25.Қазақстан Республикасы Президентін сайлаудың шарттары, өкілеттіктерінің мерзімі, қызметінің кепілдіктері мен шектеулері. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері.

  Қазақстан Республикасының Президентін конституциялық заңға сәйкес жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.

 Республика Президентінің кезекті сайлауы желтоқсанның бірінші жексенбісінде өткізіледі және ол мерзімі жағынан Республика Парламентінің жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиіс.Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.Осы баптың ережелері Республиканың экс-Президенттеріне қолданылады. . Республика Президентi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар жарлықтар мен өкiмдер шығарады. Республика Конституциясының 53-бабының 4) тармақшасында көзделген ретте Президент заңдар шығарады, ал Конституцияның 61-бабының 2 тармағында көзделген ретте заң күшi бар жарлықтарын шығарады. Парламент пен оның Палаталарының құзыретiне енбейтiн өзге жағдайларда Республика Президентi заңға тәуелдi актiлер — жарлықтар және өкiмдер шығарады.

Республика Президентi қол қоятын Парламент актiлерi, сондай-ақ Үкiмет бастамасымен шығарылатын Президент актiлерi, тиiсiнше осы актiлердiң заңдылығы үшiн заңдық жауапкершiлiк жүктелетiн Парламенттiң әр Палатасы Төрағаларының не Премьер-Министрдiң алдын-ала қолдары қойылып тиянақталады

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *