Автоматтандыру дәрежесі бойынша жұмыс машиналарын жіктеу.

Автоматтандыру — техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу (тасымалдау), пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық-материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану. Онда:

1. технологиялық, энергетикалық, көліктік, өндірістік процестер;

2. күрделі агрегаттарды, кемелерді, өндірістік құрылыстармен кешендерді жобалау;

3. цехты, мекемені, сондай-ақ әскери құрамалар мен бөлімшелерді ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;

4. ғылыми зерттеулер, медициналық және техникалық диагностикалау, статистика деректерін өңдеу және есепке алу, бағдарламалау, инженерлік есептеу т.б. автоматтандырылады.

Автоматтандырудың мақсаты — еңбек өнімділігі мен өнім сапасын арттыру, жоспарлау, басқару жұмыстарын тиімділендіру, денсаулыққа зиянды жұмыстан адамды босату. Автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің басты бір бағыты саналады.

Автоматтандыру(Автоматизация) — адамды материалдар, энергия және ақпарат қабылдау, жеткізу, сақтау, өңдеу және пайдалану процестеріне тікелей араласудан толық немесе жартылай босату үшін техникалық, программалық және баска құралдар мен әдістер кешенін пайдалану процесі.[1][2][3]

Автоматтандыру — энергияны, материал мен ақпарат түрлерін өндіру, тасымалдау және пайдалану үрдісінде адамның тікелей қатысуын толығынан немесе жартылай босатып, оның орнына басқару жүйесін, экономика-математикалық әдістер мен техникалық құралдарды қолдану.

Машина, Мәшине (франц. machіne, лат. machіna) – механикалық қозғалысқа түсіп, энергия, материал және ақпарат түрлендіруге арналған құрылғы. Мәшиненің негізгі міндеті – еңбекті жеңілдету және оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру үшін адамның өндірістік қызметін ішінара немесе толықтай алмастыру. Атқаратын қызметіне қарай: энергетикалық, жұмыстық және ақпараттық мәшинелер болып ажыратылады. Энергетикалық мәшинелер кез келген энергия түрін механикалық энергияға түрлендіреді. Оларды мәшине-қозғалтқыштар деп те атайды. Бұларға электр қозғалтқыштары және электр генераторлары, іштен жанатын қозғалтқыш, турбиналар, піспекті (поршеньді) және бу мәшинелері, т.б. жатады. Жұмыстық мәшинелер заттың (материалдың, т.б.) пішінін, қасиетін, күйін, орналасу қалпын өзгертуге арналған. Оны технологиялық мәшине (металл кесу станогы, тоқыма станогы, құрылыс мәшинесі, т.б.), көлік мәшинесі (автомобиль, ұшақ, т.б.) және тасымалдау мәшинесі (конвейер, элеватор, көтергіш кран, т.б.) деп ажыратады. Ақпараттық мәшинелерғе есептеуіш мәшинелер мен құрылғылар, механикалық интеграторлар, т.б. жатады. Адамның тікелей әсер етуінсіз жұмыс істейтін мәшине түрі мәшине-автоматтар немесе автоматтар өндірісте кеңінен қолданыс тапты. Белгілі бір технологиялық процесті орындайтын әрі өзара тізбектей жалғасқан мәшине-автоматтар автоматтық желі құрайды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *