Кіріспе

 

  Қалалар үшін электрлік желістердің жүйелі түрде дамуын талап ететін, электр тұтынудың үздіксіз өсуі тән нәрсе. Электрді тұтынудың артуы тұрғындар санының ұлғаюы және өнеркәсіптің дамуына ғана емес, сондай-ақ электр энергиясының халық тіршілік әрекетінің барлық салаларына үздіксіз енуіне де байланысты. Электр энергия шығыны қалалардың тұрмыстық қажеттіліктерінде және үй-жай шаруашылығында өсуде.

Өзіндік электрмен жабдықтау жүйесі бар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар маңында қалалық түрдегі кішігірім қалалар және ауылдар айтарлықтай жиі орналасады. Осындай елді мекендерді қоректендіру үшін жақын тұрған кәсіпорынның электрмен жабдықтау жүйесімен байланысты электрмен қамтудың қарапайымдау жүйесі құрылады.

        Қаланың өлшеміне байланысты, оның территориясында орналасқан тұтынушыларды қоректендіру үшін электрмен қамтамасыз етудің сәйкесінше жүйесі қарастырылуы тиіс. Заманға сай және ұтымды орындалған электр желістері бар ірі қалалар үшін, әр түрлі қызметтің және әр түрлі кернеу желістерінің бірлесіп қолданылуы тән нәрсе.

Электрмен қамту жүйесі өнеркәсіптік кәсіпорындар, электрленген транспорттар т.б-ларды қоса, қаланың барлық тұтынушыларын қамтиды.Қалалардың электрмен жабдықтау жүйесін құру принципін талдау, осындай жүйелерді ұтымды жүзеге асыруды таңдау барысында туындайтын, негізгі міндеттерді анықтауға мүмкіндік береді. Оларға жататындар: Жүйені тұрғызудың схемасын таңдау; торап кернеуінің шамасы және энергияның түрлену (трансформация) саны; электрмен жабдықтайтын және тарататын желістердің негізгі элементтерінің қолайлы параметрлерін анықтау.

      Ғылыми-техникалық прогрестің салдарынан жоғарғы тиімділіктегі өнімдердің жаңа түрлері мен үлгілері — энергетикалық жабдықтар мен құрылғыларды, прогрессивті конструктивті және электротехникалық материалдарды, қазіргі заманғы релелік қорғаныстардың, автоматиканың, басқару және байланыстың микропроцессорлы кешендерін меңгеру жүргізілді.

       Қазақстан рыногына алдыңғы қатарлы әлемдік өндірушілердің жаңа заманғы коммутациялық жабдықтары ене бастады. Қажетті жағдайларда отандық өнімге жалпы бейімделу отандық стандарттарға және республикадағы қажетті сертификацияға сай келетін, көбірек жетілдірілген импорттық жабдықтар және электротехникалық материалдар қолданумен ақталады. Тораптық объектілерді қазіргі заманғы талаптарға сай тиісті эксплуатациялық жағдайға келтіру – бұл өте кең ресурсті, көп еңбекті және ұзақ жұмыс. Таратқыш тораптардың жоғары капитал сиымдылығын есепке алғанда, инвестицияның қажеттілігін және мемлекеттің ат салысуын ескеру қажет.

    Қала территориясында орналасқан тұтынушыларды қоректендіру үшін, энергетикалық жүйенің электрлік желістерімен салыстырғанда өзіндік сипаттық ерекшеліктері бар, электрлік желістің арнайы жүйелері құрылады. Бүгінгі таңда осындай тораптар қалаларды электрмен қамтамасыз етудің ерекше тәртібін түзеді.

Қалаларды электрмен жабдықтау жүйесі — қала территориясында орналасқан және оның тұтынушыларын электрмен қамтуға арналған электрлік желістердің барлық кернеулерінің жиынтығы деп түсіндіріледі. Жүйенің бір жағы қорек көзімен, ал екінші жағы электр желістерін тұтынушыға қосумен шектеледі. Қалалар электроэнергияның ірі тұтынушылары болып саналады, яғни онда ел қоныстанушыларының жартысы тұруымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындардың да көптеген саны орналасқан

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *