Ауа желісін (АЖ) эксплуатациялау барысында АЖ сымдарына қоршаған ортаның нақты айтқанда қандай факторлары әсер етеді?

Ауа желісін (АЖ) эксплуатациялау барысында АЖ сымдарына қоршаған ортаның нақты айтқанда қандай факторлары әсер етеді?

A) желдің қысымынан және жөндеу жұмыстары кезінде сымдарды ұшқалақтап тарту кесірінен болатын жүктеменің әсері

B) ескіру, шіру және өздігінен жану үрдісіне шалдығу

C) жүктелу және апаттық токтардың жылулық және динамикалық әсерінен

D) меншікті құрылыстық бөлшектері, сымдар, тросстар, изоляторлар және аппараттар салмағының әсерінен

E) ауаның температурасы өзгеруінің, найзағай разрядтары, мұзқату әсерінен

$$$ 131

Ауа желісін (АЖ) эксплуатациялау барысында ағаш бағандары үшін қандай үрдістер сипатты?

A) желдің қысымынан және жөндеу жұмыстары кезінде сымдарды ұшқалақтап тарту кесірінен болатын жүктеменің әсері

B) ескіру, шіру және өздігінен жану үрдісіне шалдығу

C) жүктелу және апаттық токтардың жылулық және динамикалық әсерінен

D) меншікті құрылыстық бөлшектері, сымдар, тросстар, изоляторлар және аппараттар салмағының әсерінен

E) ауаның температурасы өзгеруінің, найзағай разрядтары, мұзқату әсерінен

$$$ 132

Ауа желісін (АЖ) эксплуатациялау тапсырмасын шешу үшін қандай жағдай сақталуы керек?

A) жүктелу тогы бойынша АЖ рұқсат етілген жұмыс режимдерін сақтау

B) өлшемдер жүргізу, профилактикалық сынау және жоспарлы-ескертіп жөндеу

C) АЖ тұрақты қадағалау (желіні қарап тұру)

D)апаттың себебін анықтау, оларды жою бойынша шараларды ойластыру және іске асыру

E) жоғарыда келтірілген барлық жағдайларды сақтау

$$$ 133

Ауа желісін (АЖ) мерзімділік (жоспарлы) қарау қандай түрге бөлінеді?

A) күндізгі қарау

B) түнгі қарау

C) кезектен тыс қарау

D) тексеріп қарау

E) жоғарыдан қарау

$$$ 134

Ауа желісін (АЖ) апаттан, бораннан, тұманнан, мұз жүргенде, өзен тасығанда, өрт желіге жақын болғанда, мұзқатқанда, аяздарда (-40°С-тан төмен температурада), сондай-ақ желіні автоматты ажыратқаннан кейін қараудың қандай түрін жүргізеді?

A) күндізгі қарау

B) түнгі қарау

C) кезектен тыс қарау

D) тексеріп қарау

E) жоғарыдан қарау

$$$ 135

Ауа желісін (АЖ) мерзімді (жоспарлы) қараудың қандай түрі АЖ жермен тұықталған және ажыратылып тұрған кезде изоляторлар мен арматуралардың бекітілуін тексеру үшін, бағанның жоғарғы бөлігін және сымдардың жалғануын, сондай-ақ тартқыштардың тартылуы және бекітілуін және т.б. 6 жылда 1 рет жүргізіледі?

A) күндізгі қарау

B) түнгі қарау

C) жоғарыдан қарау

D) тексеріп қарау

E) жоғарыда аталған жауаптар дұрыс

$$$ 136

Ауа желісін (АЖ) қараудың қай түрі инженерлік-техникалық қызметкерлермен АЖ күтіп қарайтын, апатқа қарсы шараларды орындайтын, АЖ мен олардың трассасының жағдайын жалпы бағалауды жүргізетін электрмонтерлардың жұмысын тексеру үшін жүргізіледі?

A) күндізгі қарау

B) түнгі қарау

C) кезектен тыс қарау

D) тексеріп қарау.

E) жоғарыдан қарау

$$$ 137

Жерлестіру құрылғыларын тексеру кезінде таңдалған жерді қазып құрылғының жатқызылған тереңдігін анықтайды. Жерлестіру құрылғының жатқызылу тереңдігі қандай?

A) 0,5 м-ден кем емес, ал егістік жерде — 1,0 м

B) 1,0 м-ден кем емес, ал егістік жерде — 0,5 м

C) 0,5 м-ден кем емес, ал егістік жерде — 0,5 м

D) 1,0 м-ден кем емес, ал егістік жерде — 1,0 м

E) жоспарланбайды

$$$ 138

Болат жерлестіргіштер және жерлестіргіш өткізгіштердің габариттік өлшемдері қандай?

A) домалақ жерлестіргіштер және жерлестіретін өткізгіштің диаметрі 48 мм-ден, ал көлденең қимасы тікбұрышты болса – 6 мм2 –тан кем болмауы керек

B) домалақ жерлестіргіштер және жерлестіретін өткізгіштің диаметрі 48 мм-ден, ал көлденең қимасы тікбұрышты болса – 48 мм2 –тан кем болмауы керек

C) домалақ жерлестіргіштер және жерлестіретін өткізгіштің диаметрі 6 мм-ден, ал көлденең қимасы тікбұрышты болса – 6 мм2 –тан кем болмауы керек

D) домалақ жерлестіргіштер және жерлестіретін өткізгіштің диаметрі 6 мм-ден, ал көлденең қимасы тікбұрышты болса – 48 мм2 –тан кем болмауы керек

E) жоспарланбайды

$$$ 139

Ауа желісін (АЖ) эксплуатациялайтын басшылық ұйым, желінің ақаулығын ескерту үшін … міндетті:

A) электр торабы орналасқан аймақтағы мекеменің басшыларын және қызметкерлерін, оларды қорғау ережесімен таныстыруға

B) жұмысщылар арасында ауа желісіне (АЖ) жақын маңда жұмысты дұрыс ұйымдастырылуына нұсқау жүргізуге

C) оқушылар арасында ауа желісі (АЖ) астында кез-келген ойынды қауіпті және рұқсат етілмейтіндігін және желінің ажыратылғанынан келетін шығынды айтып түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуге

D) барлық келтірілген шараларды жинақтап іске асыруға

E) бұл олардың құзіреті емес

$$$ 140

Ауа желісін (АЖ) эксплуатациялайтын ұйымның хаттамалы рұқсатынсыз күзетілетін аймақ маңында … рұқсат етілмейді:

A) ғимарат салуға, жер, құрылыс және монтаждау жұмыстарын жүргізуге

B) кезкелген материалдар жинауға

C) ойын немесе спорттық алаңдар салуға

D) жер бетінен 4,5 м биік көліктердің өтетін жол салуға және автокөлік, тратор көліктері тұрағын салуға

E) барлық келтірілген нұсқа жауаптары дұрыс

$$$ 141

Ауа желісі (АЖ) бойымен күзетілетін аймақ АЖ шеткі сымдарынан түзу шектелетін екі жағы жердің үстінен әр жағына Х м-ге жолақ сияқты көрінеді, сонда Х-тің мәні неге тең?

А) Х=0,5

В) Х=1,0

С) Х=1,5

D) Х=2,0

E) Х=2,5

$$$ 142

Ауа желісі (АЖ) маңына механизмдерді пайдаланып жұмыстар жүргізгенде жағдайды сақтау қажет – ауа бойынша механизмнен немесе оның жылжымалы бөлігінен кернеуі бар жақын сымға дейінгі аралық Х м-ден кем болмауы керек. Х-тің мәні неге тең?

А) Х=0,5

В) Х=1,0

С) Х=1,5

D) Х=2,0

E) Х=2,5

$$$ 143

Ауа желісімен қиылысатын жолға, екі жағынан белгі беретін жүк тиелген көліктің … көрсететін ЗНАК қойылады

А) рұқсатты ұзындығы

В) рұқсатты биіктігі

С) рұқсатты салмағы

D) рұқсатты ені

E) рұқсатты жылдамдығы

$$$ 144

Ауа желісіне төменгі және жоғарғы байқауларды жөндеудің қай түрінде жүргізеді? Бағандардың ағаш элементтері жағдайын, шіру тереңдігін өлшеп тексереді. Босған бандаждарды тартады, олардан тотығуды жояды. Бағандарды түзетеді, зақымданған изоляторларды және бағанның шіріген элементтерін ауыстырады.

A) ағымды жөндеу кезінде

B) күрделі жөндеу кезінде

C) ағымды және күрделі жөндеу кезінде

D) барлық келтірілген жауаптар дұрыс

E) дұрыс жауабы жоқ

$$$ 145

Жөндеудің қай түрінде бағандарды жоспарлы ауыстырады, желіні тартады және түзетеді, жарамсыз арматураларды айырбастайды. Қажетті өлшемдер мен сынаулар жүргізеді?

A) ағымды жөндеу кезінде

B) күрделі жөндеу кезінде

C) ағымды және күрделі жөндеу кезінде

D) барлық келтірілген жауаптар дұрыс

E) дұрыс жауабы жоқ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *