Жоспары:
1. Жалпы түсініктер.
2. Пісірілген жалғамалардың конструкциялары.
3. Пісірілген жалғамаларды беріктікке есептеу.
Пісіріп қосу деп, дене молекулаларының қосылыс күштеріне негізделген, бөлшектердің аздаған аумағын қыздырып, пластикалық күйге жеткізіп, белгілі күшпен қысып немесе балқытып қосатын ажырамайтын қосылысты айтады. Машина бөлшектері н пісірш қосу өте берік қосылыстың бірі болып табылады, олардың беріктігі белгілі жағдайда біртұтас бөлшектердың беріктігінен кем түспейді. Сондықтан қазіргі машина жасау өндірісінде пісіріп қосу кеңінен қолданылады.
Бөлшектерды пісіріп қосудың тойтармалы қосуға қарағанда көптеген артықшылықтары бар:
1) тойтармалы қосылыстарды пісіріп қосумен алмастырғанда металдар 15-20 процент үнемделеді;
2) пісіріп қосу тойтармалы қосылыстарға қарағанда берік келеді, себебі тойтарма қондырылатын арнаулы тесіктер косу денелерінің қима ауданын азайтады;
3) пісіруге керекті жабдықтардың бағасы мен пісіру технологиясы арзан және оларды автоматтандыруға болады.
Кемшіліктері:
— жалғама беріктігі шеберлікке байланысты;
— бір келкі қызбау себебінен бөлшектердің қабысуы;
— дірілге беріктігі кемдеу болғандығы.
Қазіргі кезде осы артықшылыктарына байланысты пісіріп қосу тойтармалы қосылыстарды толық ауыстырып келеді. Мысалы, көпірлер, кұрылыс конструкциялары, жүк көтергіш крандардың металл конструкциясы түгел пісіріп қосу арқылы күралады.
Пісіріп қосудың түрлері.
Технологияға байланысты пісіріп қосуды екі түрге бөлуге болады.
1. Бөлшектердың шамалы ауданын қыздыру арқылы балқытып қосу. Оған электр доғасымен, электр шлакпен, электрон сәулесімен, газбен, флюс қабатыныњ астында автоматты, аргонды-доғамен пісіру және т.б. жатады. Бұлардың ішінде электр доғасымен пісіру бірнеше әдістермен орындалады:
а) қолмен пісіру;
б) флюс қабатынын, астында автоматты пісіру.
Пісіру жұмысының көлемі аз болса, қолмен пісіру әдісі қолданылады. Бұл әдіспен қалыңдығы 12-40 миллиметрге дейінгі бөлшектерды қосуға болады.
Сонымен қатар жұқа металдар мен түсті металдар қорытпаларын қосу үшін қорғаныш газ бүркемесімен пісіру әдісі де кеңінен тараған. Мысалы, аргонды-доғалы және көмір қышқылы газының бүркемесінде пісіру.
Ал қалыңдығы 24 60 миллиметрге дейінгі сапасы жоғары болаттар мен түсті металдардың қорытпасынан жасалған бөлшектерды пісіру үшін автоматты пісіру әдісі қолданылады.
Егер жапсарлар қысқа болса, онда жартылай автоматты пісіру әдісін қолдануға болады.
Электр доғасымен пісірілген жапсар бірнеше аймақтан тұрады және жапсарлардың жалпы беріктігі осы аймақтарға таза орындалуы мен беріктік қасиеттеріне байланысты болады.
Электр шлакпен пісіру. Бұл әдіс те, электр доғасымен пісіру әдісі сияқты жылудын. кемегімен орындалады. Бірақ мұнда токтың шлак ваннасы арқылы өткендегі бөлінетін жылуы алынады. Электр шлакпен пісіру көбінесе қалыңдығы 2 метрге жуық бөлшектерды қосу үшін қолданылады, айталық үлкен станок корпустары және т. б.
Газбен пісіру. Газбен пісіру деп, жанғыш газдың оттегінде жануынан пайда болған жылумен пісіруді айтады. Газбен пісірілген жапсардың сапасы электр доғасымен пісірілген жапсардың сапасынан кем. Сондықтан бұл әдіс түсті металдардан, шойыннан жасалған жүқа бөлшектерді пісіріп қосқанда және жөндеу жұмыстарында ғана қолданылады.
2. Пісіріп қосу технологиясының екінші бір түрі — металдарды пластикалық күйге жеткізіп, қосылатын бөлшектерды күшпен қосу аркылы пісіру. Бұған тоғыстырып пісіру, нүктелі және роликті пісіру әдістері жатады.
Бөлшектерды вакуумда түйістіріп, диффузия құбылысын пайдаланып пісіруге болады. Бұл әдіспен металдар ғана емес, графит пен керамикалық материалдар да пісіріледі.
Пісірілген жалғамалардың конструкциялары
Бөлшектердің орналасуына байланысты жалғаларды төмендегі түрлерге бөлуге болады:
1. Түйіскен пісірілген жалғамалар түрлері:
а) жиегі өнделмеген жалғамалар: s ≤ 8мм
s
б) жиегі біржакты өңделген жалғамалар: α = 600 ± 50, s ≤26 мм
в) бір бөлшектің екі жиегі өңделген жалғама: α = 500 ± 50, s ≤40 мм
г) екі бөлшектің екі жиегі өңделген жалғама: α = 600 ± 50, s ≤60 мм
2. Айқас пісірілген жалғамалар түрлері:
а) үшбұрыш тәрізді жапсары бар пісірілген жалғама: s = к,
s — бөлшек қалыңдығы, к — жапсар биіктігі.
Бүл жапсар кернеулердің шоғырлануын азайтады.
б) ойық өңделген жапсары бар пісірілген жалғама: (s > к).
в) дөңес өнделген жапсары бар пісірілген жалғама: (s = к).
Бүл жапсар кернеулер шоғырлануын үлғайтады, сондықтан аз кездеседі.
г) тең бүйірлі емес жапсары бар пісірілген жалғама: (s > 3 мм).
Жапсарлар орналасуына байланысты мына түрлерге бөлінеді:
а) көлденең жапсар: F ┴ ℓ
б) бойлық (флангілік) жапсар: ℓфл ≤ 60к
в) аралас жапсар
Айкас жалғамаларда иілу моменті пайда болады. Ми = Fs
3. Тавр тәрізді пісірілген жалғамалар
4. Бұрыш тәрізді пісірілген жалғамалар
Пісірілген жалғамаларды беріктікке есептеу.
Бөлшектердің пісірілген жігінің аумағында кернеулер бір келкі жайылады деп жорамалдайық. Сонда созылуға жұмыс істейтін жапсар беріктігі мына түрде жазылады:
мұндағы F — бойлық жүктеме; s — жапсар қалыңдығы; λш- жапсар ұзындығы; σ/р- жапсардағы кернеу; [σ]/ Р — жапсар металыньң мүмкіндік кернеуі