Ауруханадағы ішкі инфекция Зарарсыздандыру аурухана ішілік жұқпаны (ВБИ)

Ауруханадағы ішкі инфекция

Зарарсыздандыру аурухана ішілік жұқпаны (ВБИ) алдын алудағы ең негізгі бағыттардың бірі. Медицина қызметкерлерінің осы қызметінің мақсаты қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою болып табылады.

Аурухана ішілік жұқпаның пайда болуын үшке бөлуге болады:

— пациенттер, емханалық көмек алу барысында жұқтырады;

— пациенттер, стационарлық көмек алу барысында жұқтырады;

— медицина қызметкерлері, медициналық көмек беру барысында жұқтырады.

Жұқпаны жұқтыру орнының үш түрін біріктіретін жер — емдеу мекемесі.

Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Европалық аймақтық бюросы аурухана ішілік жұқпаға мынадай анықтама берді: «Аурухана ішілік жұқпа — бұл кез келген клиникалық белгілері анықталған жұқпалы ауру, ауруханада пациент медициналық көмек алу барысында жұқтырып алады немесе осы емдеу сауықтыру мекемесіндегі медицина қызметкерлері медициналық көмек беру барысында жұқтырып алады».

Аурухана ішілік жұқпаның пайда болу себептерін объективті және субъективті деп екіге бөлуге болады.

Объективті себептер бұл ЕСМ-нің жетекшісіне байланысты емес себептер:

— қазіргі заман талабына жауап бермейтін ауруханалар қатарының болуы;

— көптеген микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі;

— антибиотиктердің медицинада, ауыл шаруашылығывда, мал шаруашылығында кең қолданылуының сенімді ақтамауы.

Субъективті себептер — бұл жоюға болатын себептер:

— медицина қызметкерлерінің жеткіліксіз дайындалуы (сапасыздығы);

Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) суық тию кеселі атауымен белгілі жұқпа барлық бала науқасының үштен бірін құрайды. Бұған тұмау, парагрипп, аденовирустық, энтеровирустық және басқа жұқпалар жатады. ЖРВИ-мен сырқаттану ұдайы жоғары, әсіресе қыста балалар жиірек ауырады.

Балалар өз сырқаттану кезінде вирустарды сыртқа бөлетін ауру адамдардан (7-10 күнде) және вирус тасымалдаушылардан кесел жұқтырады. ЖРВИ ауа-тамшы жолымен беріледі: құрамында вирустары бар қақырық тамшылары науқас түшкіргенде және жөтелгенде айналадағы ауаны, сондай-ақ мүліктер мен заттарды зарарлайды.

Дерт жұғуына сырқат адаммен жақын араласу, бөлмені нашар желдету, санитарлық-гигиеналық нормаларды бұзу ықпал етеді. ЖРВИ мен тұмау қабылдау бар жастағы балаларда жоғары. Әсіресе бала бақшадағы, мектептегі балалар жиі сырқаттанады.

Дерт белгілері вирус түріне қарамастан ортақ. Шарт бойынша, хәл нашарлайды: мазасыздану пайда болады, бала жиі жылайды, оның айналаға ынта-ықыласы жоғалады, ұйқы бұзылады, тәбет қашады.

Балада дене қызуы жоғарылайды, кейде ол 38-38,5оС-ге жетеді. Бұл фонда әлсіздіктің, адинамияның дамуы, құрысудың пайда болуы мүмкін. ЖРВИ-дің жиі белгілері: жиі тыныс алу (ентігу), түшкіру, кеудедегі және көмейдегі ауыру, жыбырлау, жөтел болып табылады.

Үй жағдайында жеңіл және орташа ауырлықтағы ЖРВИ бар балалар емделеді.

Жедел респираторлық вирустық инфекция

Әлемде тұмау мен ЖРВИ (Жедел респираторлық вирустық инфекция) медициналық, әлеуметтік және экономикалық саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып қалады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, дүниежүзінде тұмаудың салдарынан 3-5 млн. адам ауыр халге ұшырайды және 250-500 мың өлім-жітім тіркеледі.

Қазақстанда 2013 жылы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптау және бақылау ғылыми-практикалық орталығының (СЭСжБҒПО) мәліметінше ЖРВИ-дің 894122 оқиғасы мен тұмаудың 896 оқиғасы тіркелген.

Басты дәлелдер

Тұмау — адамнан адамға тез жұғатын жедел вирустық инфекция.

Тұмау әлемге таралған және онымен кез келген жастағы адам ауруы мүмкін.

Тұмау жыл сайынғы мезгілдік індет туғызады, аурудың үдемелі кезеңі қыс айларына тиесілі.

Ауыр халге әкеп соқтыратын тұмау қоғамдық денсаулық сақтау саласына қиын мәселе туғызады және ауыру қаупі жоғары халық тобын өлім-жітімге душар етуі мүмкін.

Індет еңбек ресурстарының өнімділігін төмендетіп, экономикаға кері әсер етуі және денсаулық сақтау қызметіне ауырлық түсіруі мүмкін.

Вакцинация — инфекцияның алдын алудың ең тиімді жолы.

ДДҰ жыл сайын келесі топтағы адамдарға вакцинация жасауды ұсынады:

І) жүктіліктің кез келген кезеңіндегі жүкті әйелдер;

ІІ) 6 айдан 5 жасқа дейінгі балалар;

ІІІ) 65 жастағы және одан үлкен қарт адамдар;

ІҮ) созылмалы аурулармен ауыратын адамдар;

Ү) денсаулық сақтау саласының қызметкерлері.

Емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрілер бар, дегенмен тұмау вирусының дәріге төзімділігі дамуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың

2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында СӨСҚПҰО-ның ұйымдастыру-әдістемелік жетекшілігімен республика халқының ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын бастапқы және қайталану аспектілері, кешенді емделу немесе асқынудың алдын алу үшін медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы жөнінде ұйымдастырылған ұжымдардың хабарлылық деңгейін арттыру мақсатында республика өңірлерінде 2014 жылғы 29 қыркүйек пен 29 қазан аралығында ЖРВИ, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *