ДОМАЛАУ МОЙЫНТІРЕКТЕР.

Жоспары:

1. Мойынтіректердің негізгі түсініктер және анықтамалар.

2. Домалау мойынтіректерінің артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Домалау мойынтіректерінің түрлері мен қолданылуы.

Домалау тірек корпустан, домалау мойынтіректен, мойынтіректі білікте және корпуста бекітуші кондырғыдан, мойынтіректі майлаушы қондырғыдан кұралады.

Домалау мойынтірек ішкі және сыртқы қырсаулардан, шариктерден немесе роликтерден, оларды бір-бірінен бөліп тұратын сепаратордан кұралады (1-сурет).

Артықшылықтары:

1. Үйкеліс күш моменттерінің аз мәңділігі.

2. Қызуы мардымсыз.

3. Майлау материалдарын аз қажет етеді.

4. Жеңіл қолданылады. Бағасы арзан.

Стандартталған және кәсіби мекемелерде жасалады.

Кемшіліктері:

1. Үлкен жылдамдықтарда (көпмерзімділік) жұмыс істеу қабілеті жойылады.

2. Динамикалық және соқтығыстық жүктемелерге төзімді емес.

3. Үлкен жүктемеге төзу үшін мойынтіректың габариттері де үлкен болады.

Домалау түріне байланысты подшипниктер шариктік (1-сурет, 1,2,3,8) және роликтік (1-сурет, 4,5,6,7) түрлеріне бөлінеді.

Роликтердің түрлеріне байланысты мойынтіректер мына түрлерге бөлінеді:

— келте цилиндрлік (1 -сурет, 4);

— ұзын цилиндрлік;

— конустық (1-сурет, 5);

— бөшке тәрізді (1 -сурет, 6);

— ине тәрізді (1-сурет, 7).

Қатар саны бойынша: бір қатарлы; көп қатарлы роликтік подшипниктер.

Қабылданатын жүктеменің бағытына байланысты мойынтіректер мына түрлерге бөлінеді:

— радиалдық (1-сурет,4,7);

— радиалдық, мардымсыз осьтік жүктемелерді кабылдайтын (1-сурет, 1,2,6);

— тіректік, тек осьтік жүктемелерді қабылдайтын (1-сурет, 8);

— радиалдық-тіректік, негізгі жүктеме радиалдық (1-сурет, 3,5);

— тіректік-радиалдық, негізгі жүктеме осьтік .

Шариктік мойынтіректер аз жүктемеге және үлкен бұрыштық жылдамдыққа төзеді. Ал роликтік мойынтіректер үлкен жүктемелерге және баяу бұрыштық жылдамдыктарға төзеді.

1-сурет. Мойынтіректердің түрлері

Үйкеліс коэффициент:

f = 0,001К 0,004 — шариктік мойынтіректерде,

f = 0,0025К 0,01 — роликтік мойынтіректерде.

Габариттері бойынша мойынтіректер жеті түрлі диаметрлер мен ендерге бөлінеді: өте жеңіл, ерекше жеңіл, жеңіл, жеңіл жалпақ, орташа, орташа жалпак және ауыр.

Жасалу дәлдік дәрежесі бойынша:

0 — нормальдік дәреже;

6 — жоғарылатылған дәреже;

5 — жоғары дәреже;

4 — ерекше жоғары дәреже;

2 — өте жоғары дәреже.

Мойынтіректердің жасалу дәрежесіне, олардың бағасы да, жұмыс істеу қабілеті де байланысты болады.

Подшипниктер жоғары беріктікті мойынтіректік болаттардан (ШХ15, ШХ15СГ, 18ХГТ) жасалады және термоөңделеді. Жұмыс істеу қабілетіне сепараторларда әсер етеді. Оларды болат лентадан штамппен сығып жасайды. Сепараторлар (v > 10…15 м/с болғанда) қоладан, дюралюминийден, пластмассадан да жасалады.

Домалау мойынтіректердің қырсауының сыртқы бетінде түрін белгілейтін цифрлар қойылады.

Оң жақтағы алдыңғы екі сан мойынтіректің ішкі диаметрін d береді. Егер d =20…495 мм арасында болса, онда ішкі диаметр алғашқы екі санды 5-ке көбейтумен аныкталады. Мысалы, мойынтіректе 7309 болса, онда оның ішкі қырсауының диаметрі d = 45 мм-ге тең болады.

Оң жақтағы үшінші сан мойынтіректің сериясын береді: 1- өте жеңіл, 2 — жеңіл, 3 — орташа, 4 — ауыр, 5 — жеңіл жалпақ, 6 — орташа жалпақ. Сонымен, 7309 болса, мойынтірек орташа сериялық болғаны.

Оң жақтагы төртінші сан мойынтіректің түрін береді:

0 — радиалдық шариктік бір қатарлы;

1 — радиалдық шариктік сфералық;

2 — радиалдық келте цилиндрлік роликті;

3 — радиалдық роликті сфералық;

4 — радиалдық ұзын роликті;

5 — радиалды бұрамалы роликті;

6 — радиалды тіректік шарикті;

7 — конустық роликті;

8 — тіректік роликті;

9 — тіректік роликті.

Егер сол жақта сан болмаса, онда «0» койылмайды.

7309 — конустык роликті мойынтірек.

Оң жақтан алғанда бесінші, алтыншы сандар мойынтіректің конструкциясындағы ерекшеліктер бар екенін білдіреді.

Оң жақтагы жетінші сан мойынтіректің енін белгілейді.

Сызықша арқылы жазылған сан мойынтіректің жасалу дәлдігін береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *