Ауылдық қосалқы стансалардың трансформаторларын эксплуатациялау ерекшеліктері.

Ауылдық тұтыну қосалқы стансалары трансформаторларыныңнегізгі бір ерекшеліктері 1-фазалы тоқ тұтынушыларыныңбірдей бөлінбеуінен туындайтын және бір фазалы тұтынушыныңжоспарсыз қосылуынан туындайтын, іс жүзінде жөндеу мүмкін емес, кездейсоқ, фазалық тоқтың симметриясыздығы.

Статистикалық мәліметтерге жасалған талдау, трансформатордың қуаттылығы жоғары болған сайын фаза тоғыныңсимметриясыздығы азаятынын көрсетеді. Дегенмен, бір фазалы жарықтандыру жүктемесінің салыстырмалы өсуі және бір фазалы күш жүктемесінің пайда болуы (пісіру трансформаторы, электр су қыздырғыштар, электрмен істейтін құрал, түрмыс аспаптары және т.б.) фаза бойынша жүктеменің бір қалыпсыздығын, аса жоғары күйінде ғалдырады. Техникалық эксплуатациялау ережелері бойынша желінің фазалық қосалқы стансасынан шығатын фазалық жүктеменің бірқалыпсыздыҒы КН 20%-дан артпауы тиіс.

КН= %

Мұндағы, Іmax – трансформатордың ең көп жүктелген сәтіндегі, ең жоғары жүктелген фазаныңтоғы; Іор – сол сәттегі Үш фазадағы тоқтың арифметикалық орташа мәні. Зерттеулер көрсеткендей, тоқ симметриясыздығ мәнінің шамасы 32 ден 50% аралығындағы тоқтардың симметриясыздығы (ассимметрия) фазадағы кернеуді бүзады, ол барлық тоқ тұтынушылар мен желіге кері әсер етеді. Кернеуі жоғарылаҒан фазаҒа қосылған жарық көздерінің қызмет мерзімі күрт қысқарады және кернеуі төмендеген фазаҒа қосылғандарыныңжарық беруі азаяды; магниттену тоғы және өзек болат пен орамдардағы тоқ көбейеді, нормадан тыс кернеуге қосылған бір фазалы тоқ тұтынушылардың cos і күрт төмендейді (мысалы пісіру трансформаторлары); желілер мен трансформаторлардағы шығын артады, олардың жергілікті қызуы артуы мүмкін. Қуаты аз трансформаторлардың салыстырмалы тоғыныңсимметриясыздығы желідегі кернеуді өзгертеді, ол Үш фазалы қозғалтқыштардағы шығыныңөсуіне, олардың ПӘК-іҢ төмендеуіне соғтырады. Тоқ симметриясыздығыныңкері әсері орамдары әжұлдыз-жұлдыз, нөліменң жалғастырылған О тобындағы трансформаторларда аса байқалады.

И.И.Чернойдың зерттеу мағлұматтары бойынша, жүктеменің симметриясыздығыныңғазіргі сипаттамасы мен оны шектеу нормалары симметриясыздығтың трансформатордың қызу тәртібіне әсерін бағалауҒа мүмкіндік бермейді. Сондықтан қызу тәртібін анықтау белгісі ретінде ең жоғары жүктелген фазаныңтоғы мен фазалар тоғыныңорта мәнін алуды ұсынады. Жүктелу симметриясыздығы трансформатордың қызуын жоғарылатады, себебі, фаза тоғы номинал тоқтың 1,2-не және КН=0,3 теңелгенде, трансформатордың ең қызған нүктесінің температурасы 240С-ге, ал майдың жоғарғы қабатыныңтемпературасы 200С-ге артық көтеріледі.

Сызу температурасыныңшегін, жүктелген фазаныңНеғұрлым жүктелген орамыныңқызу температурсымен анықтау, трансформатордың қуатын жете пайдаланбауҒа әкеледі. Алайда мәні 0 ден 0,4-ке дейін өзгеретін КН мен номинал жүктелген фазаҒа қарағанда тоқтың 1 ден 1,6 есеге дейін өзгеруі негізінде, орамныңНеғұрлым қызған нүктесінде қалыптасған температура, шекті температурамен салыстырғанда 12,30С және майдың жоғарғы қабатындағы температурадан 390С-ге төмен болады. Бұл трансформатордың белгілі мөлшерде қолданылмаҒан қуаты барлықы мен трансформаторлардың ішіндегі жылу өрісінің теңелуінің куәсі.

Алюминий орамдары бар және өзектері суықтай тапталған болаттан жасалған жаңа сериалы трансформаторлардың нөлдік қатардағы кедергілері, мыс орамды, өзектері ғыздырып тапталған болаттан жасалған, тоқ симметриясыздығы бірдей, кернеудің фазалық ғисаюы салыстырмалы өсетін, ескі сериалы, дәл сондай, трансформаторлардікіне қарағанда 1,5 есе жоғары болады. Демек, соңғы серия трансформаторлары тоғыныңсимметриясыздығы шектеулі болуы тиіс.

Трансформаторларды қуаттылығы бойынша пайдалануды ескере отырып, техникалық эксплуатациялау ережесі, трансформаторларды 5 тәулікке дейін, тәулігіне 6 сағаттан асырмай, номинал жүктелуінен 40% артық жүктеуге рұқсат етеді. Бұл кезде трансформаторды жүктеу еселігі, шамамен, 0,93-тен артпауы тиіс. Апат жағдайында Мұныңалдындағы тәртібі мен суыту ортасыныңтемпературасына қарамай, трансформаторды, қысқа мерзімге, артық жүктеуге болады (9.3-кесте).

Кесте-9.3. Трансформаторларды артық жүктеу шегі

Трансформаторларды тоғы бойынша үйле-сімді жүктеумен са-лыстырғанда, қысқа мерзімге артық жүктеу шегі Трансформаторлар-ды артық жүктеу ұзақ-тығының шегі; мин. Трансформаторды тоғы бойынша, үйлесімді жүктеумен салыстырғанда, қысқа мерзімге артық жүктеу шегі Трансформаторларды артық жүктеу ұзақтығының шегі, мин

 май тол-тырылған құрғақ май толтыр-ылған құрғақ

1,2 — 60 1,6 6,5 5

1,3 120 45 1,75 20 —

1,4 90 32 2,0 10 —

1,5 70 18 — — —

Егер, жазғы үлгі сораптары ең көп жүктелім трансформатордың үйлесімді қуаттылығынан аз болса, онда қысқы айларда жазғы кем жүктелудің әр пайызына лайықтап, трансформаторды қосымша бір пайыз артық, бірақ 15%-дан асырмай жүктеуге болады, дегенмен қорытынды жүктеу Үйлесімді жүктеудегіден 150%-дан аспауы керек.

Қуаттылықы 1000 кВ∙А және одан жоғары трансформаторлардың жүктелуін бақылау үшін амперметрлер орнатады, оныңөлшеу шегін (шкала) жүктеу шегіне лайықтап таңдап алады.

Трансформаторлардың көп бөлігі қыста жоғарғы шекте жүктелу кезінде, жазда ең төменгі жүктелу кезінде істен шығатынын статистика мәліметтері көрсетіп жүр. Оның себебі, трансформаторлардың қызуына тек жүктеумен келтірілген кернеудің мәндері ғана емес, сонымен қоса, қоршаған ортаның температурасы да елеулі әсер етеді. 10.9.-кестеде, мысал ретінде, трансформаторлардың қызу температурасының, қоршаған ортаның температурасының өзгеруі мен трансформатордың жүктелуіне тәуелділігі көрсетілген. 9.4-кестені талдау, қысқа ауысқан кезде трансформатордың жүгін екі есе көбейткенмен, трансформатордың температурасы өспегенін, керісінше, қоршаған ортаның температурасының төмендеуінен трансформатордың қызуы азайғанын көрсетеді.

Кесте 9.4. Трансформатордың қызу температурасының маусымға тәуелділігі

Өлшеу мерзімі Трансформатор-ларды жүктеудің үйлесімді мәніне үлесі Айлық орташа мәні

  Температура, °С Температура-ның ауытқуы, град

  ауаның трансформатор майының

Тамыз 0,48 21,5 54 32,6

Сыркүйек 0,66 17,5 46 28,5

Сазан 0,84 3,5 34 30,5

Сараша 0,96 -8 33 41,0

Ауа температурасыныңжылдық өзгеруінің трансформатордың жүктелім қабілетіне әсерінің дәрежесін, Температураның өзгеруіне де, қосалқы стансасының жүктелім сорабына да тәуелді температуралық градиентпен бағалау ұсынылады. Трансформатор майының суынуға бейімдігі оның тұтқырлығына байланысты, ал ол, өз кезегінде трансформатордың қызу температурасына, демек, қоршаған ортаның температурасына тәуелді.

Ауыл шаруашылықын электрмен қамту ашық қосалқы стансасылар, трансформаторлар арқылы атқарылады, олар күн сәулесі мен желдің әсеріне шалдығады. Күн сәулесінің (радиация) әсерінен трансформатордағы майдың жоғарғы қабатының температурасы трансформатор ыдыстарының тұрғына қарай 4 тен 80С дейін өседі. Күн сәулесінің әсерінен трансформатордың қызмет мерзімі недәуір қысқарады. Сондықтан трансформаторлардағы ашық түске бояумен бірге күн көзінен қорғау керек.

Зерттеулер көрсеткендей, желдің жылдамдығы 2 м/с және одан жоғары болса, жүктеу шегінің еселігі 23%-ға дейін өзгеруі мүмкін, Бұл кезде трансформатордағы майдың жоғарғы қабатыныңтемпературасы 5 тен 120С-ге дейін төмендейді.

Зерттеулер көрсеткендей, айтарлықтай нөлдік реттегі аҒынның пайда болуына қарамастан, орамдары «жұлдыз-жұлдыз нөл» етіп жалғанған, бір фазалы жұмыс тәртібімен істейтін трансформаторлардың қызуының жоғарғы шегіне жетуі, МемСТ 16110-82 бойынша белгіленген үйлесімді шегінен 6 есе артық болып келетін, 1,5-ға тең тоқ кезінде байқалған. Жоғарыда атап өткендей, Бұл, трансформаторлардың ішкі жылу өрісінің теңелгендігімен түсіндіріледі. Симметриялы жүктелім кезіндегі трансформатор температурасының ауытқуы бірдей емес, оның айырмасы жүктеме өскен сайын артады: трансформатордың қызу температурасы үйлесімдіден 0,2 дейін артқанда ауытқу айырмасы небәрі 5…100С, ал жүктеме екі есе артқанда 400С-ге жетеді.

Орамасы «жұлдыз-ирек нөл» болып жалғанған бір фазалы тәртіппен істейтін трансформаторлардың қызуы, орамасы «жұлдыз-жұлдыз нөл» ретімен жалғанған бір фазалы тәртіппен істейтін трансформатордың қызуымен салыстырғанда бірдей дерлік болған. Бұл, орамды бұлай қосқанда нөлдік реттегі ағынның азаюы есебінен болаттағы шығын азаяды, бірақ екінші орамдағы, орама санының17%-Ға артуы есебінен, орамдағы шығын көбейеді. Орамы әүшбұрыш-жұлдыз нөлң болып жалғанған трансформаторлардың қызуы, орамдары басқаша қосылғандармен салыстырғанда, төмен. Жалпы жағдайда, симметриясыз және фазалары бойынша бір келкі жүктелген трансформаторлардың қызу температураларындағы айырмашылық, жүктелген фазаныңсанына, симметриясыздығ дәрежесіне, жүктелім мәні мен орамдардың жалғасу тобына тәуелді болады. Сондықтан трансформаторды эксплуатациялау кезінде оны артық жүктеу дәрежесін анықтап алу керек.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *