10 Қылмыстық процестегі азаматтық талап қою

5-БӨЛІМ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ МҮЛІКТІК МӘСЕЛЕЛЕР

20-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ АЗАМАТТЫҚ ТАЛАП ҚОЮ

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар

      1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың тікелей қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қоғамға қауiптi іс-әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні жерлеуге, емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретiнде төленген сомаларды, сондай-ақ өкiлдiк етуге жұмсалған шығыстарға қоса, анықтау, алдын ала тергеу iсiн жүргізуге және сотқа қатысуға байланысты шеккен шығыстарды өтеу туралы азаматтық талап қоюлары қаралады.

      2. Қылмыстық iс бойынша берілген азаматтық талап қоюды дәлелдеу осы Кодексте белгiленген қағидалар бойынша жүргiзiледi.

      Егер азаматтық талап қоюға байланысты туындаған құқықтық қатынастар осы Кодексте реттелмеген болса, онда азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      3. Егер, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында азаматтық талап қоймаса немесе оны қойғаннан кейін кері қайтарып алса немесе оны сот қараусыз қалдырса, олар оны азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қоюға құқылы. Талапкердің азаматтық талап қоюды кері қайтарып алу туралы немесе оны қараусыз қалдыру туралы арызын сот осы Кодекске және азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес шешеді.

      4. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған азаматтық талап қою бойынша шешім қылмыстық сот ісін жүргізу барысында нақ осы талапты нақ осы адамдарға нақ осы негіздер бойынша қою үшін кедергі келтіретін негіз болып табылады.

167-бап. Азаматтық талап қою

      1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.

      Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор азаматтық талап қоюға құқылы.

      Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.

      2. Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері немесе есі дұрыс емес адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын тұлғаларға қойылады.

      Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.

      3. Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

      4. Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.

      5. Азаматтық талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында қойылады.

      6. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.

      7. Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы.

      8. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.

168-бап. Залалды өтеудiң негiздерi, шарттары, көлемiжәне тәсілі туралы қағидаларды қолдану

      1. Қылмыстық iсте қойылған азаматтық талапты қарау кезiнде залалды өтеу негiздерi, шарттары, көлемi мен тәсілі азаматтық, еңбек және басқа да заңнама нормаларына сәйкес айқындалады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

169-бап. Талап арызды қайтару, талап қоюдан бас тарту

      1. Азаматтық талапкер қылмыстық процестің кез келген сатысында талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеуге құқылы. Талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iске қоса тiгіледі. Егер талап қою арызын қайтарып алу туралы мәлімдеме сот отырысында мәлімделсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

      2. Азаматтық талапкердің қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгі іс жүргiзу сатысында талап қоюдан бас тарту туралы арызы жазбаша түрде не электрондық құжат нысанында берiледі және қылмыстық iс материалдарына қоса тiгіледі. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы сот отырысында бiлдiрiлсе, онда ол сот отырысының хаттамасына енгiзiледі.

      3. Сот талап қоюдан бас тартуды сот талқылауының кез келген сәтінде, бiрақ сот үкiмді қаулы ету үшiн кеңесу бөлмесiне кеткенге дейiн қабылдайды.

      Сот талап қоюдан бас тартуды қабылдағанға дейін азаматтық талапкерге талап қоюдан бас тартуды қабылдау ол бойынша іс жүргізуді тоқтатуға әкеп соғатынын және нақ осы тараптар арасындағы нақ осы нысана туралы дау бойынша және нақ осы негіздер бойынша, оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде, сотқа қайталап жүгінуді болғызбайтынын түсіндіруге міндетті.

      4. Егер азаматтық талапкердің талап қоюдан бас тартуы заңға қайшы болса немесе кімнің болса да құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот бұл әрекетті қабылдамайды.

170-бап. Азаматтық талап қою бойынша шешiмдер

      1. Сот қылмыстық істегі азаматтық талап қоюды қарау қорытындылары бойынша:

      1) азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандыру туралы;

      2) азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы;

      3) азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы;

      4) азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдау және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;

      5) азаматтық талап қою бойынша татуласу келісімін немесе дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту және ол бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы;

      6) азаматтық талап қоюды қараусыз қалдыру туралы шешімдердің бірін шығарады.

      Іс бойынша іс жүргізуді осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4) тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша тоқтату туралы қаулы шығарған кезде сот азаматтық талап қоюды толық қанағаттандырады.

      2. Сот айыптау үкiмiн қаулы еткен немесе есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарған кезде азаматтық талап қоюды толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады.

      Азаматтық талап қою толық немесе ішінара қанағаттандырылған жағдайларда сот үкімде оны азаматтық талап қою бөлігінде ерікті түрде орындау үшін мерзімді белгілейді және көрсетеді. Соттың үкімі ерікті түрде орындау үшін берілген мерзім ішінде азаматтық талап қою бөлігінде орындалмаған жағдайда, сот үкімді азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық талап қою бөлігінде мәжбүрлеп орындату үшін жібереді. Мәжбүрлеп орындату Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      3. Сот қылмыстық iстi талқылауды кейiнге қалдырмай азаматтық талап қою бойынша егжей-тегжейлі есеп-қисап жүргiзу мүмкiн болмаған кезде азаматтық талапкердің талап қоюды қанағаттандыру құқығын тани алады және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.

      4. Сот ақтау үкімін қаулы еткен, сол сияқты есі дұрыс емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі істі тоқтату туралы қаулы шығарған кезде, егер қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекет анықталмаса не сотталушының немесе өзіне қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе шешiлген адамның қылмыстық құқық бұзушылық немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған іс-әрекетті жасауға қатысқаны дәлелденбесе не кінәсі анықталмаса, азаматтық талап қоюды қанағаттандырудан бас тартады.

      5. Сот татуласу келісімін бекіткен, медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізілген не азаматтық талап қоюдан бас тартуды қабылдаған жағдайларда, сот азаматтық талап қою бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

Тергеу әрекеттерінің түсінігі және олардың жүйесі. Жасырын тергеу әрекеттері:

 Қылмыстық іс бойынша тергеудің негізгі мазмұны деп қылмыстық іс жүргізу дәлелдемесі танылады, себебі, тергеушінің қызметі заңмен белгіленген іс жүргізу нысанында жүзеге асады.

Тергеу іс-әрекеттері — бұл тергеушінің немесе анықтау органының қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес жүргізілетін іс жүргізу әрекеттері. Бұл әрекеттер қылмыстық істі объективті және толық анықтау үшін маңызы бар дәлелдемелерді тексеру, қорыту, жинау жолымен фактілі мәліметтерді белгілеуге бағытталады.

Басқа іс жүргізу әрекеттерімен салыстырғанда тергеу әрекеттері мынадай белгілермен сипатталады:

а) олар анықтау, тергеу органдары, тергеуші, анықтаушы үшін танымдық сипатқа ие болады;

б) алдын ала тергеу немесе қайтадан ашылған жағдайына байланысты қылмыстық істі тергеу сатыларында ғана тергеу әрекеттерін жүргізу;

в) бұл қызмет тек тергеу әрекеттері өндірісінің тәртібін реттейтін іс жүргізу заңы негізінде жүзеге асады (жинау, қорыту, дәлелдемелерді алу);

Ережеге сай, заң әдебиеттерінде тергеу әрекеттері екі топқа бөлінеді:

а) дәлелдемелерді бекіту, тексеру, жинауға бағытталған тергеу іс-әрекеттері (қарау, тінту, алу, тергеу эксперименті, тану, т.б.);

б) алдын ала тергеу ісіне қатысушы адамдардың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған тергеу іс-әрекеттері (мысалы, айыпталушыға іс бойынша өтініштерді, шағымдарды қарау, жәбірленушінің іске қатысты барлық материалдармен танысу құқығын түсіндіру).

Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға заңдарда белгiленген адамдарды тарта отырып, олардың жеке басын анықтайды, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзудiң тәртiбiн түсiндiредi. Кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу iсiн түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi. Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде техникалық құралдар қолданылуы және қылмыс iздерi мен заттай дәлелдердi анықтаудың, бекiту мен алудың ғылыми негiзделген әдiстерi қолданылуы мүмкiн.

Тергеу iс-әрекетiн жүргiзу кезiнде күш қолдануға, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды қолдануға, сонымен қатар оған қатысушы адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп туғызуға жол берiлмейдi.

Тергеушi тергеу iс-әрекеттерiне қатысуға анықтау органының қызметкерiн тартуға құқылы.

2. Тергеу әрекеттерінің түрлеріне мыналар жатады:

1) қарау;

2) күдіктіні ұстау;

3) жауап алу;

4) беттестіру;

5) тінту;

6)алу;

7) тану үшін көрсету;

8) куәландыру;

9) сараптама тағайындау;

10) тергеу эксперименттері;

11) іс болған жерді көрсетуін тексеру;

12) салыстырмалы зерттеу үшін үлгі алу;

13) мәйіт эксгумациясы;

14) телефон және басқа да сөйлесулерді тындау;

15) пошта және телеграф жөнелтілімдерін тұтқындау;

16) мүлкін тұтқындау.

Келтірілген тергеу әрекеттерінің түрлері жеткілікті, толық деп саналады.

197-бап. Тергеу әрекеттерін жүргiзудiң жалпы қағидалары

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам заңда көзделген тергеу әрекеттеріне қатысуға адамдарды тарта отырып, олардың жеке басына көз жеткізеді, оларға құқықтары мен мiндеттерiн, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзу тәртiбiн түсiндiредi.

      2. Кейінге қалдырылмайтын жағдайларды қоспағанда, тергеу әрекетін түнгi уақытта жүргiзуге жол берiлмейдi.

      3. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы және қылмыстық құқық бұзушылықтың iздерi мен заттай дәлелдемелердi анықтаудың, тіркеу мен алудың ғылыми негiзделген тәсілдері пайдаланылуы мүмкiн.

      4. Тергеу әрекеттерін жүргiзу кезiнде азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге, қорқытуға және өзге де заңсыз шараларды, қатыгез қарым-қатынасты қолдануға, сол сияқты оған қатысатын адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндіруге жол берiлмейдi.

      5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының басқа да қызметкерлерiн тартуға құқылы.

      6. Осы Кодекстiң 255-бабы үшiншi бөлiгiнiң 2) тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, 220-бабының он үшiншi және он төртiншi бөлiктерiнде, 252-бабында, 254-бабының төртінші бөлігінде, 255-бабында көзделген тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде куәгерлердi тарту мiндеттi болады.

      Қалған жағдайларда тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде олардың барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдар міндетті түрде қолданылады.

      Ғылыми-техникалық тіркеу құралдары болмаған немесе оларды қолдану мүмкін болмаған жағдайда, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде куәгерлер тартылады.

      Әрекеттердің барысы мен нәтижелерін тіркейтін ғылыми-техникалық құралдарды қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тиісті мемлекеттік органдармен келісу бойынша айқындайды.

199-бап. Тергеу әрекетінің хаттамасы

      1. Тергеу әрекетінің хаттамасы тергеу әрекетiн жүргiзу барысында немесе ол аяқталған бойда жасалады.

      2. Хаттама қолмен жазылуы, машинкамен не компьютермен басу тәсілі арқылы жасалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенографиялау, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкiн. Стенографиялық жазба, дыбыс- және бейнежазба материалдары немесе өзге де ақпарат жеткізгіштер хаттамаға қосып тігіледі және iспен бiрге сақталады.

      3. Хаттамада: тергеу әрекетiн жүргiзу орны мен күнi; оның басталу және аяқталу уақыты минутына дейiнгі дәлдікпен; тергеу әрекетін жүргізген адамның лауазымы мен тегі, тергеу әрекетіне қатысқан әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетiледi.

      Хаттамада процестік әрекеттер олардың болған ретiмен, оларды жүргiзу кезінде анықталған iс үшiн елеулі мән-жайлар, сондай-ақ тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың мәлiмдемелерi жазылады.

      4. Осы Кодекстің 97-бабы қолданылған жағдайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам тергеу әрекетінің хаттамасында жәбірленушінің, оның өкілінің, сондай-ақ куәлардың (куәгерлердің) жеке басы туралы деректерді келтірмейді, қорғалатын адам өзі қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамаларында таңдайтын адамның бүркеншік аты мен қоятын қолын қолданады.

      5. Егер тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде фотосуретке түсiру, киноға түсiру, дыбыс- және бейнежазба немесе өзге де ғылыми-техникалық құралдар қолданылса не iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері әзірленсе, сызбалар, схемалар, жоспарлар жасалса, онда хаттамада сондай-ақ оны жүргiзу барысында қолданылған ғылыми-техникалық құралдар, оларды пайдалану талаптары мен тәртiбi, осы құралдар қолданылған объектiлер және алынған нәтижелер көрсетiлуге тиiс. Хаттамада бұған басқа ғылыми-техникалық құралдарды қолданудың алдында бұл туралы тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан адамдардың хабардар етiлгенi аталуға тиiс.

      6. Хаттама танысу үшiн тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық адамдарға ұсынылады. Оларға хаттамаға енгiзiлуге жататын ескертулер жасау құқығы түсiндiрiледi. Хаттамаға енгiзiлген барлық ескертулер, толықтырулар, түзетулер келісілуге және осы адамдардың қолдарымен куәландырылуға тиiс.

      7. Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, жауап алынған адам, аудармашы, маман, куәгерлер және тергеу әрекетін жүргiзуге қатысқан барлық өзге де адамдар қол қояды. Тергеу әрекетінің хаттамасына қол қоюдан бас тартылған немесе қол қою мүмкiн болмаған жағдайда, бұл фактiнi куәландыру осы Кодекстiң 123-бабының жетіншi және оныншы бөлiктерiне сәйкес жүргiзiледi.

      8. Хаттамаға тергеу әрекетін жүргiзу кезiнде орындалған фотографиялық негативтер мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазба кассеталары, өзге ақпарат жеткізгіштер, сызбалар, жоспарлар, схемалар, iздiң баспа-таңбалары мен бедерлері қоса тiркеледi.

      9. Егер тергеу әрекетін жүргiзу барысында маман өз зерттеу нәтижелерi бойынша ресми құжат жасаса, осы құжат хаттамаға қоса тiркеледi, бұл туралы хаттамаға тиiстi жазба жасалады.

200-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтай отырып, тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе онда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiндегі шаралар қолдану туралы ұсыну енгізуге құқылы.

      2. Ұсынулар қолданылған шаралар туралы міндетті түрде хабардар етіле отырып бір ай мерзімде қаралуға тиіс.

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн.

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа да адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.

200-бап. Қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыну

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтай отырып, тиiстi мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға немесе онда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға осы мән-жайларды немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою жөнiндегі шаралар қолдану туралы ұсыну енгізуге құқылы.

      2. Ұсынулар қолданылған шаралар туралы міндетті түрде хабардар етіле отырып бір ай мерзімде қаралуға тиіс.

201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн.

      2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа да адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.

233-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы

      1. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылған органның уәкілетті лауазымды адамы осы Кодекстің 198-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс қаулы шығарады.

      Қаулыда:

      1) оның жасалған орны мен уақыты;

      2) қаулы шығарған адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, жеке қойған қолы;

      3) қаулыны санкциялайтын уәкілетті прокурордың тегі мен аты-жөні, лауазымы;

      4) аясында жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу болжанып отырған қылмыстық істің нөмірі;

      5) қаулы шығаруға негіз болған осы Кодекстің баптары;

      6) қылмыстық іс фабуласының қысқаша сипаттамасы;

      7) жасырын тергеу әрекетін жүргізу қажеттігінің негіздемесі;

      8) өзіне қатысты жасырын тергеу әрекетін жүргізу жоспарланып отырған адам, орын немесе зат туралы мәліметтер;

      9) жасырын тергеу әрекетін жүргізу мерзімі;

      10) жасырын тергеу әрекетін жүргізу тапсырылатын орган туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      2. Өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілетін объектінің шифрын ашуды болғызбау мақсатында қаулыда нақты деректердің орнына бүркеншік атты, шартты атауды көрсетуге жол беріледі. Құпиялық талаптары сақтала отырып, деректерді өзгерту туралы прокурормен келісілетін тиісті қаулы шығарылады.

234-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау

      1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының қаулысы бойынша жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оған теңестірілген прокурорлар береді.

      Санкция осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген, қылмыстар туралы хабарлар мен арыздар бойынша ғана беріледі.

      2. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу туралы қаулы ол шығарылғаннан кейін көрсетілген тергеу әрекетін жүргізудің негізділігін растайтын материалдармен бірге жиырма төрт сағаттың ішінде уәкілетті прокурорға ұсынылады.

      Қаулы прокуратураға келіп түскен кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде прокурор оның заңдылығы мен негізділігін тексеріп, оны санкциялау немесе санкциялаудан бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.

      Қосымша материалдарды талап етіп алдыру қажет болған жағдайларда қаулыны белгіленген мерзімнен аса, бірақ жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімде қарауға жол беріледі.

      Шығарылған қаулы негізсіз болған жағдайда, прокурор оны санкциялаудан бас тартады. Бас тарту мұндай шешім қабылдаудың себептері көрсетіле отырып, қаулыны санкцияламай қайтару туралы ілеспе хат жазумен ресімделеді.

      3. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижелері туралы ол аяқталған күннен бастап екі тәуліктен кешіктірілмей оны жүргізуге санкция берген прокурор хабардар етіледі.

236-бап. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдері

      1. Санкциялануға жататын жасырын тергеу әрекеті отыз тәуліктен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      2. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажет болған кезде оларды жүргізуге бастамашы болған орган мерзім біткенге дейін үш тәулік бұрын оны белгілі бір мерзімге ұзарту қажеттігі туралы уәжді қаулы шығарады және санкциялау туралы мәселені шешу үшін прокурорға жібереді. Қаулы прокурордың санкциясы алынғаннан кейін жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын уәкілетті органға орындау үшін жіберіледі. Прокурор бұл ретте қаулыда көрсетілгеннен аз мерзім белгілей отырып, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді ұзартуды санкциялауы мүмкін. Прокурор жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыруға қажеттілік болмаған кезде оны санкциялаудан бас тартады және жасырын тергеу әрекеті тоқтатылады.

      3. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізудің жалпы жүргізу мерзімін облыс прокуроры немесе оған теңестірілген прокурор алты айға дейін ұзартуы мүмкін. Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін одан әрі ұзартуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасарлары жүзеге асырады.

      4. Жасырын тергеу әрекеті тәуліктің кез келген уақытында және оның бүкіл жүргізілу мерзімі ішінде үздіксіз жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *