БҰРАМДЫҚ БЕРІЛІСТЕР.

Жоспары:

1. Бұрамдық берілістердің негізгі түсініктер және анықтамалар.

2. Бұрамдық берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Бұрамдық берілістердің қолданылуы.

4. Червяк.

Өзара айқасатын біліктер арасында (әсіресе перпендикулярмен айқасатын біліктер) қозғалысты беруге бұрамдық берілістер қолданылады (Сурет 1). Бұрамдық берілісінің козғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқсас. Винт қызметін червяк атқарады да, червяк дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан Бұрамдық берілісте тісті берілістің, сондай-ақ винтті берілістің қасиеттері бар. Доға формалы етіп жасалған червяк дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.

Сурет 1 Бұрамдық берілістердіқ кинематикалық схемасы

Бұрамдық берілістің, тісті берілістен артықшылықтары:

1) беріліс санынын, көптігі: и = 8 4-80 (кейбір кинематикалық берілістерде u= 500 дейін жетеді);

2) бір қалыпты және дыбыссыз жұмыс істеуі;

3) өздігінен тежеу қабілеттілігі;

4) көлемі мен салмағының аздығы.

Сонымен қатар бұрамдық берілістің кемшіліктері де бар:

1) сырғанау үйкелісінің шамасы үлкен болғандықтан:

а) пайдалы әсер коэффициенті төмен: u= 0,7—0,9;

б) тез қызады, п.ә. коэффициентінің аздығынан қуаттың біршама бөлігі жылуға айналып кетеді;

в) антифрикционды қымбат материалдар қолдануға мәжбүр етеді, олар үйкеліс күшін азайту үшін керек:

2) жасау технологиясы күрделі және қымбат, себебі арнаулы станоктарды қажет етеді; пайдалы әсер коэффициенті аз болғандықтан өте көп қуат беруге жарамайды (куаты не бары 50 кВт-тан аспайды).

Бұрамдық жұптың кинематикасы мен геометриясы

Бұрамдық беріліс кинематикасы тісті беріліс кинематикасынан өзгеше келеді. Біріншіден, беріліс санының шамасын диаметрлер қатынасы арқылы анықтауға болмайды. Екіншіден, червяк пен червяк деңгелектерінің шеңберлік жылдамдықтары әр түрлі жазықтықта бағытталғанына байланыс-ты, олардын, шамасы мен бағыты да әр қилы келеді. Сондықтан Бұрамдық берілістерде әлбетте сырғанау пайда болады.

Бұрамдықжұптардың беріліс саны, червяк бір айналғанда, червяк дөңгелегінің ілінісетін тістер санына тең болады.

 , (4.1)

 мұнда дөңгелектің айналым және тістер саны;

 червяктің айналым және червяктегі бұранда сызығының кірме саны.

Беріліс саны әдетте 8-ден 80-ге дейін болады. Қазіргі кезде Бұрамдық беріліс-тердің беріліс саны да стандартталған ГОСТ 2144—66.

Сырғанау үйкелісінің көптігі салдарынан Бұрамдық берілістің қуаты 50 киловаттан ар.тпайды. Червяк винтінің қадамы ілініс қадамы деп аталады, ал оның я-ге қатынасы ілініс модулі деп аталады.

                                                    (4.2)

Червяк бұрандасы бір кірісті және көп кірісті болуы мүмкін. Ол z арқылы белгіленеді.

Червяктер. Беттік формасы бойынша червяктер: цилиндрлі және глобоидты болып бөлінеді.

Бұранда профилінің формасы бойынша: архимедті, конволютті және эвольвентті болып бөлінеді.

Бұрамдық ось арқылы қиғанда түзу сызықты пішін пайда болса, онда оны архимедті червяк дейміз. Архимедті червяктер трапециялы бұрандаға ұқсас келеді, сондықтан оларды жиі кездесетін қарапайым бұранда кескіш станоктарда дайындауға болады. Бірақ оларды ажарлау қиын, себебі өң-деу үшін белгілі пішінде өңдейтін арнаулы қайрақтар керек. Осыған байланысты ажарлауды қажет етпейтін, қыздырумен өңделмеген червяктер көбінесе архимед қисығына ұқсас сол пішіндес етіп жасалады.

Ал егер түзу сызықты пішін червяк бұрандасына түскен перпендикуляр арқылы пайда болса онда червяк конволютті червяк деп аталады. Мұндай червяктерді бұранда ажарлайтын қарапайым станоктарда ажарлауға болады. Сондықтан олар ажарлауды қажет ететін червяктерде жиі қолданылады.

Эвольвентті червяктер қисык тісті деңгелекке ұқсас келеді, бірақ олардың айырмашылығы — тіс саны аз және тісінің көлбеу бұрышы үлкен.

Червяк бұрандалы винттерге ұқсас, сондықтан оларда бұранда сызығының кіру санына байланысты бір, екі, үш және төрт кірмелі болып келеді z = 1 4.

Кірме саны z артқан сайын бұрамдық берілістердің пайдалы әсер коэффициенті жоғарылайды.

Червяк диаметрлері: (4.4)

 ;

Червяк бұрандаларының ұзындығы олардың кірме санына байланысты қабылданады

Егер червяктерді ажарлау қажет болса, онда бұранда ұзындығы 3m мәніне ұзартылады.

Червяк дөңгелектері. Червяк тісті дөңгелектері көбінесе екі бөлектен тұрады. Білікке орналасатын негізгі белегі-күпшегі болаттан немесе шойыннан дайындалады да, соған қоладан жасалған құрсау, тәж (венец) қондырылады. Қола мен болат жанасу кезінде үйкеліс коэффициентінін, азаюына байланысты, олар берілістердің ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіншілік туғызады.

Червяк дөңгелектерінің тістер саны z2= 26-28-ден кем алмау қажет, негізгі өлшемдері төменгі қатынастармен анықталады.

Червяк дµңгелектерінің ені червяктің сыртқы диаметріне байланысты анықталады

 ,

Червяктің дөңгелекпен жанасу бұрышы 2

sin

Бұрамдық берілістердің ось аралық қашықтығы червяк пен червяк дөңгелегінің бөлгіш шеңберлері диаметрлерінің қосындысының жартысына тең.

Әдебиеттер

1. Д.М. Серікбаев. Машина бөлшектері . – Алматы: Мектеп, 1982.

2. Иванов М.Н. Детали машин – М. Высшая школа, 2002г.

Бақылау сұрақтар:

1. Бұрамдық берілістің классификациясы,

2. Бұрамдық берілістің артықшылықтары мен кемшіліктері, пайдалы әсер коэффициенті.

3. Бұрамдық берілістің кинематикасы мен геометриясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *