1. Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда 1) Республика Президентi сайлауының ;
2) Парламент депутаттары сайлауының ;
3) республикалық референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi шешедi.
Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін;Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың;
Республиканың халықаралық шарттарының олар ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін қарайды. Конституция нормаларына ресми түсiндiрме; Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн – белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi.
Конституциялық Кеңес:1) құзыретi шегiнде барлық мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан құжаттар, материалдар мен өзге де ақпараттар сұратуға және алуға, сондай-ақ белгiленген тәртiппен сарапшылық және ғылыми-консультациялық жұмысқа мамандар тартуға хақылы; 2) Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы өтiнiш жасайды және осы Конституциялық заңда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.