Компьютерлік графиканы қолдану аясы тек көркем эффекттер қолданылумен шектелмейді. Ғылым, техника, медицина, қаржы және басқару қызметтерде әртүрлі ақпаратты көрнекі бейнелеу үшін арналған компьютер көмегімен құрастырылған , схемалар, графиктер, диаграммалар қолданылады.
Жаңа автомобиль мен ұшақтардың модельдердің өнімнің соңғы түрін көрсету үшін кұрастырушылар үшөлшемді графикалық объектін қолданылады. Сәулетшілер ғимараттың көлемді суретін монитордың экранында жасайды, сол арқылы ол ландшафтқа қалай кіргізіп алатындығын көреміз.
Компьютерлік графиканың қолданысының келесі облыстарында қарауға болады.
Ғылыми графикасы
Алғашқы компьютерлер ғылыми және өндірістік талаптар шешу үшін пайдалынған. Алынған нәтижелерді жақсы түсіну үшін, графикалық өңдеу, графиктер, диаграммалар, саналған конструциялардың сызбаларын салу жұмыстары өткізілді. Машинадағы алғашқы графиктер символды басылым режимінде алынды. Кейін сызба сызу мен қағаз бетінде қауырсын сия сызбалары үшін арнайы құрылғылар — графопостроитель (плоттерлер) пайда болды. Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика олардың нәтижелерін көрнекі елестету үшін есептеуіш сараптама жасауға мүмкіндік берді.
Іскерлік жазу-сызу (графикасы)
Іскерлік жазу-сызу бұл компьютерлік жазу-сызудың облысы, мекеменің жұмысының түрлі көрсеткішінің көрнекі түрі үшін арналған. Жоспарланған көрсеткіштері, есептік құжаттама, статистикалық ақпарлар – осы объектілер үшін жазу-сызудың (графика) көрнекті материалдар құралады. Іскерлік жазу-сызудың бағдарламалық құралдарының құрамында электрондық кестелерді талқыланады.
Конструкторлық жазу-сызу (графикасы)
Конструкторлық жазу-сызу инженерлердің-құрастырушының, сәулетшілердің, жаңа техниканың өнертапқыштарының жұмыстарында қолданылып пайдаланылады.
Бұл компьютерлік графиканың түрі жобаның автоматтандырылған жүйесінің міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық жазу-сызудың құралдарына тайқы (плоские) суреттерді (проекция, қималар), және кеңестігінің үшөлшемді суреттерін алуға болады.
Безендіру (иллюстративная) графика
Безендіру (иллюстративная) графика — компьютер экранында еркін сурет пен сызба салу. Безендіру графиканың пакеттері ортақ мақсаттағы қосалқы бағдарламалық қамтамасыздандыруға жатады. Безендіру графиканың ең қарапайым бағдарламалық құрылғылар, графикалық редакторлар деп аталады.
Көркем және жарнамалық жазу-сызу (графикасы)
Көркем және жарнамалық графикасы — теледидар арқылы танымал болды. Кмпьютердің көмегімен жарнамалық шығыршық (ролики), мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеосабақтар, видеопрезентациялар құралады. Графиканың пакеттері осы мақсаттар үшін компьютердің шапшаңдығын және жадты сұрайды.
Осы графика пакетінің айырмашылығы шыншыл (нақты) суреттерді және «суреттердің қозғалысын» құрастырудың мүмкіндігін қарастырады. Үшөлшемді объектілердің суреттерін алу, оның бұрылуы, жанасушылықтар, аулақтаулар, деформациялар көлемді есептеулерді сұрайды.
Компьютерлік анимация (графикасы)
Компьютерлік анимация — қозғалатын бейнелерді дисплей экранында алу. Суретші сурет экранында қозғалатын объектілердің бастапқы және соңғы орналасуын құрастырады, барлық аралық жағдайы қозғалыстың осы түрінің математикалық сипатталуына сүйеніп, есептеулер орындайтын компьютер санайды және бейнелейді. Экранға тізбекті шығарылып алынған суреттер белгілі жиілігімен қозғалыс иллюзиясын туындайды. Мультимедиа — компьютер экранында жоғары сапалы бейнені дыбыспен қоса біріктіру. Мультимедиа жүйесінің кең қолданылуы оқу, жарнама, ойын-сауық саласында болады.
Интернет үшін графика
Ғаламдық Интернеттің пайда болғаннан кейін, компьютерлік графикасы ауқымды, маңызды орын алды. Визуалдық ақпаратын өткізу тәсілдері дамып келеді, графикалық форматары әрі қарай әзірлеп, үшөлшемді графиканы, анимацияларды және барлық мультимедия спектрі бойынша қолданылуы өседі.