Автоматтандыру мен механикаландырудың түсінігі. Автоматтандыру дәрежелері.

Автоматтандыру мен механикаландырудың түсінігі. Автоматтандыру дәрежелері.

Автоматтандырылған жүйе (Автоматизированная система; the automated system) — басқару міндетінің бір бөлігін адам (оператор) орындайтын, басқарьшатын объектілер мен автоматты басқару құрылғыларының жиынтығы. Автоматтандырылған жүйеде автоматты құрылғылар басқару объектісінен ақпарат жинақтауды, оны жеткізуді, түрлендіруді және өңдеуді, басқарушы командаларды қалыптастыруды және басқарылатын объектіде олардың орындалуын жүзеге асырады, яғни формальдауға оңай келетін қызметтер. Адам — оператор басқарудың мақсаттары мен критерийлерін анықтайды және жағдайлардын өзгеруі кезінде оларды түзетеді. Ӏс-әрекеттеріне байланысты автоматтандырылған жүйеде басқарудың автоматтандырылған жүйесі, ғылыми зерттеулердің автоматтандырылған жүйесі, құрылмалаудың автоматтандырылған жүйесі, өндірісті технологиялық дайындаудың автоматтандырылған жүйесі, автоматтандырылған жобалау жүйесі және т.б. түрлері болады.

Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі (БАЖ; Система автоматического управления; system of automatic control) — біртұтас “адам-машина” жүйесінің жұмыс істеу процесінде басқару шешімін қабылдау үшін қолданылатын әкімшілік, ұйымдастыру, экономика-математикалық тәсілдердің, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ, байланыс жабдықтарының жиынтығы. Ол жабдықтау (қамтамасыз етуші) және функционалдық жүйелерден тұрады. Жабдықтау жүйесіне: техникалық, математикалық, ақпараттық, ұйымдастыру жұмысы және мамандармен қамтамасыз ету жатады. Ал функционалдық жүйе есептеу, бақылау, жоспарлау және өндірістік шаруашылық қызметін басқару міндеттерін шешеді. БАЖ-дың негізгі буыны — цифрлы ЭЕМ (немесе есептеу орталығына біріккен ЭЕМ кешені). Ол жүйенің басқа буындарымен байланыс арнасы арқылы қосылады. Ақпарат бұл арнамен басқарудың төмегі сатысынан жоғарғы сатысына қарай, ал тапсырмалар, бұйрықтар (командалар), нұсқаулар мен түзетулер, керісінше, жоғарғы сатыдан төменгі сатыға қарай беріледі. Басқарудың стратегиясына не мақсатына әсер ету, жүйені дамыту және жетілдіру процестері адамның тәжірибесі мен интуициясына негізделген жағдайда ғана БАЖ тиімді болып есептеледі. БАЖ-дың автоматты басқару жүйесінен (АБЖ) ерекшелігі — БАЖ-да адам автоматтардың жұмысын бақылаумен қатар басқару процесіне де белсенді түрде араласатындығы. БАЖ: объектілер БАЖ-ы (мысалы, технологиялық процестер БАЖ-ы, кәсіпорындар БАЖ-ы, т.б.) және функционалды автоматтандырылған жүйе (мысалы, автоматтандырылған жобалау жүйесі, материалдық-техникалық жабдықтауды автоматтандыру жүйесі, т.б.) болып ажыратылады. БАЖ негізін зауыттың не өндірістің ақпараттық есептеу орталығы құрайды. Қазақстанның көптеген институттарында ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған БАЖ-дар құрылған. Сондай-ақ, бұл жүйе қазіргі кезде байланыс пен телекоммуникация бағыттарында да қолданыла бастады.

Механикаландыру (Механизация) — қолмен істелетін жұмыстарды машиналармен, механизмдермен ауыстыру

Автоматтандыру дәрежесі (Степень автоматизации; degree of auto¬mation) — автоматтандыру құралдарын пайдаланып орындалатын операциялар мөлшерінің осы процесс операцияларының толық мөлшеріне қатынасымен анықталатын технологиялық процестің сипаттамасы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *