Ауыл шаруашылық өндірісін электрлендіру жүйелерінің негізгі ұғымдары, анықтамалары, бағыттары және даму болашақтары. Ауыл шаруашылық өндірісін электрлендіруді іске асырудағы жобалаудың маңыздылығы. Пәннің мақсаттары мен міндеттері.

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.

Электрлендіру объектілері және электрлендіру құралдары деп аталатын ұғымдар қалыптасқан.

          Электрлендіру объектілері- жұмыс операциялыры, технологиялық процестері бар толассыз жолдар, а.ш. кәсіпорындары, суландыру және құрғату жүйелері, үй-жай шаруашылық-турмыстық, сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары, елді мекендер және территориялық аудандар.

          Электрлендіру құралдарына- жұмыс операцияларын орындағанда пайдаланылатын, энергиямен қамтамасыз ететін, электр энергиясын басқа энергия түрлеріне айналдыратын құрылғылар, жабдықтар, аспаптар мен аппараттар жатады.

         Ғылыми-техникалық прогресс ауыл шаруашылығында негізгі және көмекші өндірістік процестерді механикаландыру денгейін көтереді, сондай-ақ белгілі мөлшерде автоматтандырылған толассыз өндірісіне көшуді дайындады. Осы кезде «кешенді электрлендіру» деп аталатын, электр энергиясын жан-жақты пайдалану жүзеге аса бастайды.

         АШ өндірісін кешенді электрлендіру деп экономикалық оптималды жағдайда электр энергиясын жан-жақты пайдаланғанда өндірістің прогрессивті машиналық технологиясын, электрлендірілген машиналардың автоматтандырылған жүйесін және еңбек пен өндірістің ұтымды үйымдастырылуын үйлесімді біріктіретін электрлендіруді атайды.

           АШ электрлендірудегі жобалаудың маныздылығы.

           Электрлендіру объектілерінің құрылуы мен қызмет етуінің техника жағынан жетілген және ең бір үнемдірек варианттарын таңдау жобалау мәселерінің ең маңыздысы.

           Кешенді электрлендірудің табысты дамуы сауатты және дұрыс жобалау нәтижелеріне тікелей байланысты. Электрлендіру нәтижелері тиімді болу үшін жобалау кезеңінде АШ объектілердің өзгешеліктері мұқият анықталып, жоба мазмұнында өз шешімдерін табады.

      АШ өндірісі әрқашанда биологиялық объектілерімен байланысты. Сондықтан да, АШ кәсіпорындарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету талаптары, автоматты басқару қолдағанда қоршаған ортанаң шартты тұрақты шамаларын дәл ұстап тұру талаптары биологиялық объектілердің ерекшеліктерімен анықталады. Ал жобалауды осындай талаптарды ескермей орындау АШ өнімдерінің көлемін қысқартуға, кей кездерде мүлдем жойылуна әкеліп соқтырады (тұқым дәндер, көшеттер, мал төлдері, балапандар).

 АШ өндірісі машиналар мен электрлендіру құралдары жұмыс істейтін қолайсыз қоршаған ортаның әр түрлерінің көптігімен сипатталады. Сондықтан жобалау кезінде қоршаған орта жағдайына сәйкес жабдықтардың орындалуын дәлме-дәл таңдау керек.

 АШ аймақтарда, аудандарда, шаруашылықтарда электр жүктемелерінің бытарыңқы орналасуы аса ұзын электр желілерін тартуға және трансформаторлық қосалқы станциялар санын көбейтуге мәжбұр етеді. Мұндай жағдайлар электрлендірудің тиімділігін төмендетеді. Сондықтан , АШ кез-келген объектісінің электрлендіруін жобалағанда жүктемелерді шоғырландыруға тырысу керек, демек өндірісті де шоғырландыруға ұмтылу керек.

 Бірқатар технологиялық процестердің жұмыстарының маусымдарға тәуелді болуы жабдықтардың пайдалану коэффициентін төмендетеді және электрлендірудің тиімділігін азайтады. Осы жағдайды ескере отырып жобалау кезінде өндірістік процестерді электр механикаландырудың оптималды техникалық құралдарын таңдау керек және жабдықтардың пайдалану коэффициентін жогарылататын варианттарды іздестіру қажет.

 Жобалау кезінде АШ машиналарының өзіндік ерекшеліктерін, бір қатар жайларда инерция моментімен айналу жиілігінің диапазонының үлкендігін, олардың өнімділігінің елеулі айырмашылығын есепке алу керек.Бұл өзгешеліктерді технологиялық карталар құрастырғанда да және автоматтық басқару сұлбаларын дайындағанда да ескеру керек.

 Ауылдық электрлендірудін көптеген объектілеріне тән өзгешеліктердің бірі олардың электрмен қамтамасыз ету көздерімен ток қабылдағыштарының қуаттары шамалас болуы. Электр жетегін қуаты шамалас трансформатордан (немесе аса ұзын электр желісінең) қоректендіру желінің кернеуінің едауір тербелесіне соқтырады, ол электр қабылдағыштардың жұмысына зиянды әсер етеді. Сондықтан жобалау кезінде, аса ірі және жиі іске қосылатын қозғалтқыштар үшін, олардың іске қосылуын женілдететін шараларды алдын-ала ескеру керек.

            Пәннін мақсаттары мен міндеттері.

 Бұл курс 1960 жылдардын аяғында В.П.Горячкин атындағы Москва ауыл шаруашылық инженерлер институтының АШ электрлендіру факультетінің ұжымының бастауымен тұған еді. Курстын қалыптастау процестері бүгінге күнгедейін жүріп келеді және жүре бермекте. Себебі, ғылым мен техниканың даму нәтижелері өндіріске жобалау арқылы еңгізілмек.Жобалау әдістемелері де жетілдіріле бермек.Осыған байланысты «Электр жүйелерін жобалау» пәнінің қалыптасуы ұдайып процесс болады.

 Пәннін негізгі міндеттері:

 -студенттерді АШ кәсіпорындарының электрлендіру жүйелерін жобалау мәселелерін шешеуге жүйелік турғыда қарауға үйрету;

 -студенттерді жетекші нормативтік мәліметтерді және жобалық конструкторлық құжаттарды пайдалана білуге үйрету;

 -АШ кәсіпорындарының электрлендіру жүйелерін жобалау үшін бастапқы мәліметтерді жинау әдістемесін үйрету;

 -мал, құс, өсімдік шаруашылықтарын, АШ өнімдерін сақтайтын және өндейтін кәсіпорындарын, шеберханаларды және т.б. электрлендіру жүйелерін жобалау әдістемесін игеру;

 -курстық жоба түрінде АШ өндірісінін нақты объектілерінің электрлендіру жүйелерін жобалау үлгілерін орындау.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *