша конустар деп аталады. Дөңгелектің косымша конустармен қиылысуы шеттік қималар деп аталады. Шеттік қималар сыртқы, ішкі және орталық болып бөлінеді.
Сыртқы шеттік қима параметрлеріне «е», орталық шеттік қима параметрлеріне «m» төменгі индексі қойылады:
Rе — сыртқы конустық аралык;
Rm, — ішкі конустық аралык;
b — тістің ұзындығы;
dе — сыртқы шеттік қима диаметрі;
dm — ішкі шеттік қима диаметрі.
Параметрлер арасындағы қатынастар:
Беріліс саны:
Мұндағы dе1, dе2-ді конустык араоыктарға байланысты көшірейік:
болғандықтан
и = tgδ2 = сtgδ1.
Осыдан δ1 және δ2 табуға болады.
Тік тісті конустық берілістегі ілігу түзуіне түсетін күштер.
Тістің нормалі бойынша әсер етуші нормаль күш Fп шеңберлік күшке Ft, радиалдық күшкe Fг және осьтік күкше Fа жіктеледі.
1-сурет. Конустық тісті беріліс
Байланыстарын 1-суреттен көруге және табуға болады:
(4)-ші өрнектер кіші конустық дөңгелекке әсер етуші күштер. Ал үлкен конустық дөңгелекке әсер етуші күштер қарама-қарсы бағытталады:
Fг2 = Fа1, Fa2 = Fr1
Әдебиеттер
5. Д.М. Серікбаев. Машина бөлшектері . – Алматы: Мектеп, 1982.
6. Решетов Д.Н. Детали машин – М. Машиностроение, 1989г.
Бақылау сұрақтар:
5. Қандай берілістер конустық тісті берілістер деп аталады?
6. Геометриялық параметрлер қалай белгіленеді?
7. Тік тісті конустық берілістегі ілігу түзуіне түсетін күштер.
8. Конустық тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері?