БЕЛДІКТІ БЕРІЛІСТЕР.

Жоспары:

1. Белдікті берілістердің негізгі түсініктер және анықтамалар.

2. Белдікті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері.

3. Белдікті берілістердің қолданылуы.

Белдікті беріліс деп, қозғалысты және қуатты бір біліктен екінші білікке ремень мен шкив арасындары үйкеліс күші арқылы берілетін берілісті айтамыз. (сурет 6.1, а) Белдікті беріліс механикалық берілістердің ертеден қалыптасқан бір түрі болып саналады. Берілістің бұл түрі қазіргі кезде техниканын, көптеген саласында қолданылады.

Белдікті беріліс (1 сурет) белдіктен, 2 шкивтен және белдікті керуге арналған қондырғыдан тұрады. Шкивтер орналасқан біліктер бекітілген подшипниктерде айналады. Белдік пен шкивтердің арасындағы қысым қозғалысты, үйкеліс күштердің әсерінен бір шкивтен екінші шкивке өткізеді.

1 сурет. Белдікті беріліс схемасы

1 — жетекші шкив, 2 – жетектегі шкив, 3 – белдік, 4 – белдікті керуге арналған қондырғы.

Белдікті бeрілістердің, тісті берілістерге қарағанда негізгі артықшылықтары мынадай:

1. белдікті беріліс қуатты едәуір қашықтыққа беруге мүмкіндік туғызады (15-60 м қашықтықта);

2. белдікті беріліс басқа берілістерге қарағанда бір қалыпты және дыбыссыз жұмыс стейді;

3. белдікті беріліс өзінің сырғанау қабілеттілігіне байланысты динамикалық және соққы күштерін кемітеді және артық күштен сақтайды;

4. белдікті берілістердің кұрамы қарапайым, арзан келеді және олардың бүлінген бөлшектерін тез ауыстыруға болады;

5. белдікті берілістермен үлкен жылдамдықта жұмыс істеуге болады (жылдамдығы 100 000 айн/м қа дейін жетеді).

Кемшіліктері.

1) белдіктің жұмыс істеу мерзімінің аздығы (1000—5000 сағ.); ал жоғары жылдамдықты берілістер үшін 500—600 саг;

2) біліктерге түсетін күш мөлшерінің көп болуы;

3) пайдалы әсер коэффициентінің төмен болуы. Белдікті берілістер үшін

4) Көп орын қажет етеді.

Белдікті берілістердің қолданылуы

Қазіргі уақытта белдікті берілістер қозғалысты біршама қашықтыққа беру үшін және де беріліс санының дәлдігін қажет етпейтін жерлерде қолданылады. Сондай-ақ олардың қуаты 50 киловаттан аспайды. Өте қуатты белдікті берілістің шкивтерінің, өлшемдері өте үлкен, әрі ыңғайсыз келеді.

Төртбұрышты (жалпақ) белдіктер бірнеше қабаттардан жапсарланып, желімденіп (клейленіп) тігіледі. Олар теріден, капроннан, резинадан, тағы да басқа материалдардан жасалады.

Кәсіпорындарда үш түрлі резиналанған белдіктер шығарылады:

А — кеспелі, V ≤ 30 м/с болғанда қолданылады;

Б — қабатталып оралған, ауыр жүмыс жағдайларында, V ≤ 20 м/с болғанда қолданылады;

В — спиральдік түрде қабатталған, аз жүктемеде V ≤ 15 м/с болғанда қолданылады, өте жоғары үйкеліс жүктемелерге төзеді.

Көп жағдайда тігіссіз капрон немесе лавсан жіптер бойлатылған пластмассалық белдіктер қолданылады. Олар өте берік болады және жоғары жылдамдықта (V ≤ 50…75 м/с) жұмыс істей алады.

Жұмыр белдіктер аз куатты машиналарда қолданылады.

Сына тәрізді (2 а,б-сурет) белдіктер жалпақ белдіктерге қарағанда, төзімділеу және тарту қабілеті жоғарылау болады.

2-сурет. Сына тәрізді белдіктердің кимасы.

Сына тәрізді белдіктердегі жылдамдық v ≤ 25 м/с дейін және ПӘК-ті жалпақ белдіктерден 2% кем болады. Көбінесе олар ашық берілістерде қолданылады. Суреттегі белдіктің 1-ші бөлігі (мата-жіп) созылуға, ал 2-ші бөлігі (резина) сығылуға, және 3-бөлігі (резина орамы) үйкеліске жұмыс істейді. Сына тәрізді белдіктер тұйықталған болады. Олардың ұзьндықтары стандартталған МемСТ 12841-80

Шкивтер СЧ10 (СШ 10), СЧ15 (СШ15) шойындарынан, жеңіл коспалы ерітпелерден, пластмассалардан және болаттардан жасалады. Шкивтердің профильдері МемСТ 20898-75 бойынша жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *