Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      авариялық-құтқару құралдары — техникалық, ғылыми-техникалық және зияткерлік өнім, оның ішінде байланыс пен басқарудың арнайы құралдары, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстар технологиясы бойынша техника, жабдықтар, жарақтар, мүлік пен материалдар, әдістемелік, бейне-кино-фотоматериалдар, сондай-ақ электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалық деректер базасы және құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған өзге де құралдар;

      авариялық-құтқару құрамасы — негізін арнаулы техникамен, жабдықтармен, жарақтармен, аспаптармен, материалдармен жарақтандырылған және кинологиялық қызметпен қамтамасыз етілген құтқарушылар бөлімшелері құрайтын, құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған дербес немесе авариялық-құтқару қызметінің құрамына енетін құрылым;

      авариялық-құтқару қызметі — негізін өзіне құрылымдық жағынан авариялық-құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды орындайтын атқарушы-құтқарушыларды, кіші, орта және жоғары құрамдағы осы жұмысты басқарушы-құтқарушыларды және осы жұмысты техникалық жағынан қамтамасыз ететін көмекші қызметтерді қамтитын авариялық-құтқару құрамалары, оның ішінде аэромобильді отрядтар құрайтын, қызмет міндеттері жағынан біртұтас жүйеге біріктірілген, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі міндеттерді шешуге арналған басқару органдарының, күштер мен құралдардың жиынтығы;

      әскерилендірілген авариялық-құтқару бөлімі — қауіпті өндірістік объектілерге тәулік бойы қызмет көрсетуге арналған, дара басшылық принциптерімен әрекет етіп, соны басшылыққа алатын және қауіптілігі жоғары жағдайда, құтқарушылардың денсаулығы мен өмірі үшін жол беруге болатын шектегі тәуекелмен авариялық-құтқару жұмыстарын атқаратын мамандандырылған ұйым;

      құтқару жұмыстары — төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды оқшаулау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын жою немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-әрекеттер;

      құтқарушы — құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат;

      құтқарушылардың мәртебесі — құтқарушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы;

      табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі — уәкілетті орган) — табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      төтенше жағдайды жою басшысы — төтенше жағдайды жою кезінде жұмыстар жүргізуді басқаратын немесе өкілеттігіне төтенше жағдайларды жою жатқызылып, орталық немесе жергілікті атқарушы орган тағайындаған басты өкімші және жауапты адам;

      төтенше жағдайларды жою кезіндегі шұғыл жұмыстар — құтқару жұмыстарын жан-жақты қамтамасыз ету, төтенше жағдайларда зардап шеккен халыққа медициналық және басқа да көмек түрлерін көрсету, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, олардың жұмыс қабілетін қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау жөніндегі қызмет.

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда — Қазақстан Республикасының 2008.05.26 № 34-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      2-бап. Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару

              қызметi мен құрамалары туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының авариялық-құтқару қызметi мен құрамалары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *