Сымдар және кабельдер бойымен ток өткен кезде қызады. Егер сымдардың температурасы және кабельдердің талшықтарының температурасы ПУЭ шартының рұқсат етілген температурасынан жоғары болса онда оқшаулағыштары белгіленген қызмет ету мерзімінен бұрын жарамсыз болады.
Цехтық тораптарда тогы бойынша дұрыс емес жұмыс режимі болуы мүмкін.
1) Шамадан тыс жүктеу салдарынан токтың көбеюі
2) Электр қозғалтқыштардың өздігінен немесе іске қосқан кездегі токтың көбейтілуі
3) Қ.т. кезіндегі токтың көбеюі
Сымдарды және кабель талшықтарын қалыпсыз (от ненормальных)токтардан және шамадан тыс жүктелуден қорғау үшін кернеуі 1000 В дейінгі тораптарда балқымалы сақтандырғыштар және әуелік автоматты ажыратқыштар орнатылады. Тораптағы элементтердің номиналды жұмысы алдағы уақытта қауіпті болған жағдайда бұл аппараттар ток тізбегін үзіп тастайды.
Балқымалы сақтандырғыштармен қорғау
Балқымалы сақтандырғыш – электр тораптардағы жасанды әлсіз аппараттар. Ток номиналдыдан асқан жағдайда балқымалы қондырғы арқылы өтіп, ондағы температураның өсуіне әкеліп соқтырады да ериді. Ток көп болған сайын температура қызып балқымалы сақтандырғыштың еруіне аз уақыт кетеді.
Токтан айырылған уақытына байланысты балқымалы бөліктің қорғаныс мінездемесі болып табылады. 5.1. суретінде балқымылы қоспа арқылы өтетін токтан әртүрлі номиналды токтағы балқымалы қоспалардың уақытқа тәуелділігі көрсетілген. Кварцты құмы бар балқымалы сақтандырғыш аса тиімді. Олардың айырмашылығы тез әсер етуі. Олар ток шектеуіш қасиетіне ие және Қ.Т тогын бірінші жарты периодта амплитудалық мәніне жеткенге дейін тоқтады. Сондықтан да ток оқшаулаудан қорғайтын балқымалы сақтандырғыштар құрылғыларын термиялық беріктігіне қ.т. тогының ең үлкен мәні бойынша тексерген жөн.
Балқымалы сақтандырғыштарды таңдау
Электр қозғалтқыш тізбегінде балқымалы сақтандырғыштар болуы керек: оны фаза арасындағы қ.т. тогынан сақтау, бірақ та қозғалтқыштың қосу тогы кезінде тізбекті айыруға болмайды.
Балқымалы қондырғы келесі кезекпен қолданады:
1. Балқымалы қондырғы тогы қозғалтқыштың номиналды тогына Iном тең немесе кішкене асу қажет:
2 қозғалтқыш реверсі немесе іске қосу кезінде балқымалы қондырғы еріп кетпеуі керек Iм:
мұндағы IM — электр қондырғылар тобын қоректендіретін максималды ток желісі, А;
IM = IП -жалғыз қозғалтқыштың іске қосу тогы немесе желінің жұмыс тогы;
-балқымалы қондырғы қысқа уақытты жүктеудің коэффициенті. Коэффициент мәні:
— Қозғалтқыш үшін бос жүріс кезіндегі 2,5
— Қозғалтқыш үшін жүктеме кезінде 1,6-2,0
— Дәнекерлеу аппараты үшін түйіспелерді дәнекерлеу 1,6
5.1 сурет –ПН-2 типті балқымалы қоспаның әртүрлі номиналды тогы кезіндегі балқымылы қоспа арқылы өтетін токқа
балқу уақытының тәуелділігі
(Зависимость времени плавления от тока, проходящего через плавкую
вставку при различных номинальных токах плавких вставок типа ПН2)
Балқымалы қоспаның ең үлкен тогының мәні бойынша сымдардың қимасы анықтама материалдар бойынша таңдалынады.
Автоматты әуелік ажыратқыштарды(автоматы) таңдау
Автоматты торапқа зақым келген жағдайда барлық үш фазаны айырады. Бұл электр қозғалтқыштың қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды, сол себептен қозғалтқышты қорғау кезінде сақтандырғыштардың біреуі жанып кеткен жағдайда электр қозғалтқыштың қалыпсыз жұмысына әкеліп соқтырады.
Автоматтардың тіркеу ағытқыштары (расцепитель) 2 элементтен тұрады:
— Бейметалды пластиктардан тұратын қыздыру элементі. Уақытына қарай жүктеуден қорғайды.
— Электромагнитті элемент, қ.т. тогы кезінде максимал токты қорғау.