Жыныс генетикасы.

Дәріс құрылымы

Тема: «Жынысы генетикасы»

Мақсаты: жынысты және жыныссыз көбею түрлерін, жыныс генетикасын, алғашқы және екінші жыныс белгілерін оқу.

Дәріс жоспары:

1. Көбею түрлері.

2.Жынысты және жыныссыз көбеюге түсініктеме.

3. Жынысты анықтаудағы хромосоманың ролі

4. Алғашқы және екінші жыныс белгілері

Дәріс тезистері

Жыныс–бұл ағзаның репродукциясын анықтайтын морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық және т.б. белгілерінің жиынтығы.

ЖЫНЫС ДЕТЕРМИНАЦИЯСЫ:

  1. Жынысты анықтаудағы хромосоманың ролі.

  2. Орта факторлары.

Жынысты анықтаудың хромосомалық типтері:

1 тип – дрозофила және адам. Аналық жыныс гомогаметалы, аталық гетерогаметалы. Жыныс қатынасы бірдің-бірге тең.

• 2 тип – жәндіктер (көбелек, шегіртке, теңіз құрттары).

  Аналық жыныс – гомогаметалы, ал аталық гетерогаметалы, бірақ У-хромосома жоқ.

• 3 тип – тауық, қосмекенделілер.

  Аналық жыныс- гетерогаметалы.

  Аталық жыныс- гомогаметалы, яғни жыныс керісінше.

• Гаплодиплоидия – ара мен құмырсқаларда кездеседі.

  Аталық даралар (трутни)- ұрықтанбаған жұмыртқалардан дамиды.

  Аналық даралар –ұрықтанған жұмыртқалардан дамиды.

• Жынысты анықтауда ортаның ролі.

1.Теңіз құрты- Бонеллия.

 Егер личинка теңіздің түбіне түсетін болса, онда аналық дара, ал аналықтың тұмсықшасына түсетін болса, онда аталық особь пайда болады.

2. Тасбақалар және крокодилдер.

• Гермафродитизм- омыртқасыз жануарларда кең таралған, балықтарда, кейде адамдарда кездеседі.

  Гермафродитті балықтардың 3 түрі кездеседі:

• 1. Синхрондық.

• 2. Протогинетикалық.

• 3. Протандрикалық.

• Жыныс белгілері 2- топқа бөлінеді:

1. Бірінші жыныс белгілері (бұл сыртқы және ішкі жыныс мүшелері).

2. Екінші жыныс белгілері- бірінші жыныс белгілеріне байланысты, жыныс гормондарының әсер етуінен қалыптасады.

• Екінші жыныс белгілері:

1. Сүйек-бұлшық ет жүйелерінің дамуы.

2. Тері асты май шелі мен түкті жамылғының даму дәрежесі.

3. Мінез-құлық ерекшеліктері.

• Жынысты анықтайтын белгілер:

1. Жынысты шектелген белгілер -(тауық пен әтештердің гендерінде жұмыртқа салатыны көрінеді, аталық және аналық даралардағы лактация).

2. Жыныспен бақыланатын белгілер (дауыс ырғағы және қасқалық гені).

3. Жынысты тіркес белгілер.

• Жынысты тіркес белгілер :

• У-хромосомалар арқылы берілетін белгілер голандриялық деп аталады және әкесінен ұлына беріледі.

• У-хромосома жынысты анықтауда, тұқым безінің дамуында маңызды роль атқарады және сперматогенезге жауап береді.

• У-хромосоманың кейбір гендері патологиялық жағдайларға жауап береді: қасқалық, аяқ саусақтарындағы перде (синдактилия), гипертрихоз және ихтиоз.

Х- тіркес белгілер Х-хромосомамен беріледі. Бөлінеді:

1. Х-тіркес рецессивті белгілер (ауру тек ер адамдар ғана болады, әйелдер гетерозиготалы).

Мысалы: Дюшенна бұлшық-ет дистрофиясы, гемофиллия және дальтонизм, тері бездерінің болмауы.

2. Х-тіркес доминантты:

Мысалы: Д-витамині-резистентті рахит, Х-тіркесті гидроцефалия синдромы, тіс эмалінің қараюы.

Хромосомалардың ажырамауы.

Бриджестің теориясы.

• Дрозофилада жынысты анықтаудың шешуші факторы Х-хромосоманың аутосомаға қатынасы. Егер ол 2Х/2А=1-ге тең болса аналық дамиды.

• Егер қатынас 1Х/2А=0,5-ке тең болса, онда аталық дамиды. Барлық басқа варианттар метааналықты және метааталықты береді.

• Р 6А+ХУ х 6А+ХХ

Әдебиет:

Негізгі

1. Стамбеков С.Ж., Петухов В.Л. Молекулалық биология. Оқулық/ҚР. Новосибирск: Семей МУ, 2003. –216 бет.

2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент.2008, 424 б

3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003,544 с.

4. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки, Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс,2003- 272 с.

5. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина,2003.

6. Генетика. Учебник для ВУЗов / Под ред. Академика РАМН В.И. Иванова. – М.: ИКЦ «Академкнига»,2006.-638 с.:ил.

Қосымша:

1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ. –М.,Мир, 1994 -520 с.

2. Казымет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана,2006,2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004

Контрольные вопросы:

1. Жынысты анықтайтын белгілер.

2. Х-тіркес белгілерды сипаттаңыз.

3. У-тіркес белгілер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *